«KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің отырысына қатысқандар:
1. Ернат Құдайбергенұлы Бердіғұлов– «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы, «Самұрық-Қазына» АҚ өкілі.
2. Нұрлан Заманбекұлы Аханзарипов – «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі, Аға тәуелсіз директор.
3. Марат Тұрғанбекұлы Дұлқайыров– «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі, тәуелсіз директор.
4. Дамир Серікбайұлы Сүйентаев– «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі, тәуелсіз директор.
5. Қаныш Тәңірбергенұлы Молдабаев – «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі, «Самұрық-Қазына» АҚ өкілі.
6. Мирас Қапарғалиұлы Қияқов – «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі, «Самұрық-Қазына» АҚ өкілі.
7. Нәби Еркінұлы Айтжанов– «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі, «KEGOC» АҚ Басқарма төрағасы.
Директорлар кеңесінің 2024 жылғы 4 қазанда отырысында Директорлар кеңесінің 2017 жылғы 13 шілдедегі (№ 6 хаттама) шешімімен бекітілген, «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесі қабылдаған шешімдер бойынша мәселелер тізбесіне сәйкес, олар туралы ақпарат акционерлер мен инвесторлардың назарына жеткізілуі тиіс 1 (бір) мәселе қаралды.
1. «KEGOC» АҚ Басқарма мүшелерінің сандық құрамын, өкілеттік мерзімін айқындау және қайта сайлау туралы.
Директорлар кеңесі мынадай шешім қабылдады:
1. «KEGOC» АҚ Басқармасының құрамы 5 (бес) адам болып белгіленсін.
2. «KEGOC» АҚ Басқарма төрағасының өкілеттік мерзіміне сәйкес «KEGOC» АҚ Басқармасының өкілеттік мерзімі тұтастай алғанда 2026 жылғы 31 шілдеге дейін белгіленсін.
3. «KEGOC» АҚ Басқармасының келесі мүшелері осы шешімнің 2-тармағына сай өкілеттік мерзімге қайта сайлансын:
1) Бақытхан Медеғалиұлы Жазықбаев, Басқарма төрағасының орынбасары;
2) Сафуани Төлеген Есенқұлұлы, HR, құқықтық сүйемелдеу және тәуекелдер жөніндегі басқарушы директор;
3) Қонахбаева Эльвира Бахытқызы, Стратегия және тұрақты даму жөніндегі басқарушы директор;
4) Әкімбаева Айгүл Ермекбайқызы, Экономика және қаржы жөніндегі басқарушы директор.
3. Осы шешім 2024 жылғы 25 қарашадан бастап күшіне енеді.
4. «KEGOC» АҚ Басқарма төрағасы (Айтжанов Н.Е.) белгіленген тәртіппен осы шешімнен туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.
«ЖАҚ» - жеті;
«ҚАРСЫ» - жоқ;
«ҚАЛЫС ҚАЛДЫ» - жоқ.