«KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің отырысына қатысқандар:
1. Ернат Құдайбергенұлы Бердіғұлов – «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы, «Самұрық-Қазына» АҚ өкілі.
2. Нұрлан Заманбекұлы Аханзарипов – «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі, Аға тәуелсіз директор.
3. Марат Тұрғанбекұлы Дұлқайыров– «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі, тәуелсіз директор.
4. Дамир Серкбайұлы Сүентаев– «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі, тәуелсіз директор.
5. Қаныш Тәңірбергенұлы Молдабаев – «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі, «Самұрық-Қазына» АҚ өкілі.
6. Мирас Қапарғалиұлы Қияқов – «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі, «Самұрық-Қазына» АҚ өкілі.
7. Нәби Еркінұлы Айтжанов– «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі, «KEGOC» АҚ Басқарма төрағасы.
Директорлар кеңесінің 2024 жылғы 9 қарашадағы отырысында Директорлар кеңесінің 2017 жылғы 13 шілдедегі (№ 6 хаттама) шешімімен бекітілген, «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесі қабылдаған шешімдер бойынша мәселелер тізбесіне сәйкес, олар туралы ақпарат акционерлер мен инвесторлардың назарына жеткізілуі тиіс 2 (екі) мәселе қаралды.
1. «KEGOC» АҚ-ның 2024 жылғы 30 қыркүйекте аяқталған тоғыз айдағы аралық қаржылық есептемесін мақұлдау туралы.
Директорлар кеңесі осы шешімнің қосымшасына сай «KEGOC» АҚ-ның 2024 жылғы 30 қыркүйекте аяқталған тоғыз айдағы аралық қаржылық есептемесін мақұлдау туралы шешім қабылдады.
«ЖАҚ» - жеті;
«ҚАРСЫ» - жоқ;
«ҚАЛЫС ҚАЛДЫ» - жоқ.
2. «КЕGОС» АҚ ірі инвестициялық жобаларын іске асыру жөніндегі 2023 жылғы 3-тоқсандағы есепті назарға алу туралы.
Директорлар кеңесі «KEGOC» АҚ-ның 2024 жылғы 3-тоқсандағы ірі инвестициялық жобаларын іске асыру туралы есепті назарға алу туралы шешім қабылдады.
«ЖАҚ» - жеті;
«ҚАРСЫ» - жоқ;
«ҚАЛЫС ҚАЛДЫ» - жоқ.