Отырыстар

2025 жылғы 3 маусымда «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің күндізгі отырысы өтті

«KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің отырысына қатысқандар:

1.   Нұрлан Қаршығаұлы Жақыпов – «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы, «Самұрық-Қазына» АҚ өкілі.

2.   Нұрлан Заманбекұлы Аханзарипов – «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі, аға тәуелсіз директор.

3.   Марат Тұрғанбекұлы Дұлқайыров– «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі, тәуелсіз директор.

4.   Дамир Серікбайұлы Сүентаев– «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі, тәуелсіз директор.

5.   Қаныш Тәңірбергенұлы Молдабаев – «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі, «Самұрық-Қазына» АҚ өкілі.

6.   Мирас Қапарғалиұлы Қияқов – «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі, «Самұрық-Қазына» АҚ өкілі.

7.   Нәби Еркінұлы Айтжанов– «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі, «KEGOC» АҚ Басқарма төрағасы.

                              

Директорлар кеңесінің 2025 жылғы 3 маусымдағы отырысында Директорлар кеңесінің 2017 жылғы 13 шілдедегі (№ 6 хаттама) шешімімен бекітілген, «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесі қабылдаған шешімдер бойынша мәселелер тізбесіне сәйкес, олар туралы ақпарат акционерлер мен инвесторлардың назарына жеткізілуі тиіс 3 (үш) мәселе қаралды.

 

1. «KEGOC» АҚ 2024 жылғы жылдық есебін бекіту туралы.

Директорлар кеңесі мынадай шешім қабылдады:

1.   «KEGOC» АҚ-ның 2024 жылғы жылдық есебі бекітілсін.

2. «КЕGОС» АҚ Басқарма төрағасы (Н.Е. Айтжанов) осы шешімді іске асыруға байланысты қажетті шараларды қабылдасын.

«ЖАҚ» - жеті;

«ҚАРСЫ» - жоқ;

«ҚАЛЫС ҚАЛДЫ» - жоқ.

 

2. KEGOC» АҚ-ның 2025 жылғы 31 наурызда аяқталған кезең бойынша аралық қаржылық есептілігін мақұлдау туралы.

Директорлар кеңесі осы шешімнің қосымшасына сай «KEGOC» АҚ 2025 жылғы 31 наурызда аяқталған кезең үшін аралық қаржылық есептемесін мақұлдау туралы шешім қабылдады.

«ЖАҚ» - жеті;

«ҚАРСЫ» - жоқ;

«ҚАЛЫС ҚАЛДЫ» - жоқ.

 

3. «КЕGОС» АҚ ірі инвестициялық жобаларын іске асыру жөніндегі 2025 жылғы 1-тоқсандағы есепті назарға алу туралы.

Директорлар кеңесі осы шешімнің қосымшасына сәйкес 2025 жылғы                       1-тоқсандағы ірі инвестициялық жобаларды іске асыру жөніндегі есепті назарға алу туралы шешім қабылдады.

«ЖАҚ» - жеті;

«ҚАРСЫ» - жоқ;

«ҚАЛЫС ҚАЛДЫ» - жоқ.

Жедел желі

Кері байланыс

Көмекші