Отырыстар

2025 жылғы 1 шілдеде «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің күндізгі отырысы өтті

«KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің отырысына қатысқандар:

1.   Нұрлан Қаршығаұлы Жақыпов – «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы, «Самұрық-Қазына» АҚ өкілі.

2.   Нұрлан Заманбекұлы Аханзарипов – «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі, Аға тәуелсіз директор.

3.   Марат Тұрғанбекұлы Дұлқайыров – «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі, тәуелсіз директор.

4.   Дамир Серікбайұлы Сүентаев – «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі, тәуелсіз директор.

5.   Қаныш Тәңірбергенұлы Молдабаев – «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі, «Самұрық-Қазына» АҚ өкілі.

6.   Мирас Қапарғалиұлы Қияқов – «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі, «Самұрық-Қазына» АҚ өкілі.

7.   Нәби Еркінұлы Айтжанов – «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі, «KEGOC» АҚ Басқарма төрағасы.                              

Директорлар кеңесінің 2025 жылғы 1 шілдедегі отырысында Директорлар кеңесінің 2017 жылғы 13 шілдедегі (№ 6 хаттама) шешімімен бекітілген, «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесі қабылдаған шешімдер бойынша мәселелер тізбесіне сәйкес, олар туралы ақпарат акционерлер мен инвесторлардың назарына жеткізілуі тиіс 2 (екі) мәселе қаралды.

1.       «Батыс Қазақстанның энергия жүйесін Қазақстан БЭЖ-імен біріктіру. Электр желілік объектілерді салу» жобасы бойынша «KEGOC» АҚ мен «EIS Corporation» ЖШС-мен бірге құрамына «Building and construction» ЖШС, «Энергетика ғылыми-инжинирингтік орталығы» ЖШС кіретін консорциум арасындағы ірі мәміле бойынша шартқа қосымша келісім жасау туралы.

Директорлар кеңесі мынадай шешім қабылдады:

1. Осы шешімнің қосымшасына сай «Батыс Қазақстанның энергия жүйесін Қазақстан БЭЖ-імен біріктіру. Электр желілік объектілерді салу» жобасы бойынша «KEGOC» АҚ мен «EIS Corporation» ЖШС-мен бірге құрамына «Building and construction» ЖШС, «Энергетика ғылыми-инжинирингтік орталығы» ЖШС кіретін консорциум арасындағы ірі мәміле бойынша 2024 жылғы 9 қыркүйектегі №993656 2024/1/01-25-Д-687 шартқа қосымша келісім жасалсын.

2. «KEGOC» АҚ Басқарма төрағасы (Н.Е. Айтжанов) осы шешімді іске асыру үшін қажетті шараларды қабылдасын.

«ЖАҚ» - жеті;

«ҚАРСЫ» - жоқ;

«ҚАЛЫС ҚАЛДЫ» - жоқ.

2. «Н KEGOC АҚ-204-25-ДК «KEGOC» АҚ Адам құқықтары бойынша тәуекелдерді бағалау әдістемесі нұсқаулығын» бекіту туралы.

Директорлар кеңесі осы шешімнің қосымшасына сай «Н KEGOC АҚ-204-25-ДК «KEGOC» АҚ Адам құқықтары бойынша тәуекелдерді бағалау әдістемесі нұсқаулығын» бекіту туралы шешім қабылдады.

«ЖАҚ» - жеті;

«ҚАРСЫ» - жоқ;

«ҚАЛЫС ҚАЛДЫ» - жоқ.

 

Жедел желі

Кері байланыс

Көмекші