«KEGOC» АҚ Акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысының 2023 жылғы 31 шілдедегі (№32 хаттама) шешімімен «KEGOC» АҚ Басқарма төрағасы болып сайланды
Үлестес тұлға болып табылмайды
Туған күні: 11.09.1980 жылы туған, Қазақстан Республикасының азаматы
Білімі:
1997–2002жж. – С. Сейфуллин атындағы Ақмола аграрлық университеті, «Экономика және менеджмент» мамандығы
2011–2012жж. – Халықаралық бизнес академиясы, іскерлік әкімшілендіру магистрі
«KEGOC» АҚ акцияларына иелік етпейді
«KEGOC» АҚ-дағы функциялары: «KEGOC» АҚ қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асыру, компанияда еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, қоршаған ортаны қорғау талаптарын сақтау; компанияның экономикалық, техникалық және ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету, жоба портфелін басқару жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру
Еңбек қызметі:
2023 жылғы тамыздан бастап – «KEGOC» АҚ Басқарма төрағасы
2010-2023жж. – «Қазақстан коммуналдық жүйелері» ЖШС Бас директоры, Энергетикалық холдинг, Астана қ.
2012–2014жж. – «Караганда Энергоцентр» ЖШС Бас директоры, энергия өндіруші компания, Қарағанды қ.
2008–2010жж. – «Оңтүстік Жарық Транзит» ЖШС Бас директоры, аймақтық электр желілік компаниясы, Шымкент қ.
2006–2008жж. – «Энерго Сбыт» ЖШС Директоры, энергия өткізу компаниясы, Қарағанды қ.
2005–2006жж. – «Энергопоток» ЖШС Директорының орынбасары, директор, энергия өткізу компаниясы, Шымкент қ.
2004-2005жж. – «Қазақстан коммуналдық жүйелері» ЖШС корпоративтік даму бөлімінің жетекші маманы – бастығы, Алматы қ.
2003-2004жж. – «Түркістан Энерго» ЖШС коммерциялық диспетчерлендіру бөлімі бастығының орынбасары, Шымкент қ.
2002-2003жж. – «Кокшетау Энерго Сбыт» ЖШС жетекші инженері – электр энергиясын сату жөніндегі директоры, Көкшетау қ.
2001-2002жж. – «Кокшетау Энерго» ЖШС болжау-талдау орталығының маманы - жетекші инженері, Көкшетау қ.
Басқа лауазымдары:
– «Атамекен» Қазақстан Республикасы Ұлттық Кәсіпкерлер Палатасының Энергетика комитетінің мүшесі
– Қазақстандық электр энергетикалық қауымдастығының Директорлар кеңесінің мүшесі
– «KAZENERGY» Қазақстан мұнай-газ және энергетика кешені ұйымдарының қауымдастығы» ЗТБ кеңесінің мүшесі
– «Маңғыстау өңірлік электржелілік компаниясы» АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы
- «Қарағанды Энергоцентр» ЖШС Бақылау кеңесінің төрағасы
- «Қарағанды Жарық» ЖШС Бақылау кеңесінің төрағасы
- «Оңтүстік Жарық Транзит» ЖШС Бақылау кеңесінің төрағасы
- «Энергопоток» ЖШС Бақылау кеңесінің төрағасы
Наградалары және атақтары:
2011ж. – «ҚР тәуелсіздігіне 20 жыл» медалі
2011ж. – «ТМД еңбек сіңірген энергетигі» атағы
2016ж. – «Еңбегі сіңген энергетик. Қазақстан Электр энергетикалық Қауымдастығы» атағы
2016ж. – «ҚР тәуелсіздігіне 25 жыл» медалі
2018ж. – Қазақстан Республикасының «Құрмет» Ордені
2021ж. – «Халық алғысы» медалі