«KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің құрамына алғаш рет 2022 жылғы 18 шілдеде «KEGOC» АҚ Акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысының шешімімен (№ 28 хаттама) сайланды
Үлестес тұлға болып табылмайды
1984 жылы 15 қаңтарда Павлодар қаласында туған.
Қазақстан Республикасының азаматы, үйленген.
Білімі:
2001-2006 жылдары - Қазақ гуманитарлық-заң университеті (бұрынғы Қазақ Мемлекеттік Заң Академиясы), құқықтану мамандығы;
2006-2008 жылдары - Қазақ экономика, қаржы және халықаралық сауда университеті (бұрынғы Т. Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетінің филиалы), экономика бакалавры;
2012-2014 жылдары - Ресей халық шаруашылығы және мемлекеттік қызмет академиясы, инновациялық-технологиялық бизнес факультеті, МВА «Инновациялық және жобалық менеджмент», Москва қ.
2018-2020 жылдары - Ұлыбритания директорлар институты, IoD Chartered Director бағдарламасы, Лондон, кәсіби біліктілігі - Certificate, Diploma, Chartered.
Дамирдің 15 жылдық жұмыс тәжірибесі бар. Ол әр жылдары «Қазына» АҚ, «Самұрық-Қазына» АҚ, «Даму» АҚ, «Қазақстан инжиниринг» АҚ, «Атамекен» ҰКП, «Қайталама металлургия өнеркәсіпшілерінің Республикалық одағы» ЗТБ, Қазақ гуманитарлық-заң университеті және т.б.сияқты ұйымдарда әкімшілік және басқару позицияларын (менеджер, бас менеджер, департамент директоры, басқарушы директор, кеңесші) атқарған.
Дамир 10 жыл бойы «ҚазАгрогарант» АҚ, «Қазагромаркетинг» АҚ, «ЭҚРҚО» АҚ, «Орал «Зенит» зауыты» АҚ және т. б. Директорлар кеңесінің мүшесі, тәуелсіз директор, аудит, стратегия, тәуекелдер және кадрлар жөніндегі комитеттерінің төрағасы болды.
Қазіргі уақытта «Екібастұз ГРЭС-2» АҚ, «Қазақстандық тұрғын үй компаниясы» АҚ және т.б. тәуелсіз директоры болып табылады.
2015 жылдан бастап 2021 жылды қоса алғанда бизнес-қауымдастықты басқарды және жеке секторда жұмыс істеді, сондай-ақ Қазақстан машина жасаушылар одағының үйлестіру кеңесінің мүшесі болып табылады.
2021 жылдан бастап «Ұлттық сараптама және сертификаттау орталығы» АҚ президенті болып табылады.
2021 жылы Дамир Суентаев Ұлыбритания Директорлар институтының Chartered Director (расталған директор) жоғары кәсіби дәрежесіндегі алғашқы қазақстандық атанды.
Institute of directors, UK (1903 ж. құрылған) – Корольдік Хартия негізінде көшбасшылық тәжірибе, бизнестегі нәтижелер, жоғары білім және мінсіз іскерлік бедел негізінде директордың біліктілігін растауға құқығы бар әлемдегі жалғыз ұйым.
Chartered director бұл біліктіліктің 3-ші соңғы кезеңі (certificate және diploma-дан кейін), директордың жоғары кәсіби деңгейінің көрсеткіші.
2012-2013 жылдары ҚР Президенті жанындағы жастар саясаты жөніндегі кеңестің мүшесі болды.
2020 жылы Президенттік жастар кадрлық резервіне кіріп, рейтингте 300 қатысушының ішінен 4-ші орынды иеленді.
Дамир Қазақстан, Ресей тәуелсіз директорлар қауымдастығының, Қазақстанның Ішкі аудиторлар институтының мүшесі болып табылады, Украинаның Корпоративтік басқарудың кәсіби қауымдастығының тізіліміне кіреді.