Отырыстар

2021 жылғы 19 ақпанда «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің күндізгі отырысы өтті

«KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің отырысынабайланыстың техникалық құралдарын пайдалана отырып (бейнеконференция сеансы режимінде), қатысқандар:

1.   Сәтқалиев Алмасадам Маиданұлы - «KEGOC»АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы, Басқарушы директор - «Самұрық-Қазына» АҚ активтерді басқару жөніндегі дирекциясының басшысы.

2.   Тиесов Сүйіншлік Әмірхамзаұлы - «Самұрық-Қазына» АҚ өкілі, «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі.

3.   Егімбаева Жанна Дачерқызы - «Самұрық-Қазына» АҚ өкілі, «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі.

4.   Аханзарипов Нұрлан Заманбекұлы –«KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі,тәуелсіз директор.

5.   Доминик Фаш - «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі,Технопарк София АнтиполисДиректорлар кеңесінің мүшесі, «РТФ»ЖШҚ Директорлар кеңесінің төрағасы.

6.   Бекенов Жанбота Темірғалиұлы – «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі,тәуелсіз директор.

7.   Қажиев Бақытжан Төлеуқажыұлы - «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі,«KEGOC» АҚ Басқарма төрағасы.

Директорлар кеңесінің 2021 жылғы 19 ақпандағы отырысында 2 (екі) мәселе қаралды, Директорлар кеңесінің 2017 жылғы 13 шілдедегі шешімімен (№ 6 хаттама) бекітілген, олар туралы ақпарат акционерлер мен инвесторлардың назарына жеткізілуі тиіс, «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесі қабылдаған шешімдер бойынша мәселелер тізбесіне сәйкес, мына мәселелер бойынша ақпараттар жібереміз.

1.  KEGOC» АҚ Басқармасының өкілеттілігі мерзімін белгілеу туралы

«KEGOC» АҚ Басқарма төрағасынан басқа, «KEGOC» АҚ Басқармасының өкілеттік мерзімі,  1 (бір) жылға (2021 жылғы 24 ақпаннан бастап 2022 жылғы 24 ақпанға дейін) белгіленсін.

2.  2021 жылғы 24 ақпаннан бастап жалпы «KEGOC» АҚ Басқармасының өкілеттік мерзімі аяқталғанға дейін «KEGOC» АҚ Басқарма мүшелері болып мыналар сайлансын:

- Өндіріс жөніндегі басқарушы директорЖазықбаев Бакытхан Медеғалиұлы;

- Қаржы және есепке алу жөніндегі басқарушы директорБотабеков Айбек Төлеубекұлы;

- Құқықтық сүйемелдеу және тәуекелдер жөніндегі басқарушы директорСафуани Төлеген Есенқұлұлы;

- Стратегия және даму жөніндегі басқарушы директорНұрмағанбетов Жандос Демесінұлы.

3. Осы шешімнің 2-тармағында көрсетілген тұлғалардың қызметақыларының мөлшері «KEGOC» АҚ Басқарма төрағасы мен мүшелерінің қызметақыларының схемасына сәйкес белгіленсін (осы хаттаманың № 1 қосымшасы).

4. Осы шешімнің 2-тармағында көрсетілген тұлғаларға еңбекақы төлеу және сыйлықақы беру шарттары «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің 2019 жылғы 3 мамырдағы шешімімен (№4 хаттама) бекітілгенKEGOC Пр 00-313-19-СД «KEGOC» АҚ Басқарма Төрағасы мен Басқарма мүшелеріне, Корпоративтік хатшыға, Комплаенс-офицерге, Омбудсменге және Ішкі аудит қызметі қызметкерлеріне еңбекақы төлеу және сыйлықақы беру қағидасына сәйкес белгіленсін.

5. «KEGOC» АҚ Басқарма төрағасы (Қажиев Б.Т.) осы шешімнен туындайтын тиісті шараларды белгіленген тәртіппен қабылдасын.

«ЖАҚ» - жеті;

«ҚАРСЫ» - жоқ;

«ҚАЛЫС ҚАЛДЫ» - жоқ.

2.Олар бойынша шешімдерді Директорлар кеңесі қабылдайтын және «KEGOC» АҚ Акционерлерінің жалпы жиналысының айрықша құзыретіне жатпайтын мәселелер тізбесіне толықтырулар енгізу туралы мәселені қарау туралы.

Директорлар кеңесімынадай шешімдер қабылдады:

1.  Олар бойынша шешімдерді Директорлар кеңесі қабылдайтын және «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесі 2020 жылғы 30 қазандағы (№11 хаттама) бекіткен «KEGOC» АҚ Акционерлерінің жалпы жиналысының айрықша құзыретіне жатпайтын мәселелер тізбесі мынадай мазмұндағы 21 және 22-тармақтармен толықтырылсын:  

«21.«KEGOC» электр желілерін басқару жөніндегі Қазақстан компаниясы (Kazakhstan Electricity Grid Operating Company) акционерлік қоғамының Қаржылық старатегиясын бекіту;

22.«KEGOC» электр желілерін басқару жөніндегі Қазақстан компаниясы (Kazakhstan Electricity Grid Operating Company) акционерлік қоғамының облигацияларын ұстаушылардың жалпы жиналысы туралы ережені бекіту».

2.  «KEGOC» АҚ Басқарма төрағасы (Қажиев Б.Т.) осы шешімнен туындайтын тиісті шараларды қабылдасын.

«ЖАҚ» - жеті;

«ҚАРСЫ» - жоқ;

«ҚАЛЫС ҚАЛДЫ» - жоқ.


Тізімге қайту

Жедел желі

Кері байланыс