Отырыстар

2021 жылғы 19 наурызда «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің күндізгі отырысы өтті

«KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің отырысына техникалық байланыс құралдарын пайдаланып (бейнеконференцбайланыс сеансы режимінде) қатысқандар:

1.     Сәтқалиев Алмасадам Маиданұлы - «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы, «Самұрық-Қазына» АҚ Активтерді басқару жөніндегі Басқарушы директор.

2.     Тиесов Сүйіншілік Әмірхамзаұлы - «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі, «Самұрық-Қазына» АҚ өкілі.

3.     Егімбаева Жанна Дачерқызы - «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі, «Самұрық-Қазына» АҚ өкілі.

4.     Аханзарипов Нұрлан Заманбекұлы – «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі, тәуелсіз директор.

5.     Доминик Фаш - «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі, Технопарк София Антиполис Директорлар кеңесінің мүшесі, «РТФ» ЖШҚ Директорлар кеңесінің төрағасы.

6.     Бекенов Жанбота Темірғалиұлы – «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі, тәуелсіз директор.

7.     Қажиев Бақытжан Төлеуқажыұлы – «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі, «KEGOC» АҚ Басқарма төрағасы.

Директорлар кеңесінің 2021 жылғы 19 наруыздағы отырысында Директорлар кеңесінің 2017 жылғы 13 шілдедегі (№ 6 хаттама) шешімімен бекітілген «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесі қабылдаған шешімдер бойынша мәселелер тізбесіне сәйкес, олар туралы ақпарат акционерлер мен инвесторларға жеткізілуі тиіс 4 (төрт) мәселе қаралды. Мына мәселелер бойынша ақпарат жіберіп отырмыз.

1. «KEGOC» АҚ «Алматы ЖЭТ», «Орталық ЖЭТ», «Оңтүстік ЖЭТ» филиалдарында 220-500 кВ ӘЖ реконструкциялау» жобасының «Таңдау» кезеңіне көшу және ТЭН-ін әзірлеу туралы шешім қабылдау туралы.

Директорлар кеңесі мынадай шешімдер қабылдады:

1. «KEGOC» АҚ «Алматы ЖЭТ», «Орталық ЖЭТ», «Оңтүстік ЖЭТ» филиалдарында 220-500 кВ ӘЖ-ні реконструкциялау» жобасын «Таңдау» кезеңіне көшіру бекітілсін және алдын ала белгіленген параметрлерімен ТЭН-ін әзірлеуге кіріссін.

2. «KEGOC» АҚ Басқарма төрағасы (Б.Т. Қажиев) осы шешімнен туындайтын тиісті шараларды қабылдасын.

 «ЖАҚ» - жеті;

«ҚАРСЫ» - жоқ;

«ҚАЛЫС ҚАЛДЫ» - жоқ.

2. Ірі инвестициялық жобаларды іске асыру жөніндегі 2020 жылғы 4 тоқсандағы есепті қарау туралы.

Директорлар кеңесі Ірі инвестициялық жобаларды іске асыру туралы 2020 жылғы 4 тоқсандағы есепті назарға алу туралы шешім қабылдады.

«ЖАҚ» - жеті;

«ҚАРСЫ» - жоқ;

«ҚАЛЫС ҚАЛДЫ» - жоқ.

3. «KEGOC» АҚ 2020 жылғы 31 желтоқсандағы жай-күй бойынша және сол күні аяқталған жыл бойынша қаржылық есептемесін алдын ала бекіту, «KEGOC» АҚ Акционерлерінің жалпы жиналысына 2020 жылғы таза кірісті бөлу тәртібін және «KEGOC» АҚ бір жай акциясына есептегенде дивиденд мөлшерін ұсыну туралы.

Директорлар кеңесі мынадай шешімдер қабылдады:

1. «KEGOC» АҚ 2020 жылғы 31 желтоқсандағы жай-күй бойынша және сол күні аяқталған жыл бойынша қоса берілген қаржылық есептемесі (шоғырландырылған және жеке) алдын ала бекітілсін.

2. «KEGOC» АҚ Акционерлерінің жалпы жиналысының қарауына «KEGOC» АҚ 2020 жылғы 31 желтоқсандағы жай-күй бойынша және сол күні аяқталған жыл бойынша қаржылық есептемесін бекіту туралы» мәселе енгізілсін.

3. «KEGOC» АҚ Акционерлерінің жалпы жиналысына 19 502 495 736,10 (он тоғыз миллиард бес жүз екі миллион төрт жүз тоқсан бес мың жеті жүз отыз алты теңге он тиын) теңге көлеміндегі 2020 жылғы таза кірістің 73,9653757314725%-ын (2020 жылдың бірінші жартыжылдығының нәтижелері бойынша төленген дивидендтерді шегергенде) «KEGOC» АҚ жай акцияларының барлық ұстаушыларына бөлу ұсынылсын. Бұл бір акцияға есептегенде 75,01 (жетпіс бес теңге бір тиын) теңгені құрайды.

4.  «KEGOC» АҚ Басқарма төрағасы (Б.Т. Қажиев) осы шешімнен туындайтын тиісті шараларды қабылдасын.

«ЖАҚ» - жеті;

«ҚАРСЫ» - жоқ;

«ҚАЛЫС ҚАЛДЫ» - жоқ.

4. «KEGOC» АҚ Акционерлерінің жылдық жалпы жиналысын аралас дауыс беру нысанын қолдана отырып шақыру туралы.

Директорлар кеңесі мынадай шешімдер қабылдады:

1. «KEGOC» АҚ Акционерлерінің жылдық жалпы жиналысы аралас дауыс беру нысанын қолдана отырып, Нұр-Сұлтан қаласы, Тәуелсіздік даңғылы, 59-ғимарат мекенжайы бойынша 2021 жылғы 27 сәуірде 11 сағат 30 минутта шақырылсын.

2. Сырттай дауыс беру үшін бюллетендерді ұсынудың басталатын күні 2021 жылғы 18 сәуірге белгіленсін.

3. Сырттай дауыс беру үшін бюллетендерді ұсынудың соңғы күні 2021 жылғы 27 сәуірге белгіленсін.

4. «KEGOC» АҚ Акционерлерінің кезектен тыс қайталама жалпы жиналысының өткізілетін күні («KEGOC» АҚ Акционерлерінің бірінші кезектен тыс жалпы жиналысында кворум болмаған жағдайда) 2021 жылғы 28 сәуір, 11 сағат 30 минутқа, осы шешімнің 1-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша белгіленсін.

5. Дауыс беру нәтижелерін есептеу күні 2020 жылғы 27 сәуірге белгіленсін.

6. «KEGOC» АҚ Акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысының күн тәртібіне мына мәселелер енгізілсін:

- «KEGOC» АҚ 2019 жылғы жылдық қаржылық есептемесін, таза кірісті бөлу тәртібін, жай акциялары бойынша дивиденттер төлеу және «KEGOC» АҚ бір жай акциясына есептегенде дивидент көлемін бекіту туралы;

- «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің сандық құрамын, уәкілеттік мерзімін белгілеу, оның мүшелері мен төрағасын сайлау, сонымен қатар «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің мүшелеріне өз міндеттерін атқарғаны үшін сыйлықақы төлеу және шығындарын өтеу мөлшерін белгілеу туралы;

- акционерлердің «KEGOC» АҚ және оның лауазымды тұлғаларының әрекеттеріне қатысты өтініштері мен оларды қарастыру қорытындылары туралы туралы.

7.  «KEGOC» АҚ Басқарма төрағасы (Б.Т. Қажиев) осы шешімнен туындайтын тиісті шараларды қабылдасын.

«ЖАҚ» - жеті;

«ҚАРСЫ» - жоқ;

«ҚАЛЫС ҚАЛДЫ» - жоқ.

5. Акционерлердің «KEGOC» АҚ және оның лауазымды тұлғаларының әрекеттеріне қатысты өтініштері мен оларды қарастыру қорытындылары туралы мәселені алдын ала қарастыру туралы.

Директорлар кеңесі мынадай шешімдер қабылдады:

1. Акционерлердің «KEGOC» АҚ және оның лауазымды тұлғаларының әрекеттеріне қатысты өтініштерінің жоқ екені туралы ақпарат назарға алынсын.

2. Берілген мәселе «KEGOC» АҚ Акционерлерінің жылдық жалпы жиналысының қарауына енгізілсін.

3. «KEGOC»  АҚ Басқарма төрағасы (Б.Т.Қажиев) осы шешімнен туындайтын тиісті шараларды қабылдасын.

«ЖАҚ» - жеті;

«ҚАРСЫ» - жоқ;

«ҚАЛЫС ҚАЛДЫ» - жоқ.


Тізімге қайту

Жедел желі

Кері байланыс