Отырыстар

2021 жылғы 27 сәуірде «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің күндізгі отырысы өтті

«KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің отырысына техникалық байланыс құралдарын пайдаланып (бейнеконференцбайланыс сеансы режимінде) қатысқандар:

1. Молдабаев Қаныш Тәңірбергенұлы - «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы,«Самұрық-Қазына» АҚ Энергетикалық және тау-кен активтері дирекциясының директоры.

2.  Тиесов Сүйіншлік Әмірхамзаұлы - «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі, «Самұрық-Қазына» АҚ өкілі.

3.  Егімбаева Жанна Дачерқызы - «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі, «Самұрық-Қазына» АҚ өкілі.

4.  Аханзарипов Нұрлан Заманбекұлы –«KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі, тәуелсіз директор.

5.  Бекенов Жанбота Темірғалиұлы – «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі, тәуелсіз директор.

6.  Қажиев Бақытжан Төлеуқажыұлы – «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі, «KEGOC» АҚ Басқарма төрағасы.

Директорлар кеңесінің 2021 жылғы 27 сәуірдегі  отырысында Директорлар кеңесінің 2017 жылғы 13 шілдедегі (№ 6 хаттама) шешімімен бекітілген «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесі қабылдаған шешімдер бойынша мәселелер тізбесіне сәйкес, олар туралы ақпарат акционерлер мен инвесторларға жеткізілуі тиіс 6 (алты) мәселе қаралды. Мына мәселелер бойынша ақпарат жіберіп отырмыз.

1. «KEGOC» АҚ 2020 жылғы жылдық есебін бекіту туралы»

Директорлар кеңесі мынадай шешімдер қабылдады:

1.«KEGOC» АҚ 2020 жылғы жылдық есебі бекітілсін.

2.«KEGOC» АҚ 2020 жылғы аудиттелген жылдық қаржылық есептемесі «KEGOC» АҚ Акционерлерінің жылдық жалпы жиналысы бекіткен «KEGOC» АҚ 2020 жылғы жылдық есебінің құрамына енгізілсін.

3. «КЕGОС» АҚ Басқарма төрағасы (Қажиев Б.Т.) осы шешімнен туындайтын тиісті шараларды қабылдасын.

«ЖАҚ» - алты;

«ҚАРСЫ» - жоқ;

«ҚАЛЫС ҚАЛДЫ» - жоқ.

2. Р СУР KEGOC 00-200-14-СД Тәуекелдерді басқару жүйесі нұсқаулығына өзгерістерді бекіту.

Директорлар кеңесі Р СУР KEGOC 00-200-14-СД Тәуекелдерді басқару жүйесі нұсқаулығына өзгерістерді бекіту шешімін қабылдады.

«ЖАҚ» - алты;

«ҚАРСЫ» - жоқ;

«ҚАЛЫС ҚАЛДЫ» - жоқ.

3.«KEGOC» АҚ Акционерлерінің жалпы жиналысына «KEGOC» АҚ аудитін жүзеге асыратын аудиторлық ұйымды белгілеуге қатысты ұсыныстар беру туралы.

Директорлар кеңесі «KEGOC» АҚ Акционерлерінің жалпы жиналысына «RSM Qazaqstan» ЖШС-ны «RSM Qazaqstan» ЖШС серіктестерінің  (Нарбаева А. және Эшонкулов Б.) тәуелсіздігімен байланысты мәселелер шешілген жағдайда ҚҚС-ны есепке алмағанда 103 773 401 (жүз үш миллион жеті жүз жетпіс үш мың төрт жүз бір) теңге көлеміндегі қызмет құнымен 2021-2023 жылдар бойынша «KEGOC» АҚ аудитін жүзеге асыратын аудиторлық ұйым ретінде белгілеу шешімін қабылдады.

«ЖАҚ» - алты;

«ҚАРСЫ» - жоқ;

«ҚАЛЫС ҚАЛДЫ» - жоқ.

4.«KEGOC» АҚ Комплаенс-офицері Г. Б. Аманбековтің 2019 жылғы мамырдың 13-інен бастап 2021 жылғы наурыздың 15-ін қоса алған кезеңдегі қызметі туралы, сонымен қатар  есепті «KEGOC» АҚ Комплаенс-офицерін тағайындау және уәкілеттік мерзімін, лауазымдық қызметақы мөлшерін белгілеу туралы.

Директорлар кеңесі мынадай шешімдер қабылдады:

1.«KEGOC» АҚ Комплаенс-офицері Г. Б. Аманбековтің 2019 жылғы мамырдың 13-інен бастап 2021 жылғы наурыздың 15-ін қоса алған кезеңдегі қызметі туралы есеп бекітілсін.

2. «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің 2019 жылғы 19 наурыздағы (№ 3 хаттама) шешімімен белгіленген уәкілеттік мерзімі 2021 жылғы 12 мамырда аяқталуына байланысты «KEGOC» АҚ Комплаенс-офицері лауазымындағы        Г.Б. Аманбековтің уәкілеттігі 2021 жылғы 12 мамырдан бастап тоқтатылсын.

3.«КЕGОС» АҚ Басқарма төрағасы (Қажиев Б.Т.) осы шешімнен туындайтын тиісті шараларды қабылдасын.

«ЖАҚ» - алты;

«ҚАРСЫ» - жоқ;

«ҚАЛЫС ҚАЛДЫ» - жоқ.

5. «KEGOC» АҚ Корпоративтік хатшысын тағайындау туралы.

Директорлар кеңесі мынадай шешімдер қабылдады:

1.  Ертай Бауыржанұлы Рамазанов «KEGOC» АҚ Корпоративтік хатшысы болып 2021 жылғы 27 сәуірден бастап «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің өкілеттік мерзіміне сәйкес келетін өкілеттік мерзіміне 3 (үш) жыл (2024 жылғы 28 сәуірге дейін) тағайындалсын.

2. «KEGOC» АҚ Корпоративтік хатшысы Е.Б. Рамазановтың лауазымдық қызметақысы белгіленген грейдке және «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің 2019 жылғы 30 қарашадағы шешімімен (№10 хаттама) бекітілген «KEGOC» АҚ Корпоративтік хатшысы, Комплаенс-офицері, Омбудсмені және Ішкі аудит қызметі қызметкерлерінің лауазымдық жалақыларының схемасына сәйкес белгіленсін.

3. «КЕGОС» АҚ Басқарма төрағасы (Қажиев Б.Т.) осы шешімнен туындайтын тиісті шараларды қабылдасын.

 «ЖАҚ» - алты;

«ҚАРСЫ» - жоқ;

«ҚАЛЫС ҚАЛДЫ» - жоқ.

6. «KEGOC» АҚ Акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысын шақыру туралы.

Директорлар кеңесі мынадай шешімдер қабылдады:

1. «KEGOC» АҚ Акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысы Нұр-Сұлтан қаласы, Алматы ауданы, Тәуелсіздік даңғылы, 59-ғимарат мекенжайы бойынша 2021 жылғы 31 мамыр 11 сағат 30 минутта шақырылсын.

2. «KEGOC» АҚ Акционерлерінің кезектен тыс қайталама жалпы жиналысы («KEGOC» АҚ Акционерлерінің кезектен тыс бірінші жалпы жиналысында кворум болмаған жағдайда) осы шешімнің 1-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша 2021 жылғы 1 маусым 11 сағат 30 минутқа белгіленсін.

3. «KEGOC» АҚ Акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысының күн тәртібіне  «KEGOC» АҚ аудитін жүзеге асыратын аудиторлық ұйымды және оның қызметіне ақы төлеу мөлшерін белгілеу туралы» мәселе енгізілсін.

4. «КЕGОС» АҚ Басқарма төрағасы (Қажиев Б.Т.) осы шешімнен туындайтын тиісті шараларды қабылдасын.

«ЖАҚ» - алты;

«ҚАРСЫ» - жоқ;

«ҚАЛЫС ҚАЛДЫ» - жоқ.


Тізімге қайту

Жедел желі

Кері байланыс