Отырыстар

2021 жылғы 17 мамырда «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің күндізгі отырысы өткізілді

«KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің отырысына техникалық байланыс құралдарын (бейнеконференция сеансы режимінде) пайдалана отырып, қатысты:

1.  Молдабаев Қаныш Тәңірбергенұлы - «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы, «Самұрық-Қазына» АҚ Энергетикалық және тау-кен активтері дирекциясының директоры.

2.  Тиесов Сүйншлік Әмірхамзаұлы - «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі, «Самұрық-Қазына» АҚ өкілі.

3.  Егімбаева Жанна Дачерқызы - «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі, «Самұрық-Қазына» АҚ өкілі.

4.  Аханзарипов Нұрлан Заманбекұлы – «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі, тәуелсіз директор.

5.  Бекенов Жанбота Темірғалиұлы – «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі, тәуелсіз директор.

6.  Қажиев Бақытжан Төлеуқажыұлы – «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі, «KEGOC» АҚ Басқарма төрағасы.

2021 жылғы 17 мамырда Директорлар кеңесінің отырысында Директорлар кеңесінің 2017 жылғы 13 шілдедегі шешімімен (№ 6 хаттама) бекітілген «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесі қабылдаған шешімдер бойынша мәселелер тізбесіне сәйкес акционерлер мен инвесторлардың назарларына жеткізілуі тиіс 1 (бір) мәселе қаралды, төмендегі мәселелер бойынша ақпаратты жолдаймыз.

1. Директорлар кеңесінің комитеттерін құру және комитеттердің мүшелерінің сандық құрамын, өкілеттік мерзімдерін белгілеу, «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы мен мүшелерін сайлау туралы.

Директорлар кеңесі мынадай шешімдер қабылдады: 

1. Мынадай комитеттер құрылсын:

1) «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің Аудит жөніндегі комитеті;

2) «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің Тағайындаулар және сыйақылар жөніндегі комитеті;

3) «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің Стратегиялық жоспарлау және корпоративтік басқару жөніндегі комитеті;

4) «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің Қауіпсіздік және еңбекті, қоршаған ортаны қорғау жөніндегі комитеті.

2. Осы шешімнің 1-тармағында көрсетілген әрбір комитеттің сандық құрамы  4 (төрт) адам болып белгіленсін.

3. Осы шешімнің 1-тармағында көрсетілген комитеттердің өкілеттік мерзімдері жалпы алғанда «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің өкілеттік мерзімдеріне сәйкес 2024 жылғы 26 сәуірге дейін белгіленсін.        

4. «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесі Аудит жөніндегі комитетінің құрамына:

1) тәуелсіз директор Бекенов Ж.Т. – Комитет төрағасы;

2) тәуелсіз директор Аханзарипов Н.З. – Комитет мүшесі;

3) Пирмаханов С.Б. – Комитет мүшесі, дауыс беру құқығынсыз сарапшы болып сайлансын.

5. «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесі Тағайындаулар және сыйақылар жөніндегі комитетінің құрамына:

1) тәуелсіз директор Аханзарипов Н.З. – Комитет төрағасы;

2) «Самұрық-Қазына» АҚ мүдделерін білдіруші Егімбаева Ж.Д. – Комитет мүшесі;

3) тәуелсіз директор Бекенов Ж.Т. – Комитет мүшесі;

4) Кәрімов Д.С. – Комитет мүшесі, дауыс беру құқығынсыз сарапшы болып сайлансын.

6. «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесі Стратегиялық жоспарлау және корпоративтік басқару жөніндегі комитетінің құрамына:

1) тәуелсіз директор Аханзарипов Н.З. – Комитет төрағасы;

2) «Самұрық-Қазына» АҚ мүдделерін білдіруші Тиесов С.А.   – Комитет мүшесі;

3) Кәрімов Д.С.  – Комитет мүшесі, дауыс беру құқығынсыз сарапшы болып сайлансын.

7. «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесі Қауіпсіздік және еңбекті, қоршаған ортаны қорғау жөніндегі комитетінің құрамына:

1) «Самұрық-Қазына» АҚ мүдделерін білдіруші Тиесов С.А. – Комитет төрағасы;

2) «Самұрық-Қазына» АҚ мүдделерін білдіруші Егімбаева Ж.Д. – Комитет мүшесі;

3) Кәрімов Д.С.  – Комитет мүшесі, дауыс беру құқығынсыз сарапшы болып сайлансын.

«ЖАҚ» - алты;

«ҚАРСЫ» - жоқ;

«ҚАЛЫС ҚАЛДЫ» - жоқ.


Тізімге қайту

Жедел желі

Кері байланыс