Отырыстар

2021 жылғы 20 тамызда «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің күндізгі отырысы өтті

2021 жылғы 20 тамызда «KEGOC» АҚ

Директорлар кеңесінің күндізгі отырысы өтті

 

«KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің отырысына техникалық байланыс құралдарын пайдалана отырып (бейнеконференция сеансы режимінде) қатысқандар:

1.              МолдабаевҚаныш Тәңірбергенұлы - «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы, «Самұрық-Қазын» АҚ энергетикалық және тау-кен активтері дирекциясының директоры.

2.              Тиесов Сүйіншілік Әмірхамзаұлы - «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі, «Самұрық-Қазына» АҚ өкілі.

3.              Егімбаева Жанна Дачерқызы - «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі, «Самұрық-Қазына» АҚ өкілі.

4. Аханзарипов Нұрлан Заманбекұлы – «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі, тәуелсіз директор.

5. Бекенов Жанбота Темірғалиұлы – «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі, тәуелсіз директор.

6. Ульф Вокурка – «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі, тәуелсіз директор.

7. Қажиев Бақытжан Төлеуқажыұлы – «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі, «KEGOC» АҚ Басқарма төрағасы.

 

        Директорлар кеңесінің 2021 жылғы 20 тамыздағы отырысында 2 (екі) мәселе қаралды, Директорлар кеңесінің 2017 жылғы 13 шілдедегі шешімімен (№ 6 хаттама) бекітілген, ол туралы ақпарат акционерлер мен инвесторлардың назарына жеткізілуі тиіс, «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесі қабылдаған шешімдер бойынша мәселелер тізбесіне сәйкес.

 

1. «KEGOC» АҚ Комплаенс-офицері туралы ережені жаңа редакцияда бекіту туралы.

Директорлар кеңесі мынадай шешімдер қабылдады:

1. «KEGOC» АҚ Комплаенс-офицері туралы ереже жаңа редакцияда бекітілсін.

2. «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің 2017 жылғы 7 қыркүйектегі шешімімен (№8 хаттама) бекітілген «KEGOC» АҚ Комплаенс-офицері туралы ереженің күші жойылды деп танылсын.

3. «KEGOC» АҚ Басқарма төрағасы (Қажиев Б.Т.) осы шешімнен туындайтын тиісті шараларды қабылдасын.

«ЖАҚ» - жеті;

«ҚАРСЫ» - жоқ;

«ҚАЛЫС ҚАЛДЫ» - жоқ.

 

2. «Директорлар кеңесі комитеттерін құру, мүшелерінің сандық құрамын, өкілеттік мерзімін белгілеу, «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесі төрағасы мен комитеттерінің мүшелерін сайлау туралы» мәселе бойынша

«KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің 2021 жылғы 17 мамырдағы шешіміне (№5 хаттама) өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы.

Директорлар кеңесі мынадай шешімдер қабылдады:

«KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің 2021 жылғы 17 мамырдағы (№5 хаттама) «Директорлар кеңесі комитеттерін құру, мүшелерінің сандық құрамын, өкілеттік мерзімін белгілеу, «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесі төрағасы мен комитеттерінің мүшелерін сайлау туралы» мәселе жөніндегі шешіміне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

1) 4-тармақ мына мазмұндағы 4) тармақшамен толықтырылсын:

«4)     тәуелсіз директор Ульфа Вокуркты – Комитет мүшесі етіп;»;

2) 6-тармақтың 1) тармақшасындағы «Аханзарипов Н. З.» деген сөздер «Ульф Вокурк» деген сөздермен ауыстырылсын;

3) 6-тармақ мына мазмұндағы 4) тармақшамен толықтырылсын:

«4)     тәуелсіз директор Н.З. Аханзариповты– Комитет мүшесі етіп;»;

4) 7-тармақтың 1) тармақшасындағы «Самұрық-Қазына» АҚ мүдделерінің өкілі С. А. Тиесовті» деген сөздер «тәуелсіз директор Ульф Вокуркты» деген сөздермен ауыстырылсын;

5) мынадай мазмұндағы 4) тармақшамен толықтырылсын:

«4) «Самұрық-Қазына» АҚ мүдделерінің өкілі С.А. Тиесовті – Комитет мүшесі етіп;».

«ЖАҚ» - жеті;

«ҚАРСЫ» - жоқ;

«ҚАЛЫС ҚАЛДЫ» - жоқ.

 


Тізімге қайту

Жедел желі

Кері байланыс