Отырыстар

2021 жылғы 19 тамызда «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің сырттай отырысы өтті

2021 жылғы 19 тамызда «KEGOC» АҚ

Директорлар кеңесінің сырттай отырысы өтті

 

Ұсынылған бюллетеньдерге сәйкес Директорлар кеңесі күн тәртібіндегі мәселелер бойынша мынадай шешімдер қабылдады.

 

       «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің 2021 жылғы 19 тамыздағы отырысында Директорлар кеңесінің 2017 жылғы 13 шілдедегі шешімімен (№ 6 хаттама) бекітілген «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесі қабылдаған шешімдер бойынша мәселелер тізбесіне сәйкес акционерлер мен инвесторлардың назарына жеткізілуі тиіс 2 (екі) мәселе қаралды, мына мәселелер бойынша ақпаратты жолдаймыз.   

 

1. 2021 жылғы 2-тоқсандағы ірі инвестициялық жобаларды іске асыру жөніндегі есепті қарау туралы.

Директорлар кеңесі мынадай шешім қабылдады:

1. 2021 жылғы 2-тоқсандағы ірі инвестициялық жобаларды іске асыру жөніндегі есеп назарға алынсын.

2. «KEGOC» АҚ Басқармасына (Қажиев Б.Т.) Директорлар кеңесінің мүшелеріне:

1) ҚР Энергетика министрлігінің 19.04.2021 №137 және ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу комитетінің 26.02.2021 №15-НҚ бірлескен бұйрығымен бекітілген өзгерістер енгізілген Инвестициялық бағдарламаның 2020 жылдан 2021 жылға ауыстырылған объектілері және олардың 2021 жылы орындалуы бойынша;

2) салыстырмалы кесте түрінде «Қазақстан БЭЖ-і Батыс аймағының электр желісін күшейту» жобасы транзитінің қолданыстағы және жобаланатын электр желілік объектілері арасындағы электр желілік объектілердің параметрлері, сонымен қатар қосалқы станциялардың ашық тарату құрылғыларындағы жабдықтың оқшаулағышы бойынша ақпаратты жұмыс тәртібінде жіберу тапсырылсын.

 

«ЖАҚ» - жеті;

«ҚАРСЫ» - жоқ;

«ҚАЛЫС ҚАЛДЫ» - жоқ.

 


Тізімге қайту

Жедел желі

Кері байланыс