Отырыстар

2021 жылғы 24 қыркүйекте «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің күндізгі көшпелі отырысы өтті

«KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің отырысына қатысқандар:

1.   Молдабаев Қаныш Тәңірбергенұлы - «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы, «Самұрық-Қазына» АҚ Энергетикалық және тау-кен активтері дирекциясының директоры.

2.   Тиесов Сүйіншлік Әмірхамзаұлы - «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі, «Самұрық-Қазына» АҚ өкілі.

3.   Егімбаева Жанна Дачерқызы - «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі, «Самұрық-Қазына» АҚ өкілі.

4.   Аханзарипов Нұрлан Заманбекұлы – «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі, тәуелсіз директор.

5.   Бекенов Жанбота Темірғалиұлы – «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі, тәуелсіз директор.

6.   Ульф Вокурка - «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі, тәуелсіз директор.

7.   Қажиев Бақытжан Төлеуқажыұлы – «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі, «KEGOC» АҚ Басқарма төрағасы.

 

Директорлар кеңесінің 2021 жылғы 24 қыркүйектегі отырысында Директорлар кеңесінің 2017 жылғы 13 шілдедегі (№ 6 хаттама) шешімімен бекітілген «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесі қабылдаған шешімдер бойынша мәселелер тізбесіне сәйкес, олар туралы ақпарат акционерлер мен инвесторларға жеткізілуі тиіс 5 (бес) мәселе қаралды.

 

1. 2021 жылғы 30 маусымдағы және сол күнмен аяқталған алты айдағы жай-күй бойынша «KEGOC» АҚ жартыжылдық қаржылық есептемесін алдын ала бекіту туралы, 2021 жылғы бірінші жартыжылдық бойынша «KEGOC» АҚ таза кірісін бөлу тәртібі және «KEGOC» АҚ бір акциясына есептегенде дивидент мөлшері туралы ұсыныстар.

Директорлар кеңесі мынадай шешімдер қабылдады:

1. 2021 жылғы 30 маусымдағы және сол күнмен аяқталған алты айдағы жай-күй бойынша «KEGOC» АҚ жартыжылдық қаржылық есептемесі алдын ала бекітілсін.

2. «KEGOC» АҚ Акционерлерінің жалпы жиналысының қарауына «2021 жылғы 30 маусымдағы және сол күнмен аяқталған алты айдағы жай-күй бойынша «KEGOC» АҚ жартыжылдық қаржылық есептемесін бекіту туралы, 2021 жылғы бірінші жартыжылдық бойынша «KEGOC» АҚ таза кірісін бөлу тәртібі, «KEGOC» АҚ жай акциялары бойынша дивиденттер төлеу және бір акциясына есептегенде дивидент мөлшерін бекіту туралы» мәселе енгізілсін.

3. «KEGOC» АҚ Акционерлерінің жалпы жиналысына 2021 жылғы бірінші жартыжылдық бойынша 22 027 082 239,20 (жиырма екі миллиард жиырма жеті миллион сексен екі мың екі жүз отыз тоғыз теңге 20 тиын) теңге көлеміндегі таза кірісінің 80,0070807807343%-ын, бір жай акцияға есептегенде 84,72 (сексен төрт теңге 72 тиын) теңге, «KEGOC» АҚ жай акцияларының барлық ұстаушыларына бөлу ұсынылсын.

4. «KEGOC» АҚ Басқарма төрағасы (Б.Т.Қажиев) осы шешімге қатысты тиісті шараларды қабылдасын.

«ЖАҚ» - жеті;

«ҚАРСЫ» - жоқ;

«ҚАЛЫС ҚАЛДЫ» - жоқ.

 

2. «KEGOC» АҚ Акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысын сырттай дауыс беру арқылы өткізу туралы.

Директорлар кеңесі мынадай шешімдер қабылдады:

1. «KEGOC» АҚ Акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысы сырттай дауыс беру арқылы 2021 жылғы 30 қазанда өткізілсін.

2. «KEGOC» АҚ Акционерлерінің жалпы жиналысына қатысуға құқығы бар акционерлердің тізімін жасау күнін 2021 жылғы 18 қазанға белгіленсін.

3. Сырттай дауыс беруге арналған бюллетеньдерді ұсыну басталатын күн 2021 жылғы 19 қазанға белгіленсін.

4. Сырттай дауыс беруге арналған бюллетеньдерді ұсыну аяқталатын күн 2021 жылғы 28 қазанға белгіленсін.

5. Сырттай дауыс беру нәтижелерін есептеу күні 2021 жылғы 29 қазанға белгіленсін.

6. «KEGOC» АҚ Акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысының күн тәртібіне «2021 жылғы 30 маусымдағы және сол күнмен аяқталған алты айдағы жай-күй бойынша «KEGOC» АҚ жартыжылдық қаржылық есептемесін бекіту туралы, 2021 жылғы бірінші жартыжылдық бойынша «KEGOC» АҚ таза кірісін бөлу тәртібі, «KEGOC» АҚ жай акциялары бойынша дивиденттер төлеу және бір акциясына есептегенде дивидент мөлшерін бекіту туралы шешім қабылдау туралы» мәселе енгізілсін.

7. «KEGOC» АҚ Басқарма төрағасы (Б.Т.Қажиев) осы шешімге қатысты тиісті шараларды қабылдасын.

«ЖАҚ» - жеті;

«ҚАРСЫ» - жоқ;

«ҚАЛЫС ҚАЛДЫ» - жоқ.

 

3. Комплаенс-офицерді тағайындау, оның өкілеттік мерзімін және лауазымдық жалақысының мөлшерін айқындау туралы.

Директорлар кеңесі мынадай шешімдер қабылдады:

1. Асқар Нұрланұлы Әміров 3 (үш) ай сынама кезеңімен «KEGOC» АҚ Комплаенс-офицері лауазымына тағайындалсын.

2. «KEGOC» АҚ Комплаенс-офицерінің уәкілеттігі 2021 жылғы 1 қазаннан бастап 2023 жылғы 30 қыркүйекті қоса алған мерзімге белгіленсін.

 

3. «KEGOC» АҚ Комплаенс-офицеріне «KEGOC» АҚ Корпоративтік хатшысының, Комплаенс-офицерінің, Омбудсменінің және Ішкі аудит қызметі қызметкерлерінің лауазымдық жалақыларының схемасына сәйкес 748 600 (жеті жүз қырық сегіз мың алты жүз) теңге көлемінде лауазымдық қызметақы белгіленсін.

4. «KEGOC» АҚ Басқарма төрағасы (Б.Т.Қажиев) осы шешімге қатысты тиісті шараларды қабылдасын.

«ЖАҚ» - жеті;

«ҚАРСЫ» - жоқ;

«ҚАЛЫС ҚАЛДЫ» - жоқ.

 

4. Шешімдерін Директорлар кеңесі қабылдайтын және «KEGOC» АҚ Акционерлерінің жалпы жиналысының айрықша құзыретіне жатпайтын мәселелер тізбесіне толықтыру енгізу туралы.

Директорлар кеңесі мынадай шешімдер қабылдады:

«KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің 2019 жылғы 25 қазандағы шешімімен (№9 хаттама) бекітілген Шешімдерін Директорлар кеңесі қабылдайтын және «KEGOC» АҚ Акционерлерінің жалпы жиналысының айрықша құзыретіне жатпайтын мәселелер тізбесі келесі мазмұндағы 23 және 24-тармақтармен толықтырылсын:

«23. «2022 жылға арналған Бизнес-жоспардың (Даму жоспарының) бір бөлігі ретінде 2022 жылға арналған Ішкі аудит қызметінің және Комплаенс-офицердің (Аудит жөніндегі комитеттің ұсынымы бойынша), Корпоративтік хатшы мен Омбудсменнің (Тағайындаулар және сыйақылар жөніндегі комитеттің ұсынымы бойынша) бюджеттерін (жекелеген шығыстар сметаларын) мақұлдау.

24. «KEGOC» АҚ Стратегиялық емес активтердің тізбесін, стратегиялық емес активтерді шығарудың жол картасын бекіту.»

«ЖАҚ» - жеті;

«ҚАРСЫ» - жоқ;

«ҚАЛЫС ҚАЛДЫ» - жоқ.

 

5. Директорлар кеңесі мүшелерінің біліктілігін арттырудың 2021 жылға арналған жоспарын бекіту туралы.

Директорлар кеңесі Директорлар кеңесі мүшелерінің біліктілігін арттырудың 2021 жылға арналған жоспарын бекіту туралы шешім қабылдады.

«ЖАҚ» - жеті;

«ҚАРСЫ» - жоқ;

«ҚАЛЫС ҚАЛДЫ» - жоқ.

 

6. «Жаңартылатын энергия көздерін қолдау жөніндегі қаржы-есеп айырысу орталығы» ЖШС жарғылық капиталындағы «KEGOC» АҚ-ның 100% қатысу үлесін иеліктен шығару туралы шешім қабылдау туралы.

Директорлар кеңесі мынадай шешімдер қабылдады:

1.         Сыйға тарту шарты бойынша «KEGOC» АҚ-ға тиесілі «Жаңартылатын энергия көздерін қолдау жөніндегі қаржы-есеп айырысу орталығы» ЖШС-ның 100% қатысу үлесін белгіленген тәртіппен мемлекеттік меншікке өтеусіз беру (сыйға тарту) арқылы иеліктен шығарылсын.

2. Осы шешімнің 1-тармағы 05.06.2008 ж. №38647 кредиттік келісімнің VI «Жағымсыз салдар» бабы 6.13 «Активтерді сату, Бірігу» бөлімінің (а) тармағына сәйкес Еуропалық қайта құру және даму банкінің осындай тапсыруға жазбаша келісімін алғаннан кейін күшіне енеді..

3. «KEGOC» АҚ Басқарма төрағасы (Б.Т.Қажиев) осы шешімге қатысты тиісті шараларды қабылдасын.

«ЖАҚ» - жеті;

«ҚАРСЫ» - жоқ;

«ҚАЛЫС ҚАЛДЫ» - жоқ.

 

 


Тізімге қайту

Жедел желі

Кері байланыс