Отырыстар

2021 жылғы 22 қазанда «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің күндізгі отырысы өтті

«KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің отырысына техникалық байланыс құралдарын (бейне конференция сеансы режимінде) қолдана отырып, қатысқандар:

1.   Молдабаев Қаныш Тәңірбергенұлы - «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы, «Самұрық-Қазына» АҚ Энергетикалық және тау-кен активтері дирекциясының директоры.

2.   Тиесов Сүйіншілік Әмірхамзаұлы - «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі, «Самұрық-Қазына» АҚ өкілі.

3.   Егімбаева Жанна Дачерқызы - «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі, «Самұрық-Қазына» АҚ өкілі.

4.   Аханзарипов Нұрлан Заманбекұлы – «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі, тәуелсіз директор.

5.   Бекенов Жанбота Темірғалиұлы – «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі, тәуелсіз директор.

6.   Ульф Вокурка – «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі, тәуелсіз директор.

7.   Қажиев Бақытжан Төлеуқажыұлы – «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі, «KEGOC» АҚ Басқарма төрағасы.

 

       «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің 2021 жылғы 22 қазандағы отырысында Директорлар кеңесінің 2017 жылғы 13 шілдедегі шешімімен (№ 6 хаттама) бекітілген, «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесі қабылдаған шешімдер бойынша мәселелер тізбесіне сәйкес акционерлер мен инвесторлардың назарына жеткізілуі тиіс 1 (бір) мәселе қаралды.  

1.        «KEGOC» АҚ Акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысын шақыру туралы.

Директорлар кеңесі мынадай шешім қабылдады:

1. 2021 жылғы 24 қарашада 11 сағат 30 минутта Нұр-Сұлтан қаласы, Алматы ауданы, Тәуелсіздік даңғылы, 59-ғимарат мекенжайында «KEGOC» АҚ Акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысы сырттай дауыс беру нысанында шақырылсын.  

2. «KEGOC» АҚ Акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысы қайтадан өткізілетін уақыт («KEGOC» АҚ Акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысының бірінші отырысында кворум болмаған жағдайда) осы шешімнің 1-тармағында көрсетілген мекенжайда 2021 жылғы 26 қараша күнгі 11 сағат 30 минут болып белгіленсін.

3. «KEGOC» АҚ Акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысының күн тәртібіне мына мәселе енгізілсін:

- «KEGOC» АҚ-ның кейбір мәселелері туралы».

4. «KEGOC» АҚ Басқарма төрағасы (Қажиев Б.Т.) осы шешімнен туындайтын тиісті шараларды қабылдасын.

«ЖАҚ» - жеті;

«ҚАРСЫ» - жоқ;

«ҚАЛЫС ҚАЛДЫ» - жоқ.


Тізімге қайту

Жедел желі

Кері байланыс