Отырыстар

2021 жылғы 30 қарашада «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің күндізгі отырысы өтті

«KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің отырысына қатысқандар:

1. Тиесов Сүйіншілік Әмірхамзаұлы - «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы.

2. Егімбаева Жанна Дачерқызы - «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі, «Самұрық-Қазына» АҚ өкілі.

3. Аханзарипов Нұрлан Заманбекұлы – «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі, тәуелсіз директор.

4. Бекенов Жанбота Темірғалиұлы – «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі, тәуелсіз директор.

5. Ульф Вокурка – «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі, тәуелсіз директор.

6. Бердіғұлов Ернат Құдайбергенұлы «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі, «Самұрық-Қазына» АҚ өкілі.

7. Молдабаев Қаныш Тәңірбергенұлы - «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі, «KEGOC» АҚ Басқарма төрағасы.

 

«KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің 2021 жылғы 30 қарашадағы отырысында Директорлар кеңесінің 2017 жылғы 13 шілдедегі шешімімен (№ 6 хаттама) бекітілген «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесі қабылдаған шешімдер бойынша мәселелер тізбесіне сәйкес акционерлер мен инвесторлардың назарына жеткізілуі тиіс 3 (үш) мәселе қаралды, мына мәселе бойынша ақпаратты жолдаймыз.

 

1. «KEGOC» АҚ Акционерлерінің жалпы жиналысының қарауына П KEGOC ИД-215-19-ОСА «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесі туралы ережеге» өзгерістер мен толықтыруларды бекіту туралы мәселені шығару туралы

Директорлар кеңесі П KEGOC ИД-215-19-ОСА «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесі туралы ережеге» өзгерістер мен толықтыруларды бекіту туралы мәселені алдын ала мақұлдау және «KEGOC» АҚ Акционерлерінің жалпы жиналысының қарауына шығару туралы шешім қабылдады

«ЖАҚ» - жеті;

«ҚАРСЫ» - жоқ;

«ҚАЛЫС ҚАЛДЫ» - жоқ.

 

2. ПР KEGOC ИД-351-21-ОСА «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің құрамын құру, «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің мүшелеріне сыйақы мен шығыстарды өтеуді белгілеу және оларды «KEGOC» АҚ акционерлерінің жалпы жиналысының қарауына шығару қағидаларын» мақұлдау туралы»

Директорлар кеңесі ПР KEGOC ИД-351-21-ОСА «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің құрамын құру, «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің мүшелеріне сыйақы мен шығыстарды өтеуді белгілеу және оларды «KEGOC» АҚ акционерлерінің жалпы жиналысының қарауына шығару қағидаларын» алдын ала мақұлдау және «KEGOC» АҚ Акционерлерінің жалпы жиналысының қарауына шығару туралы шешім қабылдады.

«ЖАҚ» - жеті;

«ҚАРСЫ» - жоқ;

«ҚАЛЫС ҚАЛДЫ» - жоқ.

 

3. «KEGOC» АҚ Атқарушы дирекциясының ұйымдық құрылымын және қызметкерлерінің жалпы санын бекіту туралы

Директорлар кеңесі мынадай шешім қабылдады:

1. «KEGOC» АҚ Атқарушы дирекциясының ұйымдық құрылымы және «KEGOC» АҚ Атқарушы дирекциясы қызметкерлерінің жалпы саны 360 штат бірлігінде бекітілсін.

2. «KEGOC» АҚ Атқарушы дирекциясы қызметкерлерінің ұйымдық құрылымын және жалпы санын бекіту туралы» мәселе бойынша «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің 2020 жылғы 19 маусымдағы шешімінің (№6 хаттама) 1-тармағының және «KEGOC» АҚ Атқарушы дирекциясы қызметкерлерінің жалпы санын бекіту туралы» мәселе бойынша «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің 2020 жылғы 15 желтоқсандағы шешімінің (№13 хаттама) 1-тармағының күші жойылды деп танылсын.

3. Осы шешімнің 1, 2-тармақтары 2021 жылғы 2 желтоқсаннан бастап күшіне енеді.

4. «KEGOC» АҚ Басқарма төрағасы (Қ. Т. Молдабаев) осы шешімнен туындайтын, оның ішінде еңбек жағдайлары өзгеретін немесе лауазымдары қысқаратын қызметкерлерге қатысты Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасын сақтау жөніндегі қажетті шараларды қабылдасын.

«ЖАҚ» - жеті;

«ҚАРСЫ» - жоқ;

«ҚАЛЫС ҚАЛДЫ» - жоқ.

 

 


Тізімге қайту

Жедел желі

Кері байланыс