Отырыстар

2021 жылғы 21 желтоқсанда «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің күндізгі отырысы өтті

«KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің отырысына қатысқандар:

1. Тиесов Сүйіншілік Әмірхамзаұлы - «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы.

2. Егімбаева Жанна Дачерқызы - «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі, «Самұрық-Қазына» АҚ өкілі.

3. Аханзарипов Нұрлан Заманбекұлы – «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі, тәуелсіз директор.

4. Бекенов Жанбота Темірғалиұлы – «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі, тәуелсіз директор.

5. Ульф Вокурка – «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі, тәуелсіз директор.

6. Бердіғұлов Ернат Құдайбергенұлы «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі, «Самұрық-Қазына» АҚ өкілі.

7. Молдабаев Қаныш Тәңірбергенұлы - «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі, «KEGOC» АҚ Басқарма төрағасы.

 

 

«KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің 2021 жылғы 21 желтоқсандағы отырысында Директорлар кеңесінің 2017 жылғы 13 шілдедегі шешімімен (№ 6 хаттама) бекітілген «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесі қабылдаған шешімдер бойынша мәселелер тізбесіне сәйкес акционерлер мен инвесторлардың назарына жеткізілуі тиіс 4 (төрт) мәселе қаралды, мына мәселе бойынша ақпаратты жолдаймыз.

 

1. «KEGOC» АҚ-ның 2022-2031 жылдарға арналған даму стратегиясын бекіту туралы.

Директорлар кеңесі мынадай шешім қабылдады:

1. «KEGOC» АҚ-ның 2022-2031 жылдарға арналған даму стратегиясы бекітілсін.

2. Директорлар кеңесінің 2018 жылғы 24 тамыздағы шешімімен (№9 хаттама) бекітілген «KEGOC» АҚ-ның 2018-2028 жылдарға арналған даму стратегиясының күші жойылды деп танылсын.

3. «KEGOC» АҚ Басқарма төрағасы (Қ. Т. Молдабаев) белгіленген тәртіппен осы шешімнен туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.

«ЖАҚ» - жеті;

«ҚАРСЫ» - жоқ;

«ҚАЛЫС ҚАЛДЫ» - жоқ.

 

2. Басқарманың сандық құрамын, өкілеттік мерзімін белгілеу, Басқарма мүшелерінің өкілеттіктерін мерзімінен бұрын тоқтату және оның мүшелерін сайлау, «KEGOC» АҚ Басқарма мүшелерінің қызметақыларының мөлшерін белгілеу және «KEGOC»АҚ Басқарма төрағасы мен мүшелерінің қызметақыларының схемасын өзгертуді бекіту туралы.

Директорлар кеңесі мынадай шешім қабылдады:

1. «KEGOC» АҚ Басқармасының мына мүшелерінің өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылсын:

1) Жазықбаев Бақытхан Медеғалиұлы;

2) Ботабеков Айбека Төлеубекұлы;

3) Сафуани Төлеген Есенқұлұлы.

2. «KEGOC» АҚ Басқарма мүшесі Нұрмағанбетов Жандос Демесінұлының лауазымға тағайындалуына байланысты еңбек шартын бұзу туралы өтінішіне сәйкес, өкілеттігі 2021 жылғы 10 желтоқсаннан бастап мерзімінен бұрын тоқтатылсын (Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 59-бабы).

3. «KEGOC» АҚ Басқарма құрамының саны 5 (бес) мүше болып белгіленсін.

4. «KEGOC» АҚ Басқармасының өкілеттік мерзімі 2024 жылғы 25 қарашаға дейін белгіленсін.

5. «KEGOC» АҚ Басқармасының өкілеттік мерзімі аяқталғанға дейін «KEGOC» АҚ-ның мына қызметкерлері «KEGOC» АҚ Басқарма мүшелері болып сайлансын:

1) Жазықбаев Бақытхан Медеғалиұлы, Басқарма төрағасының орынбасары;

2) Ботабеков Айбек Төлеубекұлы, Қаржы және есепке алу жөніндегі басқарушы директор;

3) Сафуани Төлеген Есенқұлұлы, Құқықтық сүйемелдеу және тәуекелдер жөніндегі басқарушы директор.

6. Директорлар кеңесінің 2016 жылғы 5 желтоқсандағы шешімімен (№13 хаттама) бекітілген «KEGOC» АҚ Басқарма төрағасы мен мүшелерінің қызметақыларының схемасына өзгерістер бекітілсін және осы шешімнің 5-тармағында көрсетілген тұлғалардың қызметақыларының мөлшері айқындалсын (осы хаттаманың № 9 қосымшасы).

7. «KEGOC» АҚ Басқарма төрағасы (Қ. Т. Молдабаев) белгіленген тәртіппен осы шешімнен туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.

 

«ЖАҚ» - жеті;

«ҚАРСЫ» - жоқ;

«ҚАЛЫС ҚАЛДЫ» - жоқ.

 

3. «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің сандық құрамын, өкілеттік мерзімін белгілеу, «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесі комитеттерінің төрағасы мен мүшелерін сайлау туралы» мәселе бойынша «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің 2021 жылғы 17 мамырдағы шешіміне (№5 хаттама) өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы.

Директорлар кеңесі мынадай шешім қабылдады:

1. Мынадай комитеттер құрылсын:

1) «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің Аудит жөніндегі комитет;

2) «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің Тағайындаулар және сыйақылар жөніндегі комитеті;

3) «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің Стратегиялық жоспарлау және корпоративтік басқару комитеті;

4) «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті, қоршаған ортаны қорғау комитеті.

2. Осы шешімнің 1-тармағында көрсетілген әрбір комитеттің сандық құрамы 4 (төрт) адам болып белгіленсін.

3. Осы шешімнің 1-тармағында көрсетілген комитеттердің өкілеттік мерзімі жалпы «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің өкілеттік мерзіміне сәйкес 2024 жылғы 26 сәуірге дейін белгіленсін.

4. «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің Аудит жөніндегі комитетінің құрамына мыналар сайлансын:

1)   тәуелсіз директор Бекенов Ж.Т. – Комитет төрағасы;

2)   тәуелсіз директор Аханзарипов Н.З. – Комитет мүшесі;

3)   тәуелсіз директор Ульф Вокурка – Комитет мүшесі;

4)   Пірмаханов С.Б. – Комитет мүшесі, сарапшы, дауыс беру құқығынсыз.

5. «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің Тағайындаулар және сыйақылар жөніндегі комитетінің құрамына мыналар сайлансын:

1)   тәуелсіз директор Аханзарипов Н.З. – Комитет төрағасы;

2)   тәуелсіз директор Бекенов Ж.Т. – Комитет мүшесі;

3) «Самұрық-Қазына» АҚ мүдделерінің өкілі Егімбаева Ж.Д. – Комитет мүшесі;

4)   Каримов Д.С. – Комитет мүшесі, сарапшы, дауыс беру құқығынсыз.

6. «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің Стратегиялық жоспарлау және корпоративтік басқару жөніндегі комитетінің құрамына мыналар сайлансын:

1) тәуелсіз директор Ульф Вокурка – Комитет төрағасы;

2) тәуелсіз директор Аханзарипов Н.З. – Комитет мүшесі;

3) «Самұрық-Қазына» АҚ мүдделерінің өкілі Бердіғұлов Е.К. – Комитет мүшесі;

4)   Каримов Д.С. – Комитет мүшесі, сарапшы, дауыс беру құқығынсыз.

7. «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесі Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті, қоршаған ортаны қорғау комитетінің құрамына сайлансын:

1)   тәуелсіз директор Ульф Вокурка – Комитет төрағасы;

2) «Самұрық-Қазына» АҚ мүдделерінің өкілі Егімбаева Ж.Д. – Комитет мүшесі;

3) «Самұрық-Қазына» АҚ мүдделерінің өкілі Бердіғұлов Е.К. –– Комитет мүшесі;

4)   Каримов Д.С. – Комитет мүшесі, сарапшы, дауыс беру құқығынсыз.

8. «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің 2021 жылғы 17 мамырдағы (№5 хаттама) күн тәртібінің «Директорлар кеңесі комитеттері мүшелерінің сандық құрамын, өкілеттік мерзімін құру және белгілеу, «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесі комитеттерінің төрағасы мен мүшелерін сайлау туралы» шешімінің күші жойылды деп танылсын.

«ЖАҚ» - жеті;

«ҚАРСЫ» - жоқ;

«ҚАЛЫС ҚАЛДЫ» - жоқ.

 

4. Шешімдерін Директорлар кеңесі қабылдайтын және «KEGOC» АҚ Акционерлерінің жалпы жиналысының айрықша құзыретіне жатпайтын мәселелер тізбесіне өзгерістер енгізу туралы.

Директорлар кеңесі мынадай шешім қабылдады:

1. «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесі 2019 жылғы 25 қазандағы (№9 хаттама) бекіткен «KEGOC» АҚ Акционерлерінің жалпы жиналысының айрықша құзыретіне жатпайтын мәселелер тізбесінің 16-тармағы мына редакцияда жазылсын:

«16.   Трансформациялау бағдарламасының іске асырылу барысы туралы есептерді тоқсан сайынғы негізде қарау, сонымен қатар Трансформациялау бағдарламасының іске асырылу барысына бағалау жүргізу.

17.     «KEGOC» АҚ Бизнесті трансформациялау бағдарламасын және оның Жол картасын бекіту, сонымен қатар оларға өзгерістер мен толықтырулар енгізу.».

2. «KEGOC» АҚ Басқарма төрағасы (Қ. Т. Молдабаев) белгіленген тәртіппен осы шешімнен туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.

«ЖАҚ» - жеті;

«ҚАРСЫ» - жоқ;

«ҚАЛЫС ҚАЛДЫ» - жоқ.

 


Тізімге қайту

Жедел желі

Кері байланыс