Отырыстар

2022 жылғы 01 ақпандағы «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің күндізгі отырысы өтті

2022 жылғы 1 ақпанда «KEGOC» АҚ

Директорлар кеңесінің күндізгі отырысы өтті

 

«KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің отырысына қатысқандар: байланыстың техникалық құралдарын пайдалана отырып (бейнеконференция сеансы режимінде), қатысқандар:

1.   Тиесов Сүйіншілік Әмірхамзаұлы - «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы.

2.   Егімбаева Жанна Дачерқызы - «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі, «Самұрық-Қазына» АҚ өкілі.

3.   Аханзарипов Нұрлан Заманбекұлы – «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі, тәуелсіз директор.

4.   Бекенов Жанбота Темірғалиұлы – «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі, тәуелсіз директор.

5.   Ульф Вокурка – «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі, тәуелсіз директор.

6.   Бердіғұлов Ернат Құдайбергенұлы «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі, «Самұрық-Қазына» АҚ өкілі.

7.   Молдабаев Қаныш Тәңірбергенұлы - «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі, «KEGOC» АҚ Басқарма төрағасы.

 

«KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің 2022 жылғы 1 ақпандағы отырысында Директорлар кеңесінің 2017 жылғы 13 шілдедегі шешімімен (№ 6 хаттама) бекітілген «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесі қабылдаған шешімдер бойынша мәселелер тізбесіне сәйкес акционерлер мен инвесторлардың назарына жеткізілуі тиіс 5 (бес) мәселе қаралды.

 

1.   «КЕGОС» АҚ Стратегия, тұрақты даму және цифрлық трансформациялау жөніндегі басқарушы директорын «KEGOC» АҚ Басқарма мүшесі етіп сайлау және қызметақы мөлшерін белгілеу туралы.

Директорлар кеңесі мынадай шешім қабылдады:

1. Жалпы «KEGOC» АҚ Басқармасының өкілеттік мерзімі аяқталғанға дейін «KEGOC» АҚ Басқарма мүшесі болып «КЕGОС» АҚ Стратегия, тұрақты даму және цифрлық трансформациялау жөніндегі басқарушы директоры Қонахбаева Эльвира Бақытқызы сайлансын.

2. Директорлар кеңесінің 2016 жылғы 5 желтоқсандағы шешімімен (№13 хаттама) бекітілген «KEGOC» АҚ Басқарма төрағасы мен мүшелерінің қызметақыларының схемасына сәйкес Э.Б.Қонахбаеваға қызметақы мөлшері белгіленсін.

3. «KEGOC» АҚ Басқарма төрағасы (Қ. Т. Молдабаев) белгіленген тәртіппен осы шешімнен туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.

«ЖАҚ» - жеті;

«ҚАРСЫ» - жоқ;

«ҚАЛЫС ҚАЛДЫ» - жоқ.

 

2.   2022 жылға арналған жабдыққа жедел және пайдалану қызметін көрсету жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыруға арналған шарттарға қол қою арқылы жасалуында мүдделілік бар мәмілелер жасасу туралы.

Директорлар кеңесі мынадай шешім қабылдады:

1. «KEGOC» АҚ белгіленген тәртіппен, жасалуында «КЕGОС» АҚ-ның мүдделілігі бар мәмілелерді мына шарттарды жасау арқылы жасассын:

1) «KEGOC» АҚ «Ақтөбе ЖЭТ» филиалы мен «Батыс транзит» АҚ арасында 500 кВ «Өлке» ҚС-ның 220 кВ АТҚ-сында орнатылған «Батыс транзит» АҚ жабдығына және 220 кВ «Өлке-Қазхром 1» және «Өлке-Қазхром 2» ӘЖ электр жеткізу желілеріне пайдалану қызметін көрсету жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыруға;

2) «KEGOC» АҚ «Ақтөбе ЖЭТ» филиалы мен «Батыс транзит» АҚ арасында 500 кВ «Өлке» ҚС-ның 500 кВ АТҚ-сында орнатылған «Батыс транзит» АҚ жабдығына және 500кВ «Жітіқара-Өлке» ӘЖ электр жеткізу желісіне пайдалану қызметін көрсету жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыруға;

3) «KEGOC» АҚ «Сарыбай ЖЭТ» филиалы мен «Батыс транзит» АҚ арасында 500 кВ «Жітіқара» ҚС-ның 500 кВ АТҚ-сынқа орнатылған «Батыс транзит» АҚ жабдығына және 500кВ «Жітіқара-Өлке» ӘЖ электр жеткізу желісіне пайдалану қызметін көрсету жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыруға;

4) «KEGOC» АҚ «Батыс ЖЭТ» филиалы мен «Каспий Құбыр Консорциумы-К» ЖШС арасында 220 кВ «Атырау» ҚС-да (220 кВ 2 ұяшық) орнатылған «Каспий Құбыр Консорциумы-К» ЖШС жабдығына пайдалану қызметін көрсету жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыруға;

5) «KEGOC» АҚ «Батыс ЖЭТ» филиалы мен «Теңізшевройл» ЖШС арасында 220кВ «Құлсары» ҚС-да (10 кв 2 ұяшық) орнатылған «Теңізшевройл» ЖШС жабдығына пайдалану қызметін көрсету бойынша жұмыстарды ұйымдастыруға;

6) «KEGOC» АҚ «Орталық ЖЭТ» филиалы мен «Қазақстан-Қытай Құбыры» ЖШС арасында 220кВ «Балқаш» ҚС-да (110кВ 2 ұяшық) орнатылған «Қазақстан-Қытай Құбыры» ЖШС жабдығына пайдалану қызметін көрсету жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыруға;

7) «KEGOC» АҚ «Орталық ЖЭТ» филиалы мен «Қазақстан-Қытай Құбыры» ЖШС арасында 500кВ «Ағадыр» ҚС-да орнатылған «Қазақстан-Қытай Құбыры» ЖШС жабдығына пайдалану қызметін көрсету бойынша жұмыстарды ұйымдастыруға (Т-2 трансформаторы, 220кВ 1 ұяшық, 35 кВ 6 ұяшық, 10 кВ 5 ұяшық);

8) «KEGOC» АҚ «Орталық ЖЭТ» филиалы мен «ПетроҚазақстан Құмкөл Ресорсиз» АҚ арасында 220кВ «Құмкөл» ҚС-да орнатылған «ПетроҚазақстан Құмкөл Ресорсиз» АҚ жабдығына пайдалану қызметін көрсету жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыруға (2 ұяшық 110 кВ және 2 ұяшық 6 кВ);

9) «KEGOC» АҚ«Орталық ЖЭТ» филиалы мен «Қазгермұнай БК» ЖШС арасында 220кВ «Құмкөл» ҚС-да (6 кв 2 ұяшық) орнатылған «Қазгермұнай БК» ЖШС жабдығына пайдалану қызметін көрсету жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыруға;

10) «КЕGОС» АҚ «Оңтүстік ЖЭТ» филиалы мен «Катко» Қазақстан-француз бірлескен кәсіпорны» ЖШС арасында 220кВ «Шолақ-Қорған» ҚС-да (110кВ 2 ұяшық) орнатылған жабдықтарға жедел және пайдалану қызметін көрсету бойынша жұмыстарды ұйымдастыруға.

2. «KEGOC» АҚ Басқарма төрағасы (Қ. Т. Молдабаев) белгіленген тәртіппен осы шешімнен туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.

«ЖАҚ» - жеті;

«ҚАРСЫ» - жоқ;

«ҚАЛЫС ҚАЛДЫ» - жоқ.

 

3. KEGOC АҚ Акционерлерінің жалпы жиналысының қарауына «KEGOC» АҚ қаржы тұрақтылығы коэффициенттерінің шекті және нысаналы мәндерін белгілеу туралы» мәселені шығару туралы.

Директорлар кеңесі «KEGOC» АҚ Акционерлерінің жалпы жиналысына «KEGOC» АҚ қаржы тұрақтылығы коэффициенттерінің шекті және нысаналы мәндерін белгілеу туралы» мәселені алдын ала мақұлдауға және қарауға шығару туралы шешім қабылдады.

«ЖАҚ» - жеті;

«ҚАРСЫ» - жоқ;

«ҚАЛЫС ҚАЛДЫ» - жоқ.

 

4.   «KEGOC» АҚ Акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысын шақыру туралы.

Директорлар кеңесі мынадай шешім қабылдады:

1. Акционерлердің кезектен тыс жалпы жиналысы 2022 жылғы «10» наурызда 11 сағат 30 минутта Қазақстан Республикасы, Нұр-Сұлтан қаласы, Алматы ауданы, Тәуелсіздік даңғылы, 59-ғимарат мекенжайы бойынша шақырылсын.

2. Акционерлердің кезектен тыс қайталама жалпы жиналысының күні («KEGOC» АҚ Акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысының бірінші отырысында кворум болмаған жағдайда) 2022 жылғы 11 наурызда 11 сағат 30 минутта осы шешімнің 1-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша белгіленсін.

3. «KEGOC» АҚ Акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысының күн тәртібіне мына мәселелер енгізілсін:

1) «KEGOC» АҚ қаржы тұрақтылығы коэффициенттерінің шекті және нысаналы мәндерін белгілеу туралы»;

2) П KEGOC ИД-215-19-ОСА «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесі туралы ережеге» өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы;

3) ПР KEGOC ИД-351-21-ОСА «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің құрамын қалыптастыру, «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің мүшелеріне сыйақы төлеу мен шығыстарын өтеуді белгілеу қағидасын» бекіту туралы.

4. «KEGOC» АҚ Басқарма төрағасы (Қ. Т. Молдабаев) белгіленген тәртіппен осы шешімнен туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.

«ЖАҚ» - жеті;

«ҚАРСЫ» - жоқ;

«ҚАЛЫС ҚАЛДЫ» - жоқ.

 

5. «KEGOC» АҚ Ішкі аудит қызметінің операциялық және қаржылық аудит бөлімінің аудиторын тағайындау және оның қызметақысын белгілеу туралы.

Директорлар кеңесі мынадай шешім қабылдады:

1. Сатымбеков Әсет Салтанатұлы «KEGOC» АҚ Ішкі аудит қызметінің операциялық және қаржылық аудит бөлімінің аудиторы лауазымына үш ай сынақ мерзімімен тағайындалсын.

2. «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің 2019 жылғы 30 қарашадағы шешімімен (№10 хаттама) бекітілген «KEGOC» АҚ Ішкі аудит қызметі қызметкерлерінің, Комплаенс-офицерінің, Омбудсменінің және Корпоративтік хатшысының қызметақыларының схемасына сәйкес Ішкі аудит қызметінің операциялық және қаржылық аудит бөлімі аудиторының қызметақысы 325 300 (үш жүз жиырма бес мың үш жүз) теңге мөлшерінде белгіленсін.

3. «KEGOC» АҚ Басқарма төрағасы (Қ. Т. Молдабаев) белгіленген тәртіппен осы шешімнен туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.

«ЖАҚ» - жеті;

«ҚАРСЫ» - жоқ;

«ҚАЛЫС ҚАЛДЫ» - жоқ.

 



Тізімге қайту

Жедел желі

Кері байланыс