Отырыстар

2022 жылғы 20 сәуірде «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің күндізгі отырысы өткізілді

«KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің отырысына қатысқандар (техникалық байланыс құралдарын қолдана отырып (бейне конференция сеансы режимінде):

1.   Бердіғұлов Ернат Құдайбергенұлы – «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы, «Самұрық-Қазына» АҚ өкілі.

2.   Бекенов Жанбота Темірғалиұлы – «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі, тәуелсіз директор.

3.   Аханзарипов Нұрлан Заманбекұлы – «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі, тәуелсіз директор.

4.   Ульф Вокурка – «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі, тәуелсіз директор.

5.   Репин Алексей Юрьевич – «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы.

6.   Жамиев Алмат Күнжолұлы - «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі, «Самұрық-Қазына» АҚ өкілі.

7.   Молдабаев Қаныш Тәңірбергенұлы – «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі, «KEGOC» АҚ Басқарма төрағасы.

2022 жылғы 20 сәуірде Директорлар кеңесінің отырысында Директорлар кеңесінің 2017 жылғы 13 шілдедегі шешімімен (№ 6 хаттама) бекітілген «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесі қабылдаған шешімдер бойынша мәселелер тізбесіне сәйкес ақпарат акционерлер мен инвенсторлардың назарына жеткізілетін 8 (сегіз) мәселе қаралды.   

1.   «KEGOC» АҚ 2021 жылғы 31 желтоқсандағы жай-күй бойынша және сол күнге аяқталған жылғы қаржылық есебін алдын ала бекіту, «KEGOC» АҚ Акционерлерінің жалпы жиналысына «KEGOC» АҚ таза кірісін бөлу тәртібі жөнінде ұсынысу және «KEGOC» АҚ бір акциясына есептегенде 2021 жылғы дивидендтер мөлшері туралы.

Директорлар кеңесі шешім қабылдады:

1. «KEGOC» АҚ 2021 жылғы 31 желтоқсандағы жай-күй бойынша және сол күнге аяқталған жылғы қаржылық есептеме (шоғырландырылған және жекелеген) алдын ала бекітілсін.

2. «KEGOC» АҚ 2021 жылғы 31 желтоқсандағы жай-күй бойынша және сол күнге аяқталған жылғы қаржылық есептемені бекіту туралы» мәселе «KEGOC» АҚ Акционерлерінің жалпы жиналысының қарауына енгізілсін.

3. «KEGOC» АҚ Акционерлерінің жалпы жиналысына 13 220 929 318,50 теңге (он үш миллиард екі жүз жиырма миллион тоғыз жүз жиырма тоғыз мың үш жүз он сегіз теңге 50 тиын) мөлшеріндегі 2021 жылғы таза табыстың 66,9657088067554%-ын (2021 жылғы бірінші жарты жылдық нәтижесі бойынша төленген дивидендтерді алып тастағанда) «KEGOC» АҚ жай акцияларының барлық ұстаушыларына бөлуге ұсыныс берілсін. Бұл бір жай акцияға есептегенде 50, 85 теңгені (елу теңге 85 тиын) құрайды.

4. «KEGOC» АҚ Басқарма төрағасы (Молдабаев Қ.Т.) осы шешімнен туындайтын тиісті шараларды қабылдасын.

«ЖАҚ» - жеті;

«ҚАРСЫ» - жоқ;

«ҚАЛЫС ҚАЛДЫ» - жоқ.

2.   Акционерлердің «KEGOC» АҚ мен оның лауазымды тұлғаларының әрекетіне қатысты шағымы және оларды қарау қорытындылары жөніндегі мәселені «KEGOC» АҚ Акционерлерінің жалпы жиналысының қарауына шығару туралы.

Директорлар кеңесі шешім қабылдады:

1. Акционерлердің «KEGOC» АҚ мен оның лауазымды тұлғаларының әрекеттеріне қатысты шағымдарының болмауы туралы ақпарат назарға алынсын.

2. Аталған мәселе «KEGOC» АҚ Акционерлерінің жылдық жалпы жиналысының қарауына енгізілсін.

3. «KEGOC» АҚ Басқарма төрағасы (Молдабаев Қ.Т.) осы шешімнен туындайтын тиісті шараларды қабылдасын.

«ЖАҚ» - жеті;

«ҚАРСЫ» - жоқ;

«ҚАЛЫС ҚАЛДЫ» - жоқ.

3.     «KEGOC» АҚ Есеп комиссиясының құрамы туралы.

Директорлар кеңесі шешім қабылдады:

1. «KEGOC» АҚ Есеп комиссиясының құрамы туралы» мәселе «KEGOC» АҚ Акционерлерінің жалпы жиналысының қарауына шығарылсын.

2. «KEGOC» АҚ Есеп комиссиясын мына құрамда сайлау ұсынылсын:

1) Мейржанов Арман Мейржанұлы, Есеп комиссиясының төрағасы:

2) Имятов Олжас Жанатұлы, Есеп комиссиясының мүшесі;

3) Жүнісов Мұрат Қуантайұлы, Есеп комиссиясының мүшесі;

4) Молдыбаева Нұргүл Аллабергенқызы, Есеп комиссиясының мүшесі;

5) Смағұлова Айжан Арынқызы, Есеп комиссиясының мүшесі;

6) Дуабекова Айбике Сейлханқызы, Есеп комиссиясының мүшесі;

7) Жакеева Алмагүл Қадылбекқызы, Есеп комиссиясының мүшесі.

3. «KEGOC» АҚ Басқарма төрағасы (Молдабаев Қ.Т.) осы шешімнен туындайтын тиісті шараларды қабылдасын.

«ЖАҚ» - жеті;

«ҚАРСЫ» - жоқ;

«ҚАЛЫС ҚАЛДЫ» - жоқ.

4.                  «KEGOC» АҚ Акционерлерінің жылдық жалпы жиналысын шақыру туралы

Директорлар кеңесі шешім қабылдады:

1.   «KEGOC» АҚ Акционерлерінің жылдық жалпы жиналысы 2022 жылғы «26» мамырда 11 сағат 30 минутта Нұр-Сұлтан қаласы, Алматы ауданы, Тәуелсіздік даңғылы, 59-ғимарат мекенжайында күндізгі дауыс беру нысанында шақырылсын.

2.   «KEGOC» АҚ Акционерлерінің қайталама жылдық жалпы жиналысы өткізілетін күн («KEGOC» АҚ Акционерлерінің жылдық жалпы жиналысының бірінші отырысында кворум болмаған жағдайда) осы шешімнің 1-тармағында көрсетілген мекенжайда 2022 жылғы «27» мамырда 11 сағат 30 минутта өткізіледі деп белгіленсін.  

3.   «KEGOC» АҚ Акционерлерінің жылдық жалпы жиналысы отырысының күн тәртібіне мына мәселелер енгізілсін:

- «KEGOC» АҚ 2021 жылға жылдық қаржылық есептемесін, таза кірісті бөлу тәртібін бекіту, жай акциялар бойынша дивидендтер төлеу жөнінде шешім қабылдау және бір жай акцияға есептегенде дивидендтер мөлшерін бекіту туралы;

- «KEGOC» АҚ Есеп комиссиясының құрамы туралы;

- акционерлердің «KEGOC» АҚ мен оның лауазымды тұлғаларының әрекетіне қатысты шағымдары және оларды қарау қорытындылары туралы.

4. «KEGOC» АҚ Басқарма төрағасы (Молдабаев Қ.Т.) осы шешімнен туындайтын тиісті шараларды қабылдасын.

«ЖАҚ» - жеті;

«ҚАРСЫ» - жоқ;

«ҚАЛЫС ҚАЛДЫ» - жоқ.

5.   «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесі шешім қабылдайтын және «KEGOC» АҚ Акционерлерінің жалпы жиналысының айырықша құзыретіне жатпайтын мәселелер тізбесіне толықтырулар енгізу туралы   

Директорлар кеңесі шешім қабылдады:

«KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің 2019 жылғы 25 қазандағы шешімімен (№ 9 хаттама) бекітілген «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесі шешім қабылдайтын және «KEGOC» АҚ Акционерлерінің жалпы жиналысының айырықша құзыретіне жатпайтын мәселелер тізбесі мынадай мазмұндағы 25-тармақпен толықтырылсын:

«25. «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің аға тәуелсіз директорын сайлау, өкілеттік мерзімін белгілеу және оның өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату.».

«ЖАҚ» - жеті;

«ҚАРСЫ» - жоқ;

«ҚАЛЫС ҚАЛДЫ» - жоқ.

6.   «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің аға тәуелсіз директорын сайлау және өкілеттік мерзімдерін белгілеу туралы

«KEGOC» АҚ Директорлар кеңесі «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі, тәуелсіз директор Аханзарипов Нұрлан Заманбекұлын «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесі шешім қабылдаған күннен бастап жалпы алғанда «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің өкілеттік мерзімі біткенге дейінгі мерзімге «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің аға тәуелсіз директоры етіп тағайындау туралы шешім қабылдады.   

«ЖАҚ» - алты;

«ҚАРСЫ» - жоқ;

«ҚАЛЫС ҚАЛДЫ» - жоқ.

7.   «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесі комитеттерін құру және олардың сандық құрамын, комитеттердің мүшелерінің өкілеттік мерзімдерін белгілеу, «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесі комитеттерінің төрағасы мен мүшелерін сайлау туралы» мәселе бойынша шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы.

Директорлар кеңесі шешім қабылдады:

1. Өкілеттіктері мерзімінен бұрын тоқтатылсын:

1)   «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесі Тағайындаулар және сыйақылар жөніндегі комитетінің мүшесі Егімбаева Жанна Дачерқызының, «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесі Тағайындаулар және сыйақылар жөніндегі комитетінің сарапшысы (дауыс беру құқығынсыз) Кәрімов Дәулет Сәбитұлының;

2)   «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесі Стратегиялық жоспарлау және корпоративтік басқару жөніндегі комитетінің мүшесі Бердіғұлов Ернат Құдайбергенұлының, «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесі Стратегиялық жоспарлау және корпоративтік басқару жөніндегі комитетінің сарапшысы (дауыс беру құқығынсыз) Кәрімов Дәулет Сәбитұлының;

3)   «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесі Қауіпсіздік және еңбекті, қоршаған ортаны қорғау жөніндегі комитетінің мүшелері Егімбаева Жанна Дачерқызының, Бердіғұлов Ернат Құдайбергенұлының, «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесі Қауіпсіздік және еңбекті, қоршаған ортаны қорғау жөніндегі комитетінің сарапшысы (дауыс беру құқығынсыз) Кәрімов Дәулет Сәбитұлының. 

2. Тағайындалсын:

1)   Жамиев Алмат Күнжолұлы «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесі Тағайындаулар және сыйақылар жөніндегі комитетінің мүшесі, Дюсенов Ержан Абайұлы «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесі Тағайындаулар және сыйақылар жөніндегі комитетінің сарапшысы (дауыс беру құқығынсыз) болып;

2)   Репин Алексей Юрьевич «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесі Стратегиялық жоспарлау және корпоративтік басқару жөніндегі комитетінің мүшесі, Дюсенов Ержан Абайұлы «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесі Стратегиялық жоспарлау және корпоративтік басқару жөніндегі комитетінің сарапшысы (дауыс беру құқығынсыз) болып;

3)   Репин Алексей Юрьевич, Жамиев Алмат Күнжолұлы «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесі Қауіпсіздік және еңбекті, қоршаған ортаны қорғау жөніндегі комитетінің мүшелері, Дюсенов Ержан Абайұлы «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесі Қауіпсіздік және еңбекті, қоршаған ортаны қорғау жөніндегі комитетінің сарапшысы (дауыс беру құқығынсыз) болып тағайындалсын.

«ЖАҚ» - бес;

«ҚАРСЫ» - жоқ;

«ҚАЛЫС ҚАЛДЫ» - жоқ.

8. Директорлар кеңесі мүшелерінің 2022 жылға арналған біліктілікті арттыру жоспарын бекіту туралы.

Директорлар кеңесі Директорлар кеңесі мүшелерінің 2022 жылға арналған біліктілікті арттыру жоспарын бекіту туралы шешім қабылдады.

«ЖАҚ» - жеті;

«ҚАРСЫ» - жоқ;

«ҚАЛЫС ҚАЛДЫ» - жоқ.

 


Тізімге қайту

Жедел желі

Кері байланыс