Отырыстар

2022 жылғы 26 мамырда «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің күндізгі отырысы өтті

«KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің отырысына қатысқандар:

1.   Бердіғұлов Ернат Құдайбергенұлы – «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы, «Самұрық-Қазына» АҚ өкілі.

2.   Бекенов Жанбота Темірғалиұлы – «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі, тәуелсіз директор.

3.   Аханзарипов Нұрлан Заманбекұлы – «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі, тәуелсіз директор.

4.   Ульф Вокурка – «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі, тәуелсіз директор.

5.   Репин Алексей Юрьевич – «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы.

6.   Жамиев Алмат Күнжолұлы - «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі, «Самұрық-Қазына» АҚ өкілі.

7.   Молдабаев Қаныш Тәңірбергенұлы – «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі, «KEGOC» АҚ Басқарма төрағасы.

 

«KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің 2022 жылғы 26 мамырдағы отырысында Директорлар кеңесінің 2017 жылғы 13 шілдедегі шешімімен (№ 6 хаттама) бекітілген «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесі қабылдаған шешімдер бойынша мәселелер тізбесіне сәйкес акционерлер мен инвесторлардың назарына жеткізілуі тиіс 5 (бес) мәселе қаралды.

 

1.     2021 жылғы «KEGOC» АҚ Жылдық есебін бекіту туралы.

Директорлар кеңесі мынадай шешім қабылдады:

1. 2021 жылғы «KEGOC» АҚ Жылдық есебі бекітілсін.

2. «KEGOC» АҚ Басқарма төрағасы (Молдабаев К.Т.) осы шешімнен туындайтын тиісті шараларды қабылдасын.

«ЖАҚ» - жеті;

«ҚАРСЫ» - жоқ;

«ҚАЛЫС ҚАЛДЫ» - жоқ.

 

            2. Басқарма мүшелерінің өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату мен сайлау және лауазымдық жалақы мөлшерін белгілеу туралы.

Директорлар кеңесі мынадай шешім қабылдады:

1. Қызметкердің бастамасы бойынша берілген өтініш негізінде «KEGOC» АҚ Басқарма мүшесі Ботабеков Айбек Төлеубекұлының өкілеттігі 2022 жылғы 19 сәуірден бастап мерзімінен бұрын тоқтатылсын.

2. 2022 жылғы 26 мамырдан бастап «KEGOC» АҚ Басқармасының жалпы өкілеттік мерзімі аяқталғанға дейін «KEGOC» АҚ Басқарма мүшесі болып «КЕGOC» АҚ Қаржы және есепке алу жөніндегі басқарушы директоры Әкімбаева Айгүл Ермекбайқызы сайлансын.

3. А. Е. Әкімбаеваның қызметақысының мөлшері Директорлар кеңесінің 2016 жылғы 5 желтоқсандағы шешімімен (№13 хаттама) (осы хаттаманың № 2 қосымшасы) бекітілген «KEGOC» АҚ Басқарма төрағасы мен мүшелерінің қызметақыларының схемасына сәйкес белгіленсін.

4. «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің 2022 жылғы 20 сәуірдегі шешімімен (№4 хаттама) бекітілген 2022 жылға арналған нысаналы мәні бар қызметтің негізгі көрсеткіштері Қаржы және есепке алу жөніндегі басқарушы директор А. Е. Әкімбаеваға «KEGOC» АҚ Басқарма мүшесі болып сайланған сәттен бастап қолданылсын.

5. «KEGOC» АҚ Басқарма төрағасы (Молдабаев К.Т.) белгіленген тәртіпте осы шешімнен туындайтын тиісті шараларды қабылдасын.

«ЖАҚ» - жеті;

«ҚАРСЫ» - жоқ;

«ҚАЛЫС ҚАЛДЫ» - жоқ.

 

         3. «KEGOC» АҚ Омбудсменінің өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату және «KEGOC» АҚ Омбудсменін тағайындау, өкілеттік мерзімін және оның қызметақысының мөлшерін белгілеу туралы.

Директорлар кеңесі мынадай шешім қабылдады:

1. Қызметкердің бастамасы бойынша берілген өтініш негізінде «KEGOC» АҚ Омбудсмені Рахимов Ришат Ахметұлының өкілеттігі 2022 жылғы 31 наурыздан бастап мерзімінен бұрын тоқтатылсын.

2. «KEGOC» АҚ Омбудсмені болып Макин Ербол Мелсұлы тағайындалсын.

3. «KEGOC» АҚ Омбудсменінің өкілеттік мерзімі 2022 жылғы 1 маусымнан бастап 2024 жылғы 31 мамырға дейін белгіленсін.

4. «KEGOC» АҚ Омбудсменіне қызметақы Корпоративтік хатшының, Комплаенс-офицердің, Омбудсменнің және «KEGOC» АҚ Ішкі аудит қызметі қызметкерлерінің қызметақыларының схемасына сәйкес белгіленсін.

5. KEGOC» АҚ Басқарма төрағасы (Молдабаев К.Т.) белгіленген тәртіпте осы шешімнен туындайтын тиісті шараларды қабылдасын.

«ЖАҚ» - жеті;

«ҚАРСЫ» - жоқ;

«ҚАЛЫС ҚАЛДЫ» - жоқ.

 

         4. 2022 жылғы 1-тоқсандағы ірі инвестициялық жобаларды іске асыру жөніндегі есепті қарау туралы

Директорлар кеңесі мынадай шешім қабылдады:

1. 2022 жылғы 1-тоқсандағы ірі инвестициялық жобаларды іске асыру туралы есеп назарға алынсын.

2.      Басқармаға (Қ.Т. Молдабаев) ірі инвестициялық жобаларды іске асыру туралы кезекті есептерге «KEGOC» АҚ-ның жобалардың қымбаттауы/арзандауы жөніндегі болжамдары туралы ақпаратты, қаражат тартуға арналған әрбір жобаны капиталдандыру жөніндегі ақпаратты қосу, сондай-ақ мердігерлік ұйымдармен Қазақстан Республикасында валюта бағамының ұлғаюы/азаюы басталғанға дейін материалдарға ақы төлеу мәселелерін пысықтау тапсырылсын. 

«ЖАҚ» - жеті;

«ҚАРСЫ» - жоқ;

«ҚАЛЫС ҚАЛДЫ» - жоқ.

 

            5. 2022 жылғы 31 наурыздағы және сол күні аяқталған үш айдағы жай-күйі бойынша «KEGOC» АҚ аралық қаржылық есептемесін мақұлдау туралы.

Директорлар кеңесі 2022 жылғы 31 наурыздағы және сол күні аяқталған үш айдағы жай-күйі бойынша «KEGOC» АҚ аралық қаржылық есептемесін мақұлдау туралы шешім қабылдады.

«ЖАҚ» - жеті;

«ҚАРСЫ» - жоқ;

«ҚАЛЫС ҚАЛДЫ» - жоқ.

 

 


Тізімге қайту

Жедел желі

Кері байланыс