Отырыстар

2020 жылғы 30 қазанда «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің күндізгі отырысы өтті

«KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің отырысына байланыстың техникалық құралдарын пайдалана отырып, қатысқандар (бейнеконференция сеансы режимінде):

1.Сәтқалиев Алмасадам Маиданұлы - «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы, «Самұрық-Қазына» АҚ Активтерді басқару дирекциясының басшысы – басқарушы директор.

2.Тиесов Сүйіншілік Әмірхамзаұлы - «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі, «Самұрық-Қазына» АҚ өкілі.

3.Егімбаева Жанна Дачерқызы - «Самұрық-Қазына» АҚ өкілі, «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі.

4.Аханзарипов Нұрлан Заманбекұлы – «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі, тәуелсіз директор.

5.Доминик Фаш - «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі, Технопарк София Антиполис Директорлар кеңесінің мүшесі, «РТФ» АҚБ Директорлар кеңесінің төрағасы.

6.Бекенов Жанбота Темірғалиұлы – «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі, тәуелсіз директор.

7.Қажиев Бақытжан Төлеуқажыұлы – «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі, «KEGOC» АҚ Басқарма төрағасы.

Директорлар кеңесінің 2020 жылғы 30 қазандағы отырысында Директорлар кеңесінің 2017 жылғы 13 шілдедегі (№ 6 хаттама) шешімімен бекітілген «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесі қабылдаған шешімдер бойынша мәселелер тізбесіне сәйкес, олар туралы ақпарат акционерлер мен инвесторларға жеткізілуі тиіс 1 (бір) мәселе қаралды. Мына мәселелер бойынша ақпарат жіберіп отырмыз.

1.Шешімін Директорлар кеңесі қабылдайтын және «KEGOC» АҚ Акционерлерінің жалпы жиналысының айрықша құзыретіне жатпайтын мәселелер тізіміне толықтыру енгізу мәселесін қарастыру туралы. 

 Директорлар кеңесі мынадай шешімдер қабылдады: 

1.«KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің 2019 жылғы 25 қазандағы (№ 9 хаттама) шешімімен бекітілген, Шешімін Директорлар кеңесі қабылдайтын және «KEGOC» АҚ Акционерлерінің жалпы жиналысының айрықша құзыретіне жатпайтын мәселелер тізімі мына мазмұндағы 20-тармақпен толықтырылсын:

 «20. Ішкі аудит қызметі қызеткерлерінің, Комплаенс-офицердің, Омбудсмен және Корпоративтік хатшының сыйақы/сыйлықақы мөлшерлерін бекіту.».

2.«KEGOC» АҚ Басқарма төрағасы (Қажиев Б.Т.) осы шешімге қатысты қажетті шараларды қабылдасын.

«ЖАҚ» - жеті;

«ҚАРСЫ» - жоқ;

«ҚАЛЫС ҚАЛДЫ» - жоқ.


Тізімге қайту

Жедел желі

Кері байланыс