Отырыстар

2020 жылғы 20 қарашада «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің күндізгі отырысы өтті

«KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің отырысына байланыстың техникалық құралдарын пайдалана отырып (бейнеконференция сеансы режимінде), қатысқандар:

1. Сәтқалиев Алмасадам Майданұлы - «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы, «Самұрық-Қазына» АҚ Активтерді басқару дирекциясының басшысы – басқарушы директор.

2.Тиесов Сүйіншілік Әмірхамзаұлы - «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі, «Самұрық-Қазына» АҚ өкілі.

3.Егімбаева Жанна Дачерқызы - «Самұрық-Қазына» АҚ өкілі, «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі.

4.Аханзарипов Нұрлан Заманбекұлы – «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі, тәуелсіз директор.

5.Доминик Фаш - «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі, Технопарк София Антиполис Директорлар кеңесінің мүшесі, «РТФ» АҚБ Директорлар кеңесінің төрағасы.

6.Бекенов Жанбота Темірғалиұлы – «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі, тәуелсіз директор.

7.Қажиев Бақытжан Төлеуқажыұлы – «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі, «KEGOC» АҚ Басқарма төрағасы.

Директорлар кеңесінің 2020 жылғы 20 қарашадағы отырысында Директорлар кеңесінің 2017 жылғы 13 шілдедегі (№ 6 хаттама) шешімімен бекітілген «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесі қабылдаған шешімдер бойынша мәселелер тізбесіне сәйкес, олар туралы ақпарат акционерлер мен инвесторларға жеткізілуі тиіс 2 (екі) мәселе қаралды. Мына мәселелер бойынша ақпарат жіберіп отырмыз.

1.2020 жылғы 30 қыркүйектегі және сол күні аяқталған тоғыз айдағы жай-күй бойынша «KEGOC» АҚ аралық қаржы есептемесін мақұлдау туралы. 

Директорлар кеңесі мынадай шешімдер қабылдады:

1.2020 жылғы 30 қыркүйектегі және сол күні аяқталған тоғыз айдағы жай-күй бойынша «KEGOC» АҚ аралық қаржы есептемесі мақұлдансын. 

2. «KEGOC» АҚ Басқармасы (Б.Т.Қажиев) таза кірістің факторлық талдауын (барлық құрауыштары бар жоспар-факт, соның ішінде өтемдік тариф бойынша жоспар, шығындарды қысқартудың әсері) әзірлесін  және оны Директорлар кеңесінің мүшелеріне жұмыс тәртібінде жіберсін. 

«ЖАҚ» - жеті;

«ҚАРСЫ» - жоқ;

«ҚАЛЫС ҚАЛДЫ» - жоқ.

2.Ірі инвестициялық жобаларды іске асыру бойынша 2020 жылғы 3-ші тоқсандағы есепті қарау туралы.

Директорлар кеңесі мынадай шешімдер қабылдады: 

1. Ірі инвестициялық жобаларды іске асыру бойынша 2020 жылғы 3-ші тоқсандағы есеп назарға алынсын. 

2. «KEGOC» АҚ Басқармасы (Б.Т.Қажиев) 2020 жыл қорытындылары бойынша «Қазақстан БЭЖ Батыс аймағының электр желісін күшейту» және «Түркістан қ. сыртқы электрмен жабдықтау схемасын күшейту. Электр желілік объектілер салу» жобалары бойынша көрсеткіштердің жоспарлы мәніне қол жеткізу үшін тиісті шараларды қабылдасын. 

 «ЖАҚ» - жеті;

«ҚАРСЫ» - жоқ;

«ҚАЛЫС ҚАЛДЫ» - жоқ.


Тізімге қайту

Жедел желі

Кері байланыс