Отырыстар

2020 жылғы 15 желтоқсанда «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің күндізгі отырысы өтті

Байланыстың техникалық құралдарын пайдалана отырып (бейнеконференциясеансырежимінде), «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің отырысына қатысқандар:

1. Сәтқалиев Алмасадам Маиданұлы - «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы, «Самұрық-Қазына» АҚ Активтерді басқару дирекциясының басшысы – басқарушы директор.

2. Тиесов Сүйіншілік Әмірхамзаұлы- «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі, «Самұрық-Қазына» АҚ өкілі.

3. Егімбаева Жанна Дачеровна - «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі, «Самұрық-Қазына» АҚ өкілі.

4. Аханзарипов Нұрлан Заманбекұлы – Директорлар кеңесінің мүшесі, тәуелсіз директор.    

5. Доминик Фаш - тәуелсіз директор, Технопарк София Антиполис Директорлар кеңесінің мүшесі, «РТФ» ЖШҚ Директорлар кеңесінің төрағасы, тәуелсіз директор.

6. Бекенов Жанбота Темірғалиұлы – Директорлар кеңесінің мүшесі, тәуелсіз директор.

7. Қажиев Бақытжан Төлеуқажыұлы – Директорлар кеңесінің мүшесі,«KEGOC» АҚ Басқарма төрағасы.

«KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің 2020 жылғы 15 желтоқсандағы отырысында 2 (екі) мәселе қаралды, Директорлар кеңесінің 2017 жылғы 13 шілдедегі шешімімен (№ 6 хаттама) бекітілген, олар туралы ақпарат акционерлер мен инвесторлардың назарына жеткізілуі тиіс, «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесі қабылдаған шешімдер бойынша мәселелер тізбесіне сәйкес мына мәселелер бойынша ақпараттар жібереміз.

1.  «KEGOC» АҚ Атқарушы дирекциясы қызметкерлерінің жалпы санын бекіту туралы.

Директорлар кеңесі мынадай шешім қабылдады:

1.  «KEGOC» АҚ Атқарушы дирекциясы қызметкерлерінің жалпы саны 364 штаттық бірлік болып бекітілсін.

2.  «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің 2020 жылғы 19 маусымдағы (№ 6 хаттама) шешімінің «KEGOC» АҚ Атқарушы дирекциясы қызметкерлерінің Ұйымдық құрылымын және қызметкерлерінің жалпы санын бекіту туралы» мәселесі бойынша 2-тармағының күші жойылды деп танылсын.

3.  Осы шешімнің 1 және 2 тармақтары 2021 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілсін.

4.  «KEGOC» АҚ Басқарма төрағасы (Қажиев Б.Т.) осы шешімнен туындайтын тиісті шараларды қабылдасын.

«ЖАҚ» - жеті;

«ҚАРСЫ» - жоқ;

«ҚАЛЫС ҚАЛДЫ» - жоқ.

2.  Жасалуында мүдделілік бар мәміле жасау туралы.

Директорлар кеңесі мынадай шешім қабылдады:

1.  «KEGOC» АҚ «ForteBank» АҚ-мен жасалуында мүдделілік бар жылдық 0,75% сыйақы мөлшерлемесі бойынша 8,3 млн, АҚШ доллары сомасына және 2021 - 2022 жылдарға банктік кепілдіктер шығару мақсатында мәміленің жалпы сомасы 133 мың АҚШ долларынан аспайтын кредиттік желі ашуға мәміле жасасын.

2.  «KEGOC» АҚ Басқарма төрағасы (Қажиев Б.Т.) осы шешімнен туындайтын тиісті шараларды қабылдасын.

 «ЖАҚ» - жеті;

«ҚАРСЫ» - жоқ;

«ҚАЛЫС ҚАЛДЫ» - жоқ.


Тізімге қайту

Жедел желі

Кері байланыс