Отырыстар

2024 жылғы 31 қаңтарда «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің күндізгі отырысы өтті

2024 жылғы 31 қаңтарда «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің күндізгі отырысы өтті

«KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің отырысына қатысқандар:

1.   Бердіғұлов Ернат Құдайбергенұлы – «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы, «Самұрық-Қазына» АҚ өкілі.

2.   Аханзарипов Нұрлан Заманбекұлы – «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі, Аға тәуелсіз директор.

3.   Дұлқайыров Марат Тұрғанбекұлы – «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі, тәуелсіз директор.

4.   Сүентаев Дамир Серкбайұлы – «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі, тәуелсіз директор.

5.   Молдабаев Қаныш Тәңірбергенұлы – «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі, «Самұрық-Қазына» АҚ өкілі.

6.   Жәмиев Алмат Күнжолұлы - «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі, «Самұрық-Қазына» АҚ өкілі.

7.   Айтжанов Нәби Еркінұлы – «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі, «KEGOC» АҚ Басқарма төрағасы.

 

Директорлар кеңесінің 2024 жылғы 31 қаңтардағы отырысында Директорлар кеңесінің 2017 жылғы 13 шілдедегі (№ 6 хаттама) шешімімен бекітілген, «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесі қабылдаған шешімдер бойынша мәселелер тізбесіне сәйкес, олар туралы ақпарат акционерлер мен инвесторлардың назарына жеткізілуі тиіс 3 (үш) мәселе қаралды.

 

1.   «KEGOC» АҚ Атқарушы дирекциясының ұйымдық құрылымын жаңа редакцияда бекіту туралы.

Директорлар кеңесі шешті:

1. Осы шешімнің қосымшасына сай «KEGOC» АҚ Атқарушы дирекциясының ұйымдық құрылымы бекітілсін және 2024 жылғы 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілсін.

2. 2024 жылғы 1 наурыздан бастап Директорлар кеңесінің 2021 жылғы 30 қарашадағы шешімімен (№13 хаттама) бекітілген «KEGOC» АҚ Атқарушы дирекциясының ұйымдық құрылымының күші жойылды деп танылсын.

3. «KEGOC» АҚ Басқарма төрағасы (Н.Е. Айтжанов) осы шешімнен туындайтын, оның ішінде еңбек жағдайлары өзгеретін немесе лауазымдары қысқаратын қызметкерлерге қатысты Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасын сақтау жөнінде қажетті шараларды қабылдасын.

 

«ЖАҚ» - жеті;

         «ҚАРСЫ» - жоқ;

        «ҚАЛЫС ҚАЛДЫ» - жоқ.

 

2.   «KEGOC» АҚ Комплаенс қызметінің Комплаенс-офицерінің өкілеттік мерзімін белгілеу туралы.

Директорлар кеңесі Комплаенс қызметінің Комплаенс-офицері Алмас Үсенұлы Тимашевтің өкілеттік мерзімін 2024 жылғы 1 наурыздан бастап 2026 жылғы 28 ақпанды қоса алған мерзімге белгілеу туралы шешім қабылдады.

«ЖАҚ» - жеті;

        «ҚАРСЫ» - жоқ;

        «ҚАЛЫС ҚАЛДЫ» - жоқ.

 

3.   2024 жылға арналған жабдыққа жедел және пайдалану қызметін көрсету бойынша жұмыстарды ұйымдастыру шарттарына қол қою арқылы жасалуында мүдделілігі бар мәмілелер жасау туралы.

Директорлар кеңесі шешті:

1. «KEGOC» АҚ белгіленген тәртіпте 2024 жылға арналған жабдыққа жедел және пайдалану қызметін көрсету бойынша жұмыстарды ұйымдастыруға арналған жасалуында мүдделілігі бар келесі мәмілелерді жасасын:

1) «KEGOC» АҚ «Ақтөбе ЖЭТ» филиалы мен «Батыс транзит» АҚ арасында «Батыс транзит» АҚ-ның 500 кВ «Өлке» ҚС 220 кВ АТҚ-да және 220 кВ «Өлке-Қазхром 1» және «Өлке – Қазхром 2» ӘЖ электр жеткізу желілерінде орналасқан жабдығына пайдалану бойынша қызмет көрсету жұмыстарын ұйымдастыруға;

2) «KEGOC» АҚ «Ақтөбе ЖЭТ» филиалы мен «Батыс транзит» АҚ арасында «Батыс транзит» АҚ-ның 500 кВ «Өлке» ҚС 500 кВ АТҚ-да және 500 кВ «Жітіқара-Өлке» ӘЖ электр жеткізу желілерінде орналасқан жабдығына пайдалану бойынша қызмет көрсету жұмыстарын ұйымдастыруға;

3) «KEGOC» АҚ «Сарыбай ЖЭТ» филиалы мен «Батыс транзит» АҚ арасында «Батыс транзит» АҚ-ның 500 кВ «Жітіқара» ҚС 500 кВ АТҚ-да және 500 кВ «Жітіқара-Өлке» ӘЖ электр жеткізу желілерінде орналасқан жабдығына пайдалану бойынша қызмет көрсету жұмыстарын ұйымдастыруға.

2. «KEGOC» АҚ Басқарма төрағасы (Н.Е. Айтжанов) осы шешімнен туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.

 

«ЖАҚ» - үш;

        «ҚАРСЫ» - жоқ;

        «ҚАЛЫС ҚАЛДЫ» - жоқ.


Тізімге қайту

Жедел желі

Кері байланыс