Отырыстар

2024 жылғы 27 ақпанда «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің күндізгі отырысы өтті

2024 жылғы 27 ақпанда «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің күндізгі отырысы өтті

 

«KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің отырысына қатысқандар:

1.   Бердіғұлов Ернат Құдайбергенұлы – «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы, «Самұрық-Қазына» АҚ өкілі.

2.   Аханзарипов Нұрлан Заманбекұлы – «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі, Аға тәуелсіз директор.

3.   Дұлқайыров Марат Тұрғанбекұлы – «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі, тәуелсіз директор.

4.   Сүентаев Дамир Серкбайұлы – «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі, тәуелсіз директор.

5.   Молдабаев Қаныш Тәңірбергенұлы – «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі, «Самұрық-Қазына» АҚ өкілі.

6.   Жәмиев Алмат Күнжолұлы - «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі, «Самұрық-Қазына» АҚ өкілі.

7.   Айтжанов Нәби Еркінұлы – «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі, «KEGOC» АҚ Басқарма төрағасы.

 

Директорлар кеңесінің 2024 жылғы 27 ақпандағы отырысында Директорлар кеңесінің 2017 жылғы 13 шілдедегі (№ 6 хаттама) шешімімен бекітілген, «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесі қабылдаған шешімдер бойынша мәселелер тізбесіне сәйкес, олар туралы ақпарат акционерлер мен инвесторлардың назарына жеткізілуі тиіс 5 (бес) мәселе қаралды.

 

1.   «KEGOC» АҚ Акционерлерінің жалпы жиналысының Есеп комиссиясының сандық құрамына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы.

Директорлар кеңесі шешті:

1. «KEGOC» АҚ Акционерлерінің жалпы жиналысының Есеп комиссиясының сандық құрамына өзгерістер мен толықтырулар алдын ала мақұлдансын және «KEGOC» АҚ Акционерлерінің жалпы жиналысының қарауына шығарылсын.

2. «KEGOC» АҚ Басқарма төрағасы (Н.Е. Айтжанов) осы шешімді іске асыруға байланысты қажетті шараларды қабылдасын.

«ЖАҚ» - жеті;

        «ҚАРСЫ» - жоқ;

        «ҚАЛЫС ҚАЛДЫ» - жоқ.

 

2.   «KEGOC» АҚ Корпоративтік басқару кодексін жаңа редакцияда алдын ала қарау туралы.

Директорлар кеңесі шешті:

1. «KEGOC» АҚ Корпоративтік басқару кодексі жаңа редакцияда алдын ала мақұлдансын және «KEGOC» АҚ Акционерлерінің жалпы жиналысының қарауына шығарылсын.

2. «KEGOC» АҚ Басқарма төрағасы (Н.Е. Айтжанов) осы шешімді іске асыруға байланысты қажетті шараларды қабылдасын.

«ЖАҚ» - жеті;

        «ҚАРСЫ» - жоқ;

        «ҚАЛЫС ҚАЛДЫ» - жоқ.

 

3.   «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесіне «ЖЭК жөніндегі ҚЕО» ЖШС Бақылау кеңесінің тәуелсіз директоры ретінде жұмыс істеуге келісім беру туралы.

Директорлар кеңесі шешім қабылдады:

«KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі Қаныш Тәңірбергенұлы Молдабаевтың 2023 жылғы   27 желтоқсаннан бастап «ЖЭК жөніндегі ҚЕО» ЖШС Бақылау кеңесінің тәуелсіз директоры ретінде жұмыс істеуі келісілсін.

«ЖАҚ» - жеті;

        «ҚАРСЫ» - жоқ;

        «ҚАЛЫС ҚАЛДЫ» - жоқ.

 

4. «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесі мүшелерінің біліктілігін арттырудың 2024 жылға арналған жоспарын бекіту туралы.

Директорлар кеңесі шешім қабылдады:

1. «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесі мүшелерінің біліктілігін арттырудың 2024 жылға арналған жоспары бекітілсін.

2. Корпоративтік хатшы О. Ж. Имятов осы шешімді іске асыруға байланысты қажетті шараларды қабылдасын.

«ЖАҚ» - жеті;

        «ҚАРСЫ» - жоқ;

        «ҚАЛЫС ҚАЛДЫ» - жоқ.

 

5. «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің Аудит жөніндегі комитеті туралы ережеге өзгерістер мен толықтыруларды бекіту туралы.

Е KEGOC АД-214-18 «Электр желілерін басқару жөніндегі Қазақстан компаниясы» (Kazakhstan Electricity Grid Operating Company) «KEGOC» акционерлік қоғамының Директорлар кеңесінің Аудит жөніндегі комитеті туралы ережеге өзгерістер бекітілсін.

«ЖАҚ» - жеті;

        «ҚАРСЫ» - жоқ;

        «ҚАЛЫС ҚАЛДЫ» - жоқ.


Тізімге қайту

Жедел желі

Кері байланыс