«KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің отырысына қатысқандар:
1. Ернат Құдайбергенұлы Бердіғұлов – «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы, «Самұрық-Қазына» АҚ өкілі.
2. Нұрлан Заманбекұлы Аханзарипов – «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі, Аға тәуелсіз директор.
3. Марат Тұрғанбекұлы Дұлқайыров – «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі, тәуелсіз директор.
4. Дамир Серкбайұлы Сүентаев – «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі, тәуелсіз директор.
5. Қаныш Тәңірбергенұлы Молдабаев – «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі, «Самұрық-Қазына» АҚ өкілі.
6. Алмат Күнжолұлы Жәмиев - «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі, «Самұрық-Қазына» АҚ өкілі.
7. Нәби Еркінұлы Айтжанов – «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі, «KEGOC» АҚ Басқарма төрағасы.
Директорлар кеңесінің 2024 жылғы 27 сәуірдегі отырысында Директорлар кеңесінің 2017 жылғы 13 шілдедегі (№ 6 хаттама) шешімімен бекітілген, «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесі қабылдаған шешімдер бойынша мәселелер тізбесіне сәйкес, олар туралы ақпарат акционерлер мен инвесторлардың назарына жеткізілуі тиіс 5 (бес) мәселе қаралды.
1. «KEGOC» АҚ 2023 жылғы жылдық есебін бекіту туралы.
Директорлар кеңесі мынадай шешім қабылдады:
1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес «KEGOC» АҚ-ның 2023 жылғы жылдық есебі бекітілсін.
2. «KEGOC» АҚ Акционерлерінің жылдық жалпы жиналысы «KEGOC» АҚ-ның 2023 жылғы аудиттелген жылдық қаржылық есептемесін бекіткеннен кейін «KEGOC» АҚ-ның аудиттелген жылдық қаржылық есептемесін және қызметтің қаржылық нәтижелеріне басшылықтың түсініктемелерін қоссын.
3. «КЕGОС» АҚ Басқарма төрағасы (Н.Е. Айтжанов) осы шешімді іске асыруға байланысты қажетті шараларды қабылдасын.
«ЖАҚ» - жеті;
«ҚАРСЫ» - жоқ;
«ҚАЛЫС ҚАЛДЫ» - жоқ.
2. «KEGOC» АҚ міндеттемелерін оның меншікті капиталы мөлшерінің 10 (он) және одан да көп пайызын құрайтын шамаға арттыру туралы.
1. Еуропалық Қайта Құру және Даму банкімен, сондай-ақ мүмкіндігінше «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ-мен төмендегі талаптарда қарыз (кредиттік келісім) туралы келісімге (келісімдер) сәйкес «KEGOC» АҚ-ға төленуі тиіс 141,26 млрд теңгеге дейінгі негізгі борышты, пайыздарды және өзге де төлемдерді қамтитын сомаға қарыз (кредиттік келісім) туралы келісім (келісімдер) жасау арқылы, «KEGOC» АҚ міндеттемелерін оның меншікті капиталы мөлшерінің 10 (он) және одан көп пайызын құрайтын шамаға ұлғайту бекітілсін:
1) қарыз мерзімі – 15-20 жыл;
2) қарыз қаражатының сомасы 141,26 млрд теңгеге дейін;
3) Еуропалық Қайта Құру және Даму банкінің пайыздық мөлшерлемесі TONIA + маржа жылдық 3%, «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ-ның пайыздық мөлшерлемесі: жылдық 9%.
2. «KEGOC» АҚ Басқарма төрағасы (Н.Е. Айтжанов) осы шешімді іске асыруға байланысты қажетті шараларды қабылдасын.
«ЖАҚ» - жеті;
«ҚАРСЫ» - жоқ;
«ҚАЛЫС ҚАЛДЫ» - жоқ.
3. «Батыс Қазақстанның энергия жүйесін Қазақстан БЭЖ-імен біріктіру. Электр желілік объектілерді салу» жобасының негізгі параметрлерін бекіту және «Айқындау» және «Іске асыру» кезеңдеріне көшу туралы шешім қабылдау туралы.
Директорлар кеңесі мынадай шешім қабылдады:
1. Осы шешімнің қосымшасына сай Жобаның ТЭН-іне «Мемсараптама» РМК қорытындысына сәйкес «Батыс Қазақстан энергия жүйесін Қазақстан БЭЖ-імен біріктіру. Электр желілік объектілерді салу» жобасының негізгі параметрлері бекітілсін.
2. ЕРС келісімшартын («толық аяқталған» келісімшарт) жасай отырып, «Айқындау» және «Іске асыру» кезеңдеріне көшу бекітілсін.
«ЖАҚ» - жеті;
«ҚАРСЫ» - жоқ;
«ҚАЛЫС ҚАЛДЫ» - жоқ.
4. «Энергоинформ» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесін сайлау және өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы.
Директорлар кеңесі мынадай шешім қабылдады:
1. «Энергоинформ» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі Станислав Викторович Шабановтың өкілеттігі 2024 жылғы 4 сәуірден бастап мерзімінен бұрын тоқтатылсын.
2. Әлібек Ерікұлы Бошанов 2024 жылғы 29 сәуірден бастап «Энергоинформ» АҚ Директорлар кеңесінің жалпы өкілеттік мерзімі аяқталғанға дейінгі мерзімге (2025 жылғы 1 ақпанға дейін) «KEGOC» АҚ өкілі ретінде «Энергоинформ» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі болып сайлансын.
3. «Энергоинформ» АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы С.И. Катышев осы шешімді іске асыруға байланысты қажетті шараларды қабылдасын.
4. Осы шешім «Акционерлік қоғамдар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 35-бабының 5-тармағына сәйкес «Энергоинформ» АҚ-ның жалғыз акционерінің шешімі болып саналсын.
«ЖАҚ» - жеті;
«ҚАРСЫ» - жоқ;
«ҚАЛЫС ҚАЛДЫ» - жоқ.
5. «KEGOC» АҚ Омбудсменінің өкілеттік мерзімін айқындау туралы.
Директорлар кеңесі мынадай шешім қабылдады:
1. «KEGOC» АҚ Омбудсмені Ербол Мельсұлы Макиннің өкілеттік мерзімі 2024 жылғы 1 маусымнан бастап 2026 жылғы 31 мамырды қоса алған кезеңге белгіленсін.
2. «KEGOC» АҚ Басқарма төрағасы (Н.Е. Айтжанов) осы шешімнен туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.
«ЖАҚ» - жеті;
«ҚАРСЫ» - жоқ;
«ҚАЛЫС ҚАЛДЫ» - жоқ.