Отырыстар

2024 жылғы 9 шілдеде «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің күндізгі отырысы өтті


«KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің отырысына қатысқандар:

1.   Ернат Құдайбергенұлы Бердіғұлов– «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы, «Самұрық-Қазына» АҚ өкілі.

2.   Нұрлан Заманбекұлы Аханзарипов – «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі, Аға тәуелсіз директор.

3.   Марат Тұрғанбекұлы Дұлқайыров– «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі, тәуелсіз директор.

4.   Дамир Серкбайұлы Сүентаев– «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі, тәуелсіз директор.

5.   Қаныш Тәңірбергенұлы Молдабаев – «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі, «Самұрық-Қазына» АҚ өкілі.

6. Нәби Еркінұлы Айтжанов– «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі, «KEGOC» АҚ Басқарма төрағасы.

Директорлар кеңесінің мүшесі М. К. Кияков еңбек демалысында болуына байланысты қатыспады.

 

Директорлар кеңесінің 2024 жылғы 9 шілдедегі отырысында Директорлар кеңесінің 2017 жылғы 13 шілдедегі (№ 6 хаттама) шешімімен бекітілген, «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесі қабылдаған шешімдер бойынша мәселелер тізбесіне сәйкес, олар туралы ақпарат акционерлер мен инвесторлардың назарына жеткізілуі тиіс 2 (екі) мәселе қаралды.


 


1. «KEGOC» АҚ Атқарушы дирекциясының ұйымдық құрылымындағы өзгерістерді бекіту туралы.


Директорлар кеңесі мынадай шешім қабылдады:

1. Осы шешімнің № 1 қосымшасына сай «KEGOC» АҚ Атқарушы дирекциясының ұйымдық құрылымы бекітілсін және 2024 жылғы 1 тамыздан бастап қолданысқа енгізілсін.


2. Директорлар кеңесінің 2024 жылғы 31 қаңтардағы шешімімен (№1 хаттама) 2024 жылғы 1 тамыздан бастап бекітілген «KEGOC» АҚ Атқарушы дирекциясының ұйымдық құрылымының күші жойылды деп танылсын.

3. «KEGOC» АҚ Басқарма төрағасы (Н.Е. Айтжанов) осы шешімнен туындайтын, оның ішінде еңбек жағдайлары өзгеретін қызметкерлерге қатысты Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасын сақтау жөнінде қажетті шаралар қабылдасын.

«ЖАҚ» - алты;

        «ҚАРСЫ» - жоқ;

        «ҚАЛЫС ҚАЛДЫ» - жоқ.

 

2. «Энергоинформ» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесін сайлау және өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы.


Директорлар кеңесі мынадай шешім қабылдады:


1. 2024 жылғы 4 маусымнан бастап «Энергоинформ» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі Саудабаев Серік Болатұлының өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылсын.

2. 2024 жылғы 9 шілдеден бастап «Энергоинформ» АҚ Директорлар кеңесінің өкілеттік мерзімі жалпы аяқталғанға дейін (2025 жылғы 1 ақпанға дейін) «Энергоинформ» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі болып «Энергоинформ» АҚ Басқарма төрағасы Әсет Шамкенұлы Шамкенов сайлансын.

3. «Энергоинформ» АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы С. И. Катышев осы шешімді іске асыруға байланысты қажетті шараларды қабылдасын.

4. Осы шешім «Акционерлік қоғамдар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 35-бабының 5-тармағына сәйкес «Энергоинформ» АҚ Жалғыз акционерінің шешімі болып есептелсін.

«ЖАҚ» - алты;

        «ҚАРСЫ» - жоқ;

        «ҚАЛЫС ҚАЛДЫ» - жоқ.

 

 

 

Жедел желі

Кері байланыс

Көмекші