Отырыстар

2024 жылғы 6 қыркүйекте «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің күндізгі отырысы өтті

«KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің отырысына қатысқандар:

1.   Ернат Құдайбергенұлы Бердіғұлов – «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы, «Самұрық-Қазына» АҚ өкілі.

2.   Нұрлан Заманбекұлы Аханзарипов – «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі, Аға тәуелсіз директор.

3.   Марат Тұрғанбекұлы Дұлқайыров– «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі, тәуелсіз директор.

4.   Дамир Серкбайұлы Сүентаев– «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі, тәуелсіз директор.

5.   Қаныш Тәңірбергенұлы Молдабаев – «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі, «Самұрық-Қазына» АҚ өкілі.

6. Мирас Қапарғалиұлы Қияқов – «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі, «Самұрық-Қазына» АҚ өкілі.

7. Нәби Еркінұлы Айтжанов– «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі, «KEGOC» АҚ Басқарма төрағасы.

Директорлар кеңесінің 2024 жылғы 6 қыркүйекте отырысында Директорлар кеңесінің 2017 жылғы 13 шілдедегі (№ 6 хаттама) шешімімен бекітілген, «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесі қабылдаған шешімдер бойынша мәселелер тізбесіне сәйкес, олар туралы ақпарат акционерлер мен инвесторлардың назарына жеткізілуі тиіс 5 (бес) мәселе қаралды.

1.   2024 жылғы 30 маусымда аяқталған алты айдағы «KEGOC» АҚ қаржылық есептемесін алдын ала бекіту туралы, 2024 жылдың бірінші жартыжылдығындағы «KEGOC» АҚ таза кірісін бөлу тәртібін және «KEGOC» АҚ бір жай акциясына есептегендегі дивиденд мөлшері туралы ұсыныс.

Директорлар кеңесі келесі шешімді қабылдады:

1. Осы шешімнің қосымшасына сай 2024 жылғы 30 маусымда аяқталған алты ай бойынша «KEGOC» АҚ-ның қоса берілген қаржылық есептемесі алдын ала бекітілсін.

2. «KEGOC» АҚ Акционерлерінің жалпы жиналысының қарауына «KEGOC» АҚ-ның 2024 жылғы 30 маусымда аяқталған алты ай бойынша «KEGOC» АҚ қаржылық есептемесін, «KEGOC» АҚ таза кірісін бөлу тәртібін бекіту, 2024 жылғы бірінші жартыжылдық бойынша жай акциялар бойынша дивидендтер төлеу туралы шешім қабылдау және бір жай акцияға есептегенде дивиденд мөлшерін бекіту туралы» мәселе шығарылсын.

3. «KEGOC» АҚ Акционерлерінің жалпы жиналысына ұсынылсын:

- 2024 жылғы бірінші жартыжылдықтағы таза кірісінің 64,5068406268084%-ын құрайтын 22 684 120 787,20 теңге (жиырма екі миллиард алты жүз сексен төрт миллион жүз жиырма мың жеті жүз сексен жеті теңге 20 тиын) «KEGOC» АҚ жай акцияларының барлық ұстаушыларына бөлінсін. Бұл бір жай акцияға есептегенде 82,40 теңге (сексен екі теңге 40 тиын).

- 2024 жылғы бірінші жартыжылдықтағы «KEGOC» АҚ таза кірісінің 35,4931593731916%-ын құрайтын 12 481 329 212,80 (он екі миллиард төрт жүз сексен бір миллион үш жүз жиырма тоғыз мың екі жүз он екі теңге 80 тиын) теңге

мөлшеріндегі қалған сома «KEGOC» АҚ-ның иелігінде дамуға қалдырылсын.

4. «KEGOC» АҚ Акционерлерінің жалпы жиналысына ұсынылсын:

- 2024 жылғы 28 қазанда 00 сағат 00 минуттағы жай-күй бойынша 2024 жылғы бірінші жартыжылдықта «KEGOC» АҚ жай акциялары бойынша дивидендтер алуға құқығы бар «KEGOC» АҚ акционерлерінің тізімі бекітілсін;

- 2024 жылғы бірінші жартыжылдықта «KEGOC» АҚ жай акциялары бойынша дивидендтерді төлеудің басталу күні 2024 жылғы 1 қарашаға белгіленсін.

5. «KEGOC» АҚ Басқарма төрағасы (Н.Е. Айтжанов) осы шешімнен туындайтын тиісті шараларды қабылдасын.

«ЖАҚ» - жеті;

«ҚАРСЫ» - жоқ;

«ҚАЛЫС ҚАЛДЫ» - жоқ.

2.   «KEGOC» АҚ Акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысын шақыру туралы. 

Директорлар кеңесі келесі шешімді қабылдады:

1. «KEGOC» АҚ Акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысы Астана қаласы, Алматы ауданы, Тәуелсіздік даңғылы, 59 ғимарат мекенжайы бойынша 2024 жылғы «11» қазанда сағат 11: 30-да шақырылсын.

2. «KEGOC» АҚ Акционерлерінің кезектен тыс қайталама жалпы жиналысын өткізу күні («KEGOC» АҚ Акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысының бірінші отырысында кворум болмаған жағдайда) осы шешімнің 1-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша 2024 жылғы «14» қазан 11 сағат 30 минутқа белгіленсін.

3. «KEGOC» АҚ Акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысы отырысының күн тәртібіне «KEGOC» АҚ-ның 2024 жылғы 30 маусымда аяқталған алты ай бойынша «KEGOC» АҚ қаржылық есептемесін, «KEGOC» АҚ таза кірісін бөлу тәртібін бекіту, 2024 жылғы бірінші жартыжылдық бойынша жай акциялар бойынша дивидендтер төлеу туралы шешім қабылдау және бір жай акцияға есептегенде дивиденд мөлшерін бекіту туралы» мәселе шығарылсын.

4. Акционерлердің кезектен тыс жалпы жиналысына қатысуға құқығы бар акционерлердің тізімін жасау күні 2024 жылғы 16 қыркүйекке белгіленсін.

5. «KEGOC» АҚ Басқарма төрағасы (Н.Е. Айтжанов) осы шешімнен туындайтын тиісті шараларды қабылдасын.

«ЖАҚ» - жеті;

«ҚАРСЫ» - жоқ;

«ҚАЛЫС ҚАЛДЫ» - жоқ.

3.   «KEGOC» АҚ және құрамына «Building and construction» ЖШС, «Научно-инжиниринговый центр Энергетика» ЖШС-мен бірге «EIS Corporation» ЖШС кіретін консорциум арасында «Батыс Қазақстанның энергия жүйесін Қазақстан БЭЖ-імен біріктіру. Электр желілік объектілерді салу» жобасы шеңберінде «500 кВ Өлке ҚС – 500 кВ Қарабатан ҚС 500 кВ ӘЖ салу» «толық аяқталған» құрылыс бойынша кешенді жұмыстарды сатып алу туралы шарт бойынша жұмыстарды орындауға арналған ірі мәміле жасау туралы.

Директорлар кеңесі келесі шешімді қабылдады:

1. «KEGOC» АҚ және құрамына «Building and construction» ЖШС, «Научно-инжиниринговый центр Энергетика» ЖШС-мен бірге «EIS Corporation» ЖШС кіретін консорциум арасында «Батыс Қазақстанның энергия жүйесін Қазақстан БЭЖ-імен біріктіру. Электр желілік объектілерді салу» жобасы шеңберінде «500 кВ Өлке ҚС – 500 кВ Қарабатан ҚС 500 кВ ӘЖ салу» «толық аяқталған» құрылыс бойынша кешенді жұмыстарды сатып алу туралы шартқа қол қою арқылы ҚҚС-ны есепке алғанда 138 380 856 096,00 (жүз отыз сегіз миллиард үш жүз сексен миллион сегіз жүз елу алты мың тоқсан алты теңге 00 тиын) теңге сомасына ірі мәсміле жасалсын.

2. «KEGOC» АҚ Басқарма төрағасы (Н.Е. Айтжанов) осы шешімді іске асыру үшін қажетті шараларды қабылдасын.

«ЖАҚ» - жеті;

«ҚАРСЫ» - жоқ;

«ҚАЛЫС ҚАЛДЫ» - жоқ. 

4. «КЕGОС» АҚ ірі инвестициялық жобаларын іске асыру жөніндегі 2023 жылғы 1-тоқсандағы есепті назарға алу туралы.

Директорлар кеңесі «KEGOC» АҚ-ның 2024 жылғы 2-тоқсандағы ірі инвестициялық жобаларын іске асыру туралы есепті назарға алу туралы шешім қабылдады.

«ЖАҚ» - жеті;

«ҚАРСЫ» - жоқ;

«ҚАЛЫС ҚАЛДЫ» - жоқ. 

5. Директорлар кеңесінің Аудит жөніндегі комитетінің құрамына өзгерістер енгізу туралы.

Директорлар кеңесі келесі шешімді қабылдады:

1. «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің Аудит жөніндегі комитетінің сарапшысы (дауыс беру құқығынсыз) Мақсат Мырзатайдың өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылсын.

2. Манар Семейканұлы Оразов «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің Аудит жөніндегі комитетінің сарапшысы (дауыс беру құқығынсыз) болып сайлансын.

«ЖАҚ» - жеті;

«ҚАРСЫ» - жоқ;

«ҚАЛЫС ҚАЛДЫ» - жоқ.

    

Жедел желі

Кері байланыс

Көмекші