Отырыстар

2024 жылғы 19 желтоқсанда «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің күндізгі отырыс өтті

«KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің отырысына қатысқандар:

1.   Ернат Құдайбергенұлы Бердіғұлов – «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы, «Самұрық-Қазына» АҚ өкілі.

2.   Нұрлан Заманбекұлы Аханзарипов – «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі, Аға тәуелсіз директор.

3.   Марат Тұрғанбекұлы Дұлқайыров– «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі, тәуелсіз директор.

4.   Дамир Серкбайұлы Сүентаев– «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі, тәуелсіз директор.

5.   Қаныш Тәңірбергенұлы Молдабаев – «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі, «Самұрық-Қазына» АҚ өкілі.

6. Мирас Қапарғалиұлы Қияқов – «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі, «Самұрық-Қазына» АҚ өкілі.

7. Нәби Еркінұлы Айтжанов– «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі, «KEGOC» АҚ Басқарма төрағасы.

Директорлар кеңесінің 2024 жылғы 19 желтоқсандағы отырысында Директорлар кеңесінің 2017 жылғы 13 шілдедегі (№ 6 хаттама) шешімімен бекітілген, «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесі қабылдаған шешімдер бойынша мәселелер тізбесіне сәйкес, олар туралы ақпарат акционерлер мен инвесторлардың назарына жеткізілуі тиіс 4 (төрт) мәселе қаралды.

1. «KEGOC» АҚ мен Еуропалық Қайта Құру және Даму Банкі арасында ірі мәміле жасау туралы.

Директорлар кеңесі мынадай шешім қабылдады:

1. Келесі негізгі талаптармен кредиттік шартқа қол қою арқылы «KEGOC» АҚ мен Еуропалық Қайта Құру және Даму Банкі арасында ірі мәміле жасау:

  • қарыз сомасы - 133 330 000 000 теңгеге дейін (ЕҚДБ кредиті) және 15 000 000 еуроға дейін (ЕҚДБ Қорының (HIPCA) қаражатынан кредит);
  • қарыз валютасы-Теңге және Еуро;
  • өтеу мерзімі-2044 жылғы 20 қараша;
  • жылдық пайыздық мөлшерлеме (Теңгемен қарыз) - TONIA аралас мөлшерлемесі плюс маржа-жылдық 2,00% және пассивтерден алынған спрэд (теңгемен) - жылдық 0,75% ;
  • жылдық пайыздық мөлшерлеме (Еуромен қарыз) - жылдық 0,5% ;
  • негізгі қарызды өтеу - 2028 жылғы 20 мамырдан бастап 34 жартыжылдық тең төлем.

2. «KEGOC» АҚ Басқарма төрағасы (Н.Е. Айтжанов) осы шешімді іске асыру үшін қажетті шараларды қабылдасын.

«ЖАҚ» - жеті;

«ҚАРСЫ» - жоқ;

«ҚАЛЫС ҚАЛДЫ» - жоқ.

2. «KEGOC» АҚ Атқарушы дирекциясының ұйымдық құрылымына өзгерістерді бекіту туралы.

Директорлар кеңесі мынадай шешім қабылдады:

1. Осы шешімнің қосымшасына сай Директорлар кеңесінің 2024 жылғы 31 қаңтардағы шешімімен (№1 хаттама) бекітілген «KEGOC» АҚ Атқарушы дирекциясының ұйымдық құрылымына өзгерістер 2025 жылғы 13 қаңтардан бастап бекітілсін және қолданысқа енгізілсін.

2. «KEGOC» АҚ Басқарма төрағасы (Н.Е. Айтжанов) осы шешімнен туындайтын, оның ішінде еңбек жағдайлары өзгеретін қызметкерлерге қатысты Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасын сақтау жөнінде қажетті шаралар қабылдасын.

«ЖАҚ» - жеті;

«ҚАРСЫ» - жоқ;

«ҚАЛЫС ҚАЛДЫ» - жоқ. 

3. «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесіне «ҚазТрансОйл» ҰК» АҚ Директорлар кеңесінің тәуелсіз директоры ретінде жұмыс істеуге келісім беру туралы.

Директорлар кеңесі Директорлар кеңесінің мүшесі, «KEGOC» АҚ аға тәуелсіз директоры Аханзарипов Нұрлан Заманбекұлына тағайындалған күннен бастап «ҚазТрансОйл ҰК» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі болып сайлану мүмкіндігін келісу туралы шешім қабылдады.

«ЖАҚ» - алты;

«ҚАРСЫ» - жоқ;

«ҚАЛЫС ҚАЛДЫ» - жоқ. 

4. Әзірбайжан Республикасы, Қазақстан Республикасы және Өзбекстан Республикасы арасында «жасыл» энергияны дамыту және жеткізу жөніндегі жобаны іске асыру шеңберінде «KEGOC» АҚ Әзірбайжан Республикасында заңды тұлға құруға қатысуын мақұлдау туралы.

Директорлар кеңесі мынадай шешім қабылдады:

1.   Әзірбайжан Республикасы, Қазақстан Республикасы және Өзбекстан Республикасы арасында «жасыл» энергияны дамыту және жеткізу жөніндегі жобаны іске асыру шеңберінде Әзірбайжан Республикасында заңды тұлға құруға «KEGOC» АҚ қатысуы мақұлдансын.

2.   Осы шешімнің 1-тармағы Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Әзірбайжан Республикасында заңды тұлға құруға «KEGOC» АҚ қатысуы бойынша мақұлдауын, Азия даму банкінен, Қазақстан Даму Банкінен» және Еуропалық Қайта Құру және даму банкінен мақұлдауын алғаннан, сондай-ақ «Самұрық-Қазына» АҚ инвестициялық-стратегиялық комитетінің мақұлдауын алғаннан кейін күшіне енеді.

3.   «KEGOC» АҚ Басқарма төрағасы (Н.Е. Айтжанов) осы шешімнен туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.

«ЖАҚ» - жеті;

«ҚАРСЫ» - жоқ;

«ҚАЛЫС ҚАЛДЫ» - жоқ.

 

Жедел желі

Кері байланыс

Көмекші