Отырыстар

2025 жылғы 31 қаңтарда «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің күндізгі отырысы өтті

«KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің отырысына қатысқандар:

1.   Ернат Құдайбергенұлы Бердіғұлов – «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы, «Самұрық-Қазына» АҚ өкілі.

2.   Нұрлан Заманбекұлы Аханзарипов – «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі, Аға тәуелсіз директор.

3.   Марат Тұрғанбекұлы Дұлқайыров– «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі, тәуелсіз директор.

4.   Дамир Серкбайұлы Сүентаев– «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі, тәуелсіз директор.

5.   Қаныш Тәңірбергенұлы Молдабаев – «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі, «Самұрық-Қазына» АҚ өкілі.

6.   Мирас Қапарғалиұлы Қияқов – «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі, «Самұрық-Қазына» АҚ өкілі.

7.   Нәби Еркінұлы Айтжанов– «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі, «KEGOC» АҚ Басқарма төрағасы.

 

Директорлар кеңесінің 2024 жылғы 31 қаңтардағы отырысында Директорлар кеңесінің 2017 жылғы 13 шілдедегі (№ 6 хаттама) шешімімен бекітілген, «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесі қабылдаған шешімдер бойынша мәселелер тізбесіне сәйкес, олар туралы ақпарат акционерлер мен инвесторлардың назарына жеткізілуі тиіс 2 (екі) мәселе қаралды.

 

1.   2025 жылға жабдыққа жедел және пайдалану қызметін көрсету бойынша жұмыстарды ұйымдастыру шарттарына қол қою арқылы жасалуында мүдделілігі бар мәмілелер жасау туралы.

Директорлар кеңесі мынадай шешім қабылдады:

1. «KEGOC» АҚ белгіленген тәртіпте жасалуында мүдделілігі бар 2025 жылға арналған жабдыққа жедел және пайдалану қызметін көрсету бойынша жұмыстарды ұйымдастыруға арналған келесі мәмілелерді жасасын:

1) «KEGOC» АҚ «Ақтөбе ЖЭТ» филиалы мен «Батыс транзит» АҚ арасында «Батыс транзит» АҚ-ның 500 кВ «Өлке» ҚС 220 кВ АТҚ-да және 220 кВ «Өлке-Қазхром 1» және «Өлке – Қазхром 2» ӘЖ электр жеткізу желілерінде орналасқан жабдығына пайдалану бойынша қызмет көрсету жұмыстарын ұйымдастыруға;

2) «KEGOC» АҚ «Ақтөбе ЖЭТ» филиалы мен «Батыс транзит» АҚ арасында «Батыс транзит» АҚ-ның 500 кВ «Өлке» ҚС 500 кВ АТҚ-да және 500 кВ «Жітіқара-Өлке» ӘЖ электр жеткізу желілерінде орналасқан жабдығына пайдалану бойынша қызмет көрсету жұмыстарын ұйымдастыруға;

3) «KEGOC» АҚ «Сарыбай ЖЭТ» филиалы мен «Батыс транзит» АҚ арасында «Батыс транзит» АҚ-ның 500 кВ «Жітіқара» ҚС 500 кВ АТҚ-да және 500 кВ «Жітіқара-Өлке» ӘЖ электр жеткізу желілерінде орналасқан жабдығына пайдалану бойынша қызмет көрсету жұмыстарын ұйымдастыруға.

2. «KEGOC» АҚ Басқарма төрағасы (Н.Е. Айтжанов) осы шешімнен туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.

«ЖАҚ» - үш;

«ҚАРСЫ» - жоқ;

«ҚАЛЫС ҚАЛДЫ» - жоқ.

 

2. «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесі мүшелерінің біліктілігін арттырудың 2025 жылға арналған жоспарын бекіту туралы.  

Директорлар кеңесі мынадай шешім қабылдады:

1. 2025 жылға арналған «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесі мүшелерінің біліктілігін арттыру жоспары осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін

2. Корпоративтік хатшы О. Ж. Имятов осы шешімді іске асыруға байланысты қажетті шараларды қабылдасын.

«ЖАҚ» - жеті;

«ҚАРСЫ» - жоқ;

«ҚАЛЫС ҚАЛДЫ» - жоқ.

 

 

 

 

 

 

 

 

Жедел желі

Кері байланыс

Көмекші