«KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің отырысына қатысқандар:
1. Ернат Құдайбергенұлы Бердіғұлов – «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы, «Самұрық-Қазына» АҚ өкілі.
2. Нұрлан Заманбекұлы Аханзарипов – «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі, Аға тәуелсіз директор.
3. Марат Тұрғанбекұлы Дұлқайыров– «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі, тәуелсіз директор.
4. Дамир Серікбайұлы Сүентаев– «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі, тәуелсіз директор.
5. Қаныш Тәңірбергенұлы Молдабаев – «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі, «Самұрық-Қазына» АҚ өкілі.
6. Мирас Қапарғалиұлы Қияқов – «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі, «Самұрық-Қазына» АҚ өкілі.
7. Нәби Еркінұлы Айтжанов– «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі, «KEGOC» АҚ Басқарма төрағасы.
Директорлар кеңесінің 2024 жылғы 28 ақпандағы отырысында Директорлар кеңесінің 2017 жылғы 13 шілдедегі (№ 6 хаттама) шешімімен бекітілген, «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесі қабылдаған шешімдер бойынша мәселелер тізбесіне сәйкес, олар туралы ақпарат акционерлер мен инвесторлардың назарына жеткізілуі тиіс 2 (екі) мәселе қаралды.
1. «Негізгі параметрлерді бекіту және» «Қазақстан БЭЖ-і Оңтүстік аймағының электр желісін күшейту. Электр желілік объектілерді салу» жобасын «Айқындау» және «Іске асыру» кезеңдеріне көшу жөніндегі шешім қабылдау туралы «мәселе бойынша «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің 2023 жылғы 31 мамырдағы шешіміне (№ 5 хаттама) өзгеріс енгізу туралы.
Директорлар кеңесі ШЕШТІ:
1. «Негізгі параметрлерді бекіту және» Қазақстан БЭЖ-і Оңтүстік аймағының электр желісін күшейту. Электр желілік объектілерді салу» жобасын «Айқындау» және «Іске асыру» кезеңдеріне көшу туралы шешім қабылдау туралы «мәселе бойынша «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің 2023 жылғы 31 мамырдағы шешімінің (№5 хаттама) 1-тармағына мынадай өзгеріс енгізілсін.
«Жобаның негізгі параметрлері» кестесінің реттік нөмірі 7-жол осы шешімнің қосымшасына сәйкес редакцияда жазылсын.
2. Осы шешімнің 1-тармағы «KEGOC» АҚ облигацияларын ұстаушылардың жалпы жиналысының «KEGOC» АҚ екінші облигациялық бағдарламасының облигациялардың екінші шығарылымының проспектісіне өзгерістер енгізу туралы «мәселе бойынша «KEGOC»АҚ облигацияларын ұстаушылардың келісімін алғаннан кейін күшіне енеді.
«ЖАҚ» - жеті;
«ҚАРСЫ» - жоқ;
«ҚАЛЫС ҚАЛДЫ» - жоқ.
2. 2024 жылғы 4-тоқсандағы ірі инвестициялық жобаларды іске асыру жөніндегі есепті назарға алу туралы.
Директорлар кеңесі «KEGOC» АҚ-ның 2024 жылғы 4-тоқсандағы ірі инвестициялық жобаларын іске асыру туралы есепті назарға алу туралы шешім қабылдады.
«ЖАҚ» - жеті;
«ҚАРСЫ» - жоқ;
«ҚАЛЫС ҚАЛДЫ» - жоқ.