Отырыстар

2025 жылғы 26 наурызда «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің күндізгі отырысы өтті

«KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің отырысына қатысқандар:

1.   Ернат Құдайбергенұлы Бердіғұлов – «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы, «Самұрық-Қазына» АҚ өкілі.

2.   Нұрлан Заманбекұлы Аханзарипов – «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі, Аға тәуелсіз директор.

3.   Марат Тұрғанбекұлы Дұлқайыров– «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі, тәуелсіз директор.

4.   Дамир Серікбайұлы Сүентаев– «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі, тәуелсіз директор.

5.   Қаныш Тәңірбергенұлы Молдабаев – «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі, «Самұрық-Қазына» АҚ өкілі.

6.   Мирас Қапарғалиұлы Қияқов – «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі, «Самұрық-Қазына» АҚ өкілі.

7.   Нәби Еркінұлы Айтжанов– «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі, «KEGOC» АҚ Басқарма төрағасы.                          

Директорлар кеңесінің 2024 жылғы 26 наруыздағы отырысында Директорлар кеңесінің 2017 жылғы 13 шілдедегі (№ 6 хаттама) шешімімен бекітілген, «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесі қабылдаған шешімдер бойынша мәселелер тізбесіне сәйкес, олар туралы ақпарат акционерлер мен инвесторлардың назарына жеткізілуі тиіс 7 (жеті) мәселе қаралды. 

1. «KEGOC» АҚ-ның 2024 жылғы 31 желтоқсанда аяқталған жыл үшін қаржылық есептемесін алдын ала бекіту туралы, «KEGOC» АҚ-ның таза кірісін бөлу тәртібі және «KEGOC» АҚ-ның 2024 жылғы екінші жартыжылдықтағы бір жай акциясына есептегенде дивиденд мөлшері туралы ұсыныс.

Директорлар кеңесі мынадай шешім қабылдады:

1. Осы Хаттамаға 1-қосымшаға сәйкес «KEGOC» АҚ-ның 2024 жылғы 31 желтоқсанда аяқталған жыл үшін қоса беріліп отырған қаржылық есептемесі (шоғырландырылған және жеке) алдын ала бекітілсін.

2. «KEGOC» АҚ акционерлерінің жалпы жиналысының қарауына «KEGOC» АҚ-ның 2024 жылғы 31 желтоқсанда аяқталған жыл үшін қаржылық есептемесі, таза кірісті бөлу тәртібін бекіту, жай акциялар бойынша дивидендтер төлеу туралы шешім қабылдау және «KEGOC» АҚ-ның 2024 жылғы екінші жартыжылдықтағы бір жай акциясына есептегенде дивиденд мөлшерін бекіту туралы мәселе шығарылсын».

3. «KEGOC» АҚ акционерлерінің жалпы жиналысына ұсынылсын:

- 2024 жылғы таза табыстың 75,6051502105642% - ы (2024 жылғы бірінші жартыжылдықтың нәтижелері бойынша төленген дивидендтерді шегергенде) «KEGOC» АҚ жай акцияларының барлық ұстаушыларына 22 298 710 968,00 теңге (жиырма екі миллиард екі жүз тоқсан сегіз миллион жеті жүз он мың тоғыз жүз алпыс сегіз теңге 00 тиын) мөлшерінде бөлінсін», бұл бір жай акцияға есептегенде 81,00 теңге (сексен бір теңге 00 тиын) болады;

– «KEGOC» АҚ-ның 2024 жылғы таза кірісінің 24,3948497894358% құрайтын 14 514 215 244,80 (он төрт миллиард бес жүз он төрт миллион екі жүз он бес мың екі жүз қырық төрт теңге 80 тиын) мөлшеріндегі қалған сома «KEGOC» АҚ-ның иелігінде даму үшін қалдырылсын.

4. «KEGOC» АҚ акционерлерінің жалпы жиналысына ұсынылсын:

- 2024 жылдың екінші жартыжылдығында «KEGOC» АҚ жай акциялары бойынша дивидендтер алуға құқығы бар «KEGOC» АҚ акционерлерінің тізімін 2025 жылғы 28 мамырда 00 сағат 00 минутқа дейін бекітсін;

- 2024 жылдың екінші жартыжылдығында «KEGOC» АҚ жай акциялары бойынша дивидендтерді төлеудің басталу күні 2025 жылдың 4 маусымына белгіленсін.

5. «KEGOC»АҚ Басқарма төрағасы (Н.Е.Айтжанов) осы шешімнен туындайтын тиісті шараларды қабылдасын.

«ЖАҚ» - жеті;

«ҚАРСЫ» - жоқ;

«ҚАЛЫС ҚАЛДЫ» - жоқ.

2. 2025 жылға арналған «KEGOC» АҚ Тобының қаржылық есептемесіне аудит жүргізетін аудиторлық ұйымды және оның қызметтеріне ақы төлеу мөлшерін алдын ала анықтау туралы.

Директорлар кеңесі «KEGOC» АҚ акционерлерінің жалпы жиналысына «KEGOC» АҚ («Энергоинформ» АҚ-сыз) үшін аудиторлық қызметтердің құны ҚҚС-сыз, 52 200 000,00 (елу екі миллион екі жүз мың) теңге мөлшерінде, «KEGOC» АҚ тобының 2025 жылға арналған қаржылық есептеменің аудитін жүзеге асыратын аудиторлық ұйым ретінде «RSM Qazaqstan» ЖШС-ны белгілеуді мақұлдау және ұсыну туралы шешім қабылдады.

«ЖАҚ» - жеті;

«ҚАРСЫ» - жоқ;

«ҚАЛЫС ҚАЛДЫ» - жоқ.

3. Есеп комиссиясының сандық құрамы мен өкілеттік мерзімін анықтау және оның мүшелерін сайлау жөніндегі мәселені алдын ала қарау туралы.

1. «KEGOC» АҚ акционерлерінің жылдық жалпы жиналысының қарауына және алдын ала шығарылсын:

1) өкілеттік мерзімі 2025 жылғы 26 мамырдан бастап 3 (үш) жылға 7 (жеті) адам санындағы есеп комиссиясының құрамы анықталсын;

2) келесі ұсынылған кандидатуралар таңдалсын:

– Есеп комиссиясының төрағасы-Заң департаментінің бас менеджері Шаяхмет Қажымұратұлы Тоқубаев;

- Есеп комиссиясының мүшелері:

- Саутпаев Тимур Мұратұлы-Инвесторлармен байланыс департаментінің бас менеджері;

– Жакеева Алмагүл Қадылбекқызы-Коммуникациялар қызметінің баспасөз хатшысы;

- Батырқанова Айпери Алмазқызы-Жоспарлау және экономикалық талдау департаментінің бас менеджері;

- Кенжебаева Айнаш Төлегенқызы-Тұрақты және корпоративтік даму департаментінің менеджері;

- Урпекова Гүлмира Кәрімқызы-Корпоративтік қаржы департаментінің менеджері;

- Қоңқабаева Айнұр Амантайқызы-Коммуникациялар қызметінің менеджері.

2. «KEGOC» АҚ Басқарма төрағасы (Н.Е.Айтжанов) осы шешімнен туындайтын тиісті шараларды қабылдасын.

«ЖАҚ» - жеті;

«ҚАРСЫ» - жоқ;

«ҚАЛЫС ҚАЛДЫ» - жоқ. 

4. Акционерлердің «KEGOC» АҚ және оның лауазымды тұлғаларының іс-әрекеттеріне өтініштері және оларды қарау қорытындылары туралы мәселені алдын ала қарау туралы.

1. «KEGOC» АҚ акционерлерінің жылдық жалпы жиналысының қарауына 2024 жылғы 1 қаңтар мен 31 желтоқсан аралығында «KEGOC» АҚ және оның лауазымды тұлғаларының іс-әрекеттеріне акционерлердің өтініштерінің болмауы туралы ақпарат алдын ала мақұлдансын және шығарылсын.

2. «KEGOC» АҚ Басқарма төрағасы (Н.Е.Айтжанов) осы шешімнен туындайтын тиісті шараларды қабылдасын.

«ЖАҚ» - жеті;

«ҚАРСЫ» - жоқ;

«ҚАЛЫС ҚАЛДЫ» - жоқ. 

5. «KEGOC» АҚ акционерлерінің жылдық жалпы жиналысын шақыру туралы.

Директорлар кеңесі мынадай шешім қабылдады:

1. «KEGOC» АҚ акционерлерінің жылдық жалпы жиналысы Астана қаласы, Тәуелсіздік даңғылы, 59 ғимарат мекенжайы бойынша күндізгі дауыс беру арқылы 2025 жылғы «28» сәуірге 11 сағат 30 минутта шақырылсын;

2. «KEGOC» АҚ акционерлерінің жылдық жалпы жиналысының қайталама күні («KEGOC» АҚ акционерлерінің жылдық жалпы жиналысының бірінші отырысында кворум болмаған жағдайда) Астана қаласы, Тәуелсіздік даңғылы, 59 ғимарат мекенжайы бойынша күндізгі дауыс беру арқылы 2025 жылғы «29» сәуірге 11 сағат 30 минутта белгіленсін.

3. «KEGOC» АҚ акционерлерінің жылдық жалпы жиналысы отырысының күн тәртібіне мына мәселелер енгізілсін:

- «KEGOC» АҚ акционерлерінің жалпы жиналысының қарауына «KEGOC» АҚ-ның 2024 жылғы 31 желтоқсанда аяқталған жыл үшін қаржылық есептемесі, таза кірісті бөлу тәртібін бекіту, жай акциялар бойынша дивидендтер төлеу туралы шешім қабылдау және «KEGOC» АҚ-ның 2024 жылғы екінші жартыжылдықтағы бір жай акциясына есептегенде дивиденд мөлшерін бекіту туралы.

- «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің құрамын өзгерту туралы.

- «Акционерлердің «KEGOC» АҚ және оның лауазымды тұлғаларының іс-әрекеттеріне өтініштері және оларды қарау қорытындылары туралы»;

- «Санақ комиссиясының сандық құрамын, өкілеттік мерзімін анықтау және оның мүшелерін сайлау туралы»;

   - «KEGOC» АҚ тобының 2025 жылғы қаржылық есептемесіне аудит жүргізетін аудиторлық ұйымды және оның қызметтеріне ақы төлеу мөлшерін анықтау туралы».

4. Акционерлердің жалпы жиналысына қатысуға құқығы бар акционерлердің тізімін жасау күні 2025 жылғы 3 сәуір болып белгіленсін.

5. «KEGOC» АҚ Басқарма төрағасы (Н.Е.Айтжанов) осы шешімнен туындайтын тиісті шараларды қабылдасын.

«ЖАҚ» - жеті;

«ҚАРСЫ» - жоқ;

«ҚАЛЫС ҚАЛДЫ» - жоқ. 

6. «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесі мүшелерінің сабақтастық жоспарын қалыптастыру жөніндегі бекіту туралы.

1. «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесі мүшелерінің сабақтастық жоспарын қалыптастыру жөніндегі Р KEGOC АҚ-322-25-ДК регламенті осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.

2. «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің тағайындаулары мен сыйақылары жөніндегі комитетке «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесі мүшелерінің сабақтастық жоспарын әзірлеуді тапсырсын.

«ЖАҚ» - жеті;

«ҚАРСЫ» - жоқ;

«ҚАЛЫС ҚАЛДЫ» - жоқ.

7. 2024 жылғы жұмыс қорытындылары бойынша «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің және оның комитеттерінің қызметі туралы есепті қарау туралы.

1. 2024 жылғы жұмыс қорытындысы бойынша «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесі мен оның комитеттерінің қызметі туралы есеп назарға алынсын.

2. Корпоративтік хатшыға (О.Ж. Имятов) осы шешімнің қосымшасына сәйкес 2024 жылғы жұмыс қорытындылары бойынша «KEGOC» АҚ жылдық есебінің құрамына енгізу үшін 2024 жылғы жұмыс қорытындылары бойынша «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесі мен оның комитеттерінің қызметі туралы есеп жіберуді тапсырсын.

«ЖАҚ» - жеті;

«ҚАРСЫ» - жоқ;

«ҚАЛЫС ҚАЛДЫ» - жоқ.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Жедел желі

Кері байланыс

Көмекші