Отырыстар

2025 жылғы 9 қыркүйекте «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің күндізгі отырысы өтті

«KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің отырысына қатысқандар:

1.   Нұрлан Қаршығаұлы Жақыпов – «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы, «Самұрық-Қазына» АҚ өкілі.

2.   Нұрлан Заманбекұлы Аханзарипов – «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі, Аға тәуелсіз директор.

3.   Марат Тұрғанбекұлы Дұлқайыров – «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі, тәуелсіз директор.

4.   Дамир Серікбайұлы Сүентаев – «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі, тәуелсіз директор.

5.   Қаныш Тәңірбергенұлы Молдабаев – «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі, «Самұрық-Қазына» АҚ өкілі.

6.   Мирас Қапарғалиұлы Қияқов – «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі, «Самұрық-Қазына» АҚ өкілі.

7.   Нәби Еркінұлы Айтжанов – «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі, «KEGOC» АҚ Басқарма төрағасы.

                              

Директорлар кеңесінің 2025 жылғы 9 қыркүйектегі отырысында Директорлар кеңесінің 2017 жылғы 13 шілдедегі (№ 6 хаттама) шешімімен бекітілген, «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесі қабылдаған шешімдер бойынша мәселелер тізбесіне сәйкес, олар туралы ақпарат акционерлер мен инвесторлардың назарына жеткізілуі тиіс 4 (төрт) мәселе қаралды.

1.       2025 жылғы 30 маусымда аяқталған алты айдағы «KEGOC» АҚ қаржылық есептемесін алдын ала бекіту туралы, 2025 жылдың бірінші жартыжылдығындағы «KEGOC» АҚ таза кірісін бөлу тәртібі және «KEGOC» АҚ бір жай акциясына есептегендегі дивиденд мөлшері туралы ұсыныс.

Директорлар кеңесі мынадай шешім қабылдады:

1. Осы шешімнің 1-2-қосымшаларына сәйкес 2025 жылғы 30 маусымда аяқталған алты ай үшін «KEGOC» АҚ қоса беріліп отырған қаржылық есептілігі (шоғырландырылған және жеке) алдын ала бекітілсін.

2. «KEGOC» АҚ акционерлерінің жалпы жиналысының қарауына «KEGOC» АҚ-ның 2025 жылғы 30 маусымда аяқталған алты айдағы қаржылық есептілігін, таза табысты бөлу тәртібін бекіту, жай акциялар бойынша дивидендтер төлеу туралы шешім қабылдау және 2025 жылғы бірінші жартыжылдықта «KEGOC» АҚ-ның бір жай акциясына есептегенде дивиденд мөлшерін бекіту туралы» мәселе шығарылсын».

3. «KEGOC» АҚ акционерлерінің жалпы жиналысына ұсынылсын:

- 2025 жылдың бірінші жартыжылдығындағы таза табыстың 65,0077835763733% - ы «KEGOC» АҚ жай акцияларының барлық ұстаушыларына 22 271 181 695,20 теңге (жиырма екі миллиард екі жүз жетпіс бір миллион бір жүз сексен бір мың алты жүз тоқсан бес теңге 20 тиын) мөлшерінде бөлінсін, бұл бір жай акцияға есептегенде 80,90 теңге (сексен теңге 90 тиын);

- 2025 жылдың бірінші жартыжылдығында «KEGOC» АҚ таза табысының 35,9922164236267%-ын құрайтын 11 988 072 304,80 (он бір миллиард тоғыз жүз сексен сегіз миллион жетпіс екі мың үш жүз төрт теңге 80 тиын) мөлшеріндегі қалған сома «KEGOC» АҚ-ның иелігінде дамуға қалдырылсын.

4. «KEGOC» АҚ акционерлерінің жалпы жиналысына ұсынылсын:

- 2025 жылғы 28 қазанда 00 сағат 00 минутқа 2025 жылдың бірінші жартыжылдығында «KEGOC» АҚ жай акциялары бойынша дивидендтер алуға құқығы бар «KEGOC» АҚ акционерлерінің тізімі бекітілсін;

- 2025 жылдың бірінші жартыжылдығында «KEGOC» АҚ жай акциялары бойынша дивидендтерді төлеудің басталу күні 2025 жылдың 10 қарашасына белгіленсін.

5. «KEGOC» АҚ Басқарма төрағасы (Н.Е. Айтжанов) осы шешімнен туындайтын тиісті шараларды қабылдасын.

«ЖАҚ» - жеті;

«ҚАРСЫ» - жоқ;

«ҚАЛЫС ҚАЛДЫ» - жоқ.

 

2. «KEGOC» АҚ Акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысын шақыру туралы.

Директорлар кеңесі келесі шешімді қабылдады:

1. «KEGOC» АҚ Акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысы Астана қаласы, Алматы ауданы, Тәуелсіздік даңғылы, 59 ғимарат мекенжайы бойынша 2025 жылғы «20» қазанда сағат 11: 30-да шақырылсын.

2. «KEGOC» АҚ Акционерлерінің кезектен тыс қайталама жалпы жиналысын өткізу күні («KEGOC» АҚ Акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысының бірінші отырысында кворум болмаған жағдайда) осы шешімнің 1-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша 2025 жылғы «21» қазан 11 сағат 30 минутқа белгіленсін.

3. «KEGOC» АҚ акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысы отырысының күн тәртібіне мынадай мәселелер енгізілсін:

- «KEGOC» АҚ Жарғысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»;

- «KEGOC» АҚ-ның 2025 жылғы 30 маусымда аяқталған алты айдағы қаржылық есептілігін, таза табысты бөлу тәртібін бекіту, жай акциялар бойынша дивидендтер төлеу туралы шешім қабылдау және 2025 жылғы бірінші жартыжылдықтағы «KEGOC» АҚ-ның бір жай акциясына есептегенде дивиденд мөлшерін бекіту туралы».

4. Акционерлердің кезектен тыс жалпы жиналысына қатысуға құқығы бар акционерлердің тізімін жасау күні 2025 жылғы 24 қыркүйекте белгіленсін.

5. «KEGOC» АҚ Басқарма төрағасы (Н.Е. Айтжанов) осы шешімнен туындайтын тиісті шараларды қабылдасын.

«ЖАҚ» - жеті;

«ҚАРСЫ» - жоқ;

«ҚАЛЫС ҚАЛДЫ» - жоқ.

 

2.   «KEGOC» АҚ Жарғысына өзгерістер мен толықтыруларды мақұлдау туралы.

Директорлар кеңесі мынадай шешім қабылдады:

1. Осы шешімнің қосымшасына сай «KEGOC» АҚ Жарғысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы «мәселе мақұлдансын және «KEGOC» АҚ акционерлерінің жалпы жиналысының қарауына шығарылсын.

2. «KEGOC» АҚ Басқарма төрағасы (Н.Е. Айтжанов) осы шешімді іске асыруға байланысты қажетті шараларды қабылдасын.

«ЖАҚ» - жеті;

«ҚАРСЫ» - жоқ;

«ҚАЛЫС ҚАЛДЫ» - жоқ.

 

4. 2025 жылдың екінші тоқсанындағы ірі инвестициялық жобаларды іске асыру жөніндегі есепті назарға алу туралы.

Директорлар кеңесі «KEGOC» АҚ-ның 2025 жылғы 2-тоқсандағы ірі инвестициялық жобаларын іске асыру туралы есепті назарға алу туралы шешім қабылдады.

«ЖАҚ» - жеті;

«ҚАРСЫ» - жоқ;

«ҚАЛЫС ҚАЛДЫ» - жоқ.

 

 

 

 

 

 

Жедел желі

Кері байланыс

Көмекші