Отырыстар

2025 жылғы 18 қарашада «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің күндізгі отырысы өтті

«KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің отырысына қатысқандар:

1.   Нұрлан Қаршығаұлы Жақыпов – «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы, «Самұрық-Қазына» АҚ өкілі.

2.   Нұрлан Заманбекұлы Аханзарипов – «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі, Аға тәуелсіз директор.

3.   Марат Тұрғанбекұлы Дұлқайыров – «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі, тәуелсіз директор.

4.   Дамир Серікбайұлы Сүентаев – «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі, тәуелсіз директор.

5.   Қаныш Тәңірбергенұлы Молдабаев – «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі, «Самұрық-Қазына» АҚ өкілі.

6.   Мирас Қапарғалиұлы Қияқов – «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі, «Самұрық-Қазына» АҚ өкілі.

7.   Нәби Еркінұлы Айтжанов – «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі, «KEGOC» АҚ Басқарма төрағасы.                             

Директорлар кеңесінің 2025 жылғы 18 қарашадағы отырысында Директорлар кеңесінің 2017 жылғы 13 шілдедегі (№ 6 хаттама) шешімімен бекітілген, «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесі қабылдаған шешімдер бойынша мәселелер тізбесіне сәйкес, олар туралы ақпарат акционерлер мен инвесторлардың назарына жеткізілуі тиіс 6 (алты) мәселе қаралды.

1. «KEGOC» АҚ-ның 2025 жылғы 30 қыркүйекте аяқталған тоғыз айдағы аралық қаржылық есептемесін мақұлдау туралы.

Директорлар кеңесі осы шешімнің қосымшасына сай «KEGOC» АҚ-ның 2025 жылғы 30 қыркүйекте аяқталған тоғыз айдағы аралық қаржылық есептемесін мақұлдау туралы шешім қабылдады.

«ЖАҚ» - жеті;

«ҚАРСЫ» - жоқ;

   «ҚАЛЫС ҚАЛДЫ» - жоқ.

 

2. Есептен шығаруға жататын «KEGOC» АҚ стратегиялық емес активтерінің тізбесін бекіту туралы.

Директорлар кеңесі осы шешімнің қосымшасына сәйкес есептен шығаруға жататын «KEGOC» АҚ стратегиялық емес активтерінің тізбесін бекіту туралы шешім қабылдады.

«ЖАҚ» - жеті;

«ҚАРСЫ» - жоқ;

«ҚАЛЫС ҚАЛДЫ» - жоқ.

 

3. «KEGOC» АҚ-ның 2026 жылға арналған тәуекел аймағын айқындау туралы.

Директорлар кеңесі мынадай шешім қабылдады:

1. Осы шешімнің қосымшасына сай 2026 жылы «KEGOC» АҚ жасыл тәуекел аймағына белгіленсін.  

2. «KEGOC» АҚ Басқарма төрағасы (Н.Е. Айтжанов) осы шешімді іске асыруға байланысты тиісті шараларды қабылдасын.

«ЖАҚ» - жеті;

«ҚАРСЫ» - жоқ;

«ҚАЛЫС ҚАЛДЫ» - жоқ.

 

4. «KEGOC» АҚ есептік саясатына өзгерістер мен толықтыруларды бекіту туралы.

Директорлар кеңесі осы шешімнің қосымшасына сай «KEGOC» АҚ есептік саясатына өзгерістер мен толықтыруларды бекіту туралы шешім қабылдады.

«ЖАҚ» - жеті;

«ҚАРСЫ» - жоқ;

«ҚАЛЫС ҚАЛДЫ» - жоқ.

 

5. «KEGOC» АҚ аудиторлық ұйымдардың қызметтерін тарту саласындағы саясаты ұйым стандартын (СТ KEGOC АҚ-406-25-ДК) жаңа редакцияда бекіту туралы.

Директорлар кеңесі мынадай шешім қабылдады:

1. «KEGOC» АҚ аудиторлық ұйымдардың қызметтерін тарту саласындағы саясаты (СТ KEGOC АҚ-406-25-ДК) осы шешімнің қосымшасына сай жаңа редакцияда бекітілсін.

2. «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің 2013 жылғы 28 қарашадағы шешімімен (№10 хаттама) бекітілген «KEGOC» АҚ сыртқы аудит жөніндегі саясаты ұйым стандартының (СТ KEGOC 00-406-13-ДК) күші жойылды деп танылсын.

 

«ЖАҚ» - жеті;

«ҚАРСЫ» - жоқ;

«ҚАЛЫС ҚАЛДЫ» - жоқ.

 

6. 2025 жылғы 3-тоқсандағы ірі инвестициялық жобаларды іске асыру жөніндегі есепті назарға алу туралы.

Директорлар кеңесі «KEGOC» АҚ-ның 2025 жылғы 3-тоқсандағы ірі инвестициялық жобаларын іске асыру туралы есепті назарға алу туралы шешім қабылдады.

«ЖАҚ» - жеті;

«ҚАРСЫ» - жоқ;

«ҚАЛЫС ҚАЛДЫ» - жоқ.

 

 

 

 

Жедел желі

Кері байланыс

Көмекші