«KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің отырысына қатысқандар:
1. Нұрлан Қаршығаұлы Жақыпов – «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы, «Самұрық-Қазына» АҚ өкілі.
2. Нұрлан Заманбекұлы Аханзарипов – «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі, Аға тәуелсіз директор.
3. Марат Тұрғанбекұлы Дұлқайыров – «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі, тәуелсіз директор.
4. Дамир Серікбайұлы Сүентаев – «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі, тәуелсіз директор.
5. Қаныш Тәңірбергенұлы Молдабаев – «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі, «Самұрық-Қазына» АҚ өкілі.
6. Мирас Қапарғалиұлы Қияқов – «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі, «Самұрық-Қазына» АҚ өкілі.
7. Нәби Еркінұлы Айтжанов – «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі, «KEGOC» АҚ Басқарма төрағасы.
Директорлар кеңесінің 2026 жылғы 24 ақпандағы отырысында Директорлар кеңесінің 2017 жылғы 13 шілдедегі (№ 6 хаттама) шешімімен бекітілген, «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесі қабылдаған шешімдер бойынша мәселелер тізбесіне сәйкес, олар туралы ақпарат акционерлер мен инвесторлардың назарына жеткізілуі тиіс 4 (төрт) мәселе қаралды.
1. «KEGOC» АҚ міндеттемелерін оның меншікті капиталының 10 (он) пайызы немесе одан да көп бөлігіне тең сомаға арттыру туралы» № 8 мәселе бойынша «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің 2023 жылғы 31 мамырдағы (№ 5 хаттама) шешіміне өзгерістер енгізу туралы» № 4 мәселе бойынша «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің 2024 жылғы 28 мамырдағы (№ 6 хаттама) шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
Директорлар кеңесі мынадай шешім қабылдады:
1. «KEGOC» АҚ міндеттемелерін оның меншікті капиталының 10 (он) пайызы немесе одан да көп бөлігіне тең сомаға арттыру туралы» № 8 мәселе бойынша «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің 2023 жылғы 31 мамырдағы (№ 5 хаттама) шешіміне өзгерістер енгізу туралы» № 4 мәселе бойынша «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің 2024 жылғы 28 мамырдағы (№ 6 хаттама) шешіміне өзгерістер енгізу туралы» шешімінің 1-тармағына түзету енгізілсін:
1-тармақтың 2.3) тармақшасы келесі редакцияда жазылсын:
«пайыздық мөлшерлеме – TONIA/бекітілген мөлшерлеме (қарыз алушының таңдауы бойынша) + жылына 2%, сондай-ақ «АДБ қаржыландыру мөлшерлемесі» терминімен көрсетілген (кредиттік келісімде анықталғандай) Азия Даму Банкінің барлық қаржыландыру шығындары».
2. «KEGOC» АҚ Басқарма төрағасы (Н.Е. Айтжанов) осы шешімнен туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.
«ЖАҚ» - жеті;
«ҚАРСЫ» - жоқ;
«ҚАЛЫС ҚАЛДЫ» - жоқ.
2. 2025 жылғы төртінші тоқсандағы ірі инвестициялық жобаларды іске асыру жөніндегі есепті назарға алу туралы.
Директорлар кеңесі «KEGOC» АҚ-ның 2025 жылғы төртінші тоқсандағы ірі инвестициялық жобаларын іске асыру туралы есепті назарға алу туралы шешім қабылдады.
«ЖАҚ» - жеті;
«ҚАРСЫ» - жоқ;
«ҚАЛЫС ҚАЛДЫ» - жоқ.
3. «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесін мүшелерінің біліктілігін арттырудың 2026 жылға арналған жоспарын бекіту туралы
Директорлар кеңесі мынадай шешім қабылдады:
1. Осы шешімнің қосымшасына сай «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесін мүшелерінің біліктілігін арттырудың 2026 жылға арналған жоспары бекітілсін.
2. Корпоративтік хатшы (О.Ж. Имятов) осы шешімді іске асырумен байланысты қажетті шараларды қабылдасын.
«ЖАҚ» - жеті;
«ҚАРСЫ» - жоқ;
«ҚАЛЫС ҚАЛДЫ» - жоқ.