Туған күні: 23.01.1978 жылы туған, Қазақстан Республикасының азаматшасы
Білімі:
1999 жылы Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетін «Қаржы және несие, Банк ісі» мамандығы бойынша, 2009 жылы – «Московская международная высшая школа бизнеса «Мирбис» мемлекеттік емес білім беру мекемесінің Халықаралық бизнес университетін «Қаржы және несие» мамандығы бойынша «Іскери әкімшілендіру мастері» академиялық дәрежесі, біліктілігі беріле отырып, тәмамдады.
2009ж. Кәсіби бухгалтер сертификаты (ҚР Кәсіби бухгалтерлер мен аудиторлар институты)
«Планирование и бюджетирование-2» курсын сәтті өткені туралы сертификат
Academy of Business Ernst & Young
2015ж. Бизнес тиімділігін басқару саласындағы сертификат (CIMA дипломы)
2015ж. бастап осы уақытқа дейін АССА студенті (F1 – F7)
2017ж. Online Language studio тілдік курстардан өткені туралы сертификат
2018ж. «Қазынашылық» және «Корпоративтік қаржы» бизнес-процестерінің нысаналы моделін енгізу» сертификаты
2019ж. ҚР Кәсіби бухгалтерлерінің біліктілігін арттыру бойынша сертификат, 80 сағат (Қазақстанның бухгалтерлер және бухгалтерлік ұйымдар одағы)
«Самұрық-Қазына» корпоративтік университетінің Стратегиялық менеджмент курсынан сәтті өткені туралы сертификат
«Айтилект» ЖШС-ның «Цифрлық басшы» курсын сәтті өткені туралы сертификат
2020ж. «Корпоративтік басқарудағы ішкі бақылау және тәуекелдерді басқару жүйесінің рөлі» KPMG сертификаты
«KEGOC» АҚ акцияларына иелік етпейді.
«KEGOC» АҚ-дағы функциялары: «KEGOC» АҚ-ның қаржы-экономикалық қызметі; ұзақ мерзімді өзгерістерді және бизнесті дамытудың жаңа мүмкіндіктерін, қысқа, орта және ұзақ мерзімді бизнес-жоспарларды, теңгерімдер мен ақша ағындарының болжамдарын болжау; инвесторлармен өзара қарым-қатынас; Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен, Қазақстан қор биржасымен, банктермен, сақтандыру ұйымдарымен, рейтингтік агенттіктермен, аудиторлық компаниялармен және т.б. ынтымақтастық, «KEGOC» АҚ акцияларының KASE ресми тізімінде болу процесіне басшылық ету және үйлестіру; «KEGOC» АҚ шоғырландырылған аудиттелген жылдық қаржылық есептемесі.
Еңбек қызметі:
2000 ж. бастап – 2005жж. «Қазпочта» АҚ Экономикалық талдау және жоспарлау департаментінің жетекші маманы, бас маманы, Маркетинг басқармасының менеджері, Басқарма бастығының орынбасары – Баға белгілеу бөлімінің бастығы, Маркетинг басқармасының бастығы, Маркетинг және сату департаменті директорының орынбасары;
2005 ж. бастап – 2006жж. «Меркурий» ЖШС Инвестициялық жобаларды талдау басқармасы бастығының орынбасары
2006ж. бастап – 2008жж. «Entertainment Development» ЖШС, «Bridge Town» ЖШС, «Trading@Prodacts» ЖШС, «Capital investment fund» ЖШС, «Меркурий-Инвест» ЖШС қаржы директоры.
2008 ж. бастап – 2021жж. «Самұрық-Энерго» АҚ Экономикалық талдау және жоспарлау департаментінің, Стратегиялық даму департаментінің, «Экономика және жоспарлау» департаментінің, «Стратегиялық жоспарлау және экономикалық талдау» департаментінің директоры.
2021ж. бастап – 2022 жж. «Самұрық-Энерго» АҚ Экономика және қаржы жөніндегі серіктес басқарушы директоры
2022ж. сәуірден бастап «KEGOC» АҚ Қаржы және есепке алу жөніндегі басқарушы директоры.
Наградалары мен дәрежелері:
· «Самұрық-Энерго» АҚ Құрмет грамотасы (2009ж.)
· «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл» (2011ж.)
· «Самұрық-Қазына» АҚ Құрмет грамотасы (2012ж.)
ҚР Құрметті энергетигі (2016ж.)
«Самұрық-Энерго» АҚ Құрмет грамотасы (2017ж.)
ТМД ЭЭК Құрмет грамотасы (2017ж.)
Энергетика министрлігінің Құрмет грамотасы (2018ж.)
«Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 30 жыл» мерекелік медалі (2021ж.)