Жалдау саясаты

Іздеу және іріктеу біліктілік деңгейіне, кәсіби, іскерлік және жеке қасиеттеріне қойылатын талаптарға сәйкес келетін лайықты кандидаттарды тағайындауға бағытталған. Кандидаттарды таңдау меритократия, ашықтық және объективтілік қағидаттарын сақтай отырып, конкурстық іріктеу нәтижелері бойынша жүзеге асырылады. 

«КЕGOC» АҚ барлық кандидаттарға олардың ұлттық және нәсілдік қатыстылығына, жынысына, жасына, отбасылық және әлеуметтік жағдайына немесе басқа да ерекше қасиеттеріне қарамастан тең мүмкіндіктер ұсынады.

Білікті мамандарды іздеу мен іріктеудің көздері мен әдістері мыналар болуы мүмкін:

  • таланттар пулы;
  • ішкі кандидаттар (Компанияның/еншілес ұйымдардың жұмыскерлері);
  • «Самұрық-Қазына» АҚ тобының жұмыскерлері;
  • «Samruk Qyzmet» Бірыңғай онлайн рекрутинг платформасында қалыптастырылған кандидаттардың электрондық дерекқоры;
  • әртүрлі кәсіптік бағыттар бойынша үміткерлердің түйіндемелерін жинау және талдау арқылы қалыптастырылған мамандардың электрондық базасы;
  • «Самұрық-Қазына» АҚ қамқорлығымен жүзеге асырылатын жас мамандарды дамыту/дарындарды басқару бойынша бағдарламалар түлектерінің электрондық дерекқоры;
  • веб-сайтта, салалық қауымдастықтарда, әлеуметтік желілерде жарнаманы орналастыру;
  • іскери байланыстарды, ұсынымдарды пайдалану;
  • рекрутингтік компанияларды тарту.

 

2020

2021

2022

2023

2024

Жалданған қызметкерлердің жалпы саны

343

451

551

543

403

Таланттар пулы

14

19

21

12

13 

Ішкі кандидаттар

5

17

34

61

33

Рекрутингтік компанияларды тарту, соның ішінде «Samruk Qyzmet» рекрутинг кандидаттарының электрондық базасы

80

107

192

170

143

 - соның ішінде сұхбаттасуды және СЕО-1 деңгейіндегі лауазымдарға үміткерлердің құзыреттілігін бағалауды қолданумен

2

3

4

1

Бір адамнан сұхбат алуға жұмсалған шығындар, млн теңге

0,49

0,65

0,42

0,43

0,50

Жас мамандарды дамыту/дарындарды басқару жөніндегі бағдарламалар түлектерінің электрондық базасы

2

0

3

0

0

Әртүрлі кәсіптік бағыттар бойынша кандидаттардың түйіндемелерін жинау және талдау арқылы қалыптастырылған мамандардың электрондық базасы

242

308

301

247

221

Жедел желі

Кері байланыс