Әлеуметтік қолдау

Компанияның қызметкерлерді әлеуметтік қолдау жөніндегі қызметі мынадай ішкі құжаттармен реттеледі:

  • Ұжымдық шарт;
  • «KEGOC» АҚ-ның 2018-2028 жылдарға арналған Кадрлық саясаты;
  •  Қызметкерлерге әлеуметтік қолдау көрсету қағидалары;
  •  Қызметкерлердің еңбегін көтермелеу және тану туралы қағидалар.

Жоғарыда аталған саясаттар компанияның барлық қызметкерлеріне, соның ішінде уақытша қабылданған қызметкерлерге және толық емес жұмыс уақытында жұмыс істейтіндерге қолданылады.

Көрсетілген құжаттарға сәйкес «КЕGOC» АҚ қызметкерлеріне әлеуметтік қолдаудың келесі түрлерін көрсету көзделеді:

  1. материалдық көмек;
  2. өтемдік төлемдері;
  3. тұрғын үй мәселелерін шешуге жәрдемдесу.

«КЕGOC» АҚ тиімді жұмыс үшін қолайлы жағдайлар жасау, бейілділікті арттыру мақсатында Компания жұмыскерлеріне жыл сайынғы ақылы еңбек демалысын беру кезінде сауықтыру үшін, мерейтойға, баланың туылуына, жұмыскердің, жұмыскердің отбасы мүшелерінің және «KEGOC» АҚ-да есепте тұрған зейнеткердің қайтыс болуына байланысты, мүгедектік тобына және жасына қарамастан, жұмыскер мен мүгедек балаларды, бала кезінен мүгедектерді медициналық емдеуге ақы төлеу бойынша материалдық көмек көрсетеді. Зейнеткерлік жастағы жұмыскерлерге зейнетке шыққан кезде өтемақы төленеді.

Сонымен қатар «KEGOC» АҚ жүктілікке және босануға, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуға байланысты, табысынан айырылған жағдайда әлеуметтік төлем сомасын шегергендегі орташа жалақысын сақтай отырып, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алған қызметкерлерге, жүктілікке және босануға байланысты демалысын Қазақстан Республикасының Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы заңнамасына сәйкес төлейді.

Компания келесі жағдайларда жалақының сақталуымен әлеуметтік демалыстар береді: некені тіркеу, баланың туылуы, жақын туыстарын жерлеу, мерейтойға байланысты (жасы 50-ге, 60-қа жетуі); жасы 6-дан 9-ға дейінгі балаларды тәрбиелеп отырған әйелдерге, жалғызбасты әкелер мен қамқоршыларға — оқу жылының басталуының бірінші күні, мектеп бітіруші оқушылардың ата-аналарына — мектеп «соңғы қоңырау» өткізген күні — 1 (бір) күн. Сондай-ақ, жасы 18-ге дейінгі мүгедек балалары бар ата-аналарға профилактикалық егулер жүргізу үшін орташа жалақысының сақталуымен демалыс күндері беріледі.

Бұдан басқа, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес Компания баланың жасы үшке толғанға дейін оның күтімі бойынша жалақысы сақталмайтын демалысты:

  • ата-анасының таңдауы бойынша — баланың анасына немесе әкесіне;
  • бала тәрбиелеп отырған бір ата-анаға; ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланы іс жүзінде тәрбиелеп отырған басқа туысына немесе қамқоршысына;
  • жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуға алған жұмыскерге береді.

Қызметкер бала 3 жасқа толғанға дейінгі демалысты толық немесе бөлшектеп пайдалана алады. Демалыс кезінде оның жұмыс орны (лауазымы) сақталады. Егер қызметкер демалыс мерзімі аяқталмай жұмысқа шыққысы келсе, ол жұмыс берушіні бұл туралы бір ай бұрын хабардар етеді. Осылайша, 2024 жылы мұндай демалыс 37 қызметкерге берілді (1 ер адам және 36 әйел). 2024 жылы бала күтімі демалысынан 29 әйел және 2 ер адам жұмысқа қайта оралды. Еңбек заңнамасына сәйкес 2024 жылы 1,5 жасқа дейінгі балалары бар 2 әйелге немесе аналарсыз бала тәрбиелеп отырған әкелерге бала (балаларды) тамақтандыруға қосымша үзілістер берілді.

2024 жылы «KEGOC» АҚ-ның жеңілдетілген несие беру бағдарламасының 3-кезеңі жүзеге асырылды, ол Компания үшін аса қажетті білікті кадрларды ұстап қалу және тарту мақсатында қызметкерлерге әлеуметтік қолдау көрсетуге бағытталған. Нәтижесінде, 2024 жылы 9 қызметкер баспана сатып алды. Сонымен қатар, есептік жылы Компания тұрғын үйді төлеуге кеткен шығындардың бір бөлігін өтеу арқылы 141 қызметкерге тұрғын үй мәселелерін шешуге жәрдем көрсетті, жалпы сома — 182,7 млн теңге.

2024 жылы Компания қызметкерлеріне әлеуметтік қолдау көрсетуге бағытталған қаражат көлемі 829,2 млн теңгені құрады.

Компания қызметкерлеріне еңбекақы төлеуді, әлеуметтік қолдауды, оқыту мен т.б. қоса алғанда, жалпы шығындар көлемі 2024 жылы 43,6 млрд теңгені құрады (2019 жылы – 23,2 млрд теңге, 2020 жылы – 25,2 млрд теңге, 2021 жылы – 26,2 млрд теңге, 2022 жылы – 31,8 млрд теңге, 2023 жылы – 37,5 млрд теңге).

Жедел желі

Кері байланыс