Компания нақты нәтижелерге қол жеткізу үшін жұмыскерлердің әлеуетін дамытуға көмектесетін тиімділікті басқару жүйесін жетілдіруде. Компанияның тиімділікті басқару жүйесін дамытудағы негізгі мақсаттары:
Жұмыскерлердің тиімділігін бағалау меритократия қағидаттарына негізделген және жүйелі түрде жүргізіледі: тоқсандық және жылдық — есепті жылдағы жұмыскердің қызмет нәтижелері мен құзыреттері (құзыреттер үлгісіне сәйкес) бойынша кешенді бағалау.
2023 жылдың қорытындысы бойынша Компания жұмыскерлерінің 2024 жылы қызметінің кешенді бағалауынан өткен «КЕGОС» АҚ жұмыскерлерінің саны 1 991 жұмыскерді немесе Компанияның тізімдік санының 51%-ын құрады. Соның ішінде: 424 ӘБҚ жұмыскері мен 1 567 ӨҚ жұмыскері.