Персоналды дамыту

«KEGOC» АҚ-да жұмыскерлерді оқытуға және дамытуға бағытталған инвестициялар Компанияның стратегиялық мақсаттарына қол жеткізудегі қажеттіліктеріне сәйкес келеді. Әрбір жұмыскер жеке даму жоспарына сәйкес 70/20/10 қағидатының негізіндегі өзінің оқуы мен дамуына жауапты болады.

Білімді жүйелеу, жоғары сапалы кадрлық әлеуетті құру өздігінен даму, оқыту іс-шаралары, тәлімгерлік, коучинг, іске асырылып жатқан жобалар, кәсіби қоғамдастықтарды қалыптастыру арқылы жүзеге асады.

Жеке даму жоспарларының ескерілуімен қажеттіліктерді жинау және талдау нәтижелері бойынша «KEGOC» АҚ-ның 2024 жылға арналған персоналды оқыту жоспары және «KEGOC» АҚ-ның 2024 жылға арналған персоналдың кәсіптік құзыреттерін дамыту бағдарламасы қалыптастырылып бекітілді.

Персоналды оқыту заманауи оқыту әдістерінің бүкіл спектрінің пайдаланылуымен жүзеге асырылады: бизнес-практикумдер, семинарлар, тренингтер, тағылымдамалар, біліктілікті арттыру, кәсіптік даярлау және қайта даярлау бағдарламалары, форумдар, конференциялар.

Есептік жылы 2 582 жұмыскер оқытудан өтті, бұл жұмыскерлердің тізімдік санының 57,4%-ын құрайды. «КЕGOC» АҚ-ның 2024 жылы оқуға жұмсалған нақты шығындары 327,4 млн теңгені құрады.

 

ӘБҚ

ӨҚ

Ерлер

105    

2 037

Әйелдер

205

235

ЖИЫНЫ

310

2 272

2024 жылы 1 жұмыскерге шаққандағы оқу сағаттарының орташа жылдық саны 41,23 сағатты құрады. Оқу сағаттарының жалпы саны 105 003 сағатты құрады.

 

Ерлер

Әйелдер

ӘБҚ

ӨҚ

Оқу сағаттарының жалпы саны

83 473

21 530

18 345

86 658

1 жұмыскерге шаққандағы оқу сағаттарының орташа саны

32,8

8,5

7,2

34


Есептік жылы бекітілген оқу жоспарына сәйкес персоналды оқыту 327,4 млн теңге жалпы сомасына жүргізілді.

Тақырыптары

млн теңге

Электр энергетикасы, үйлестіру, релейлік қорғау

56,8

Еңбек қауіпсіздігі мен өндірістік қауіпсіздік және міндетті оқыту

38,9

Телекоммуникациялар және ақпараттық технологиялар

21,6 

Қаржы, экономика, бухгалтерлік есеп

15,9

Экология және ESG

5

Капиталдық құрылыс

5,4    

Өзгелері 

43,7

Жиыны (іссапар шығыстарын қоспағанда) 

187,33    


Компанияда 2024 жылы келесі бағдарламалар іске асырылды:

Soft skills дамыту бағдарламасы

Бағдарлама сипаттамасы

Тренингтер сериясы келесі тақырыптарда: 

  • Қоғам алдында сәтті сөйлеу және БАҚ-пен өзара әрекет; 
  • Келіссөздер жүргізу дағдылары, ішкі коммуникациялар және таймменеджмент.
Бизнес-артықшылықтар
  • Ішкі коммуникация сапасын арттыру; 
  • Компанияның қоғамдық имиджін жақсарту; 
  • Еңбек өнімділігін арттыру; 
  • Қақтығыстар деңгейін төмендету және командалық тиімділікті арттыру.
«Жеті Қадам» бағдарламасы

Бағдарлама сипаттамасы
  • Жас көшбасшыларды дамытуға арналған модульдік бағдарлама. Басқарушылық, стратегиялық және командалық дағдыларды дамыту мақсатында 5 жас маман қатысты.
Бизнес-артықшылықтар
  • Кадр резервін қалыптастыру; 
  • Жастардың тартылуын арттыру;
  • Болашақ басшыларды дайындау; 
  • Келешегі зор кадрларды жоғалту қаупін азайту.

«KEGOC» АҚ-да ТАЛАНТТАРДЫ БАСҚАРУ

Жедел желі

Кері байланыс