Отырыстар

2022 жылғы 3 наурызда «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің күндізгі отырысы өтті

«KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің отырысына қатысқандар:

1. Тиесов Сүйіншілік Әмірхамзаұлы – «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы.
2. Егімбаева Жанна Дачерқызы - «Самұрық-Қазына» АҚ өкілі, «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі.
3. Аханзарипов Нұрлан Заманбекұлы – «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі, тәуелсіз директор.
4. Бекенов Жанбота Темірғалиұлы – «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі, тәуелсіз директор.
5. Ульф Вокурка – «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі, тәуелсіз директор.
6. Бердіғұлов Ернат Құдайбергенұлы - «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі, «Самұрық-Қазына» АҚ өкілі.
7. Молдабаев Қаныш Тәңірбергенұлы – «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі, «KEGOC» АҚ Басқарма төрағасы.

«KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің 2022 жылғы 3 наурыздағы отырысында Директорлар кеңесінің 2017 жылғы 13 шілдедегі шешімімен (№ 6 хаттама) бекітілген «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесі қабылдаған шешімдер бойынша мәселелер тізбесіне сәйкес акционерлер мен инвесторлардың назарына жеткізілуі тиіс 2 (екі) мәселе қаралды, мына мәселелер бойынша ақпаратты жолдаймыз.

1. «KEGOC» АҚ Атқарушы дирекциясының ұйымдық құрылымына және «KEGOC» АҚ Атқарушы дирекциясы қызметкерлерінің жалпы санына өзгерістерді бекіту туралы.
Директорлар кеңесі мынадай шешім қабылдады:
       1. Директорлар кеңесінің 2021 жылғы 30 қарашадағы шешімімен (№13 хаттама) бекітілген Атқарушы дирекцияның ұйымдық құрылымына өзгерістер осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.
        2. «KEGOC» АҚ Атқарушы дирекциясы қызметкерлерінің жалпы саны 354 штат бірлігі болып бекітілсін.
        3. Осы шешімнің 1 және 2-тармақтары 2022 жылғы 4 сәуірден бастап қолданысқа енгізілсін.
        4. Басқармаға Директорлар кеңесіне Қорды реформалау жөніндегі іс-шаралар жоспары (2022 жылғы II тоқсан) шеңберінде берілген «Самұрық-Қазына» АҚ тапсырмасына сәйкес 2022 жылдың ішінде «KEGOC» АҚ Атқарушы дирекциясындағы әкімшілік-басқарушы персонал мен басшы қызметкерлер санын одан әрі оңтайландыру жөнінде ұсыныстар беру тапсырылсын.
        5. «KEGOC» АҚ Басқарма төрағасы (Молдабаев) осы шешімнен туындайтын, оның ішінде еңбек жағдайлары өзгеретін немесе лауазымдары қысқаратын қызметкерлерге қатысты Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасын сақтау бойынша қажетті шараларды қабылдасын.
«ЖАҚ» - жеті;
«ҚАРСЫ» - жоқ;
«ҚАЛЫС ҚАЛДЫ» - жоқ.

2. «КЕGOC» АҚ Директорлар кеңесі бекіткен «КЕGOC» АҚ кейбір ішкі нормативтік құжаттарына өзгерістер мен толықтыруларды бекіту туралы.
Директорлар кеңесі мынадай шешім қабылдады:
1. «КЕGOC» АҚ Директорлар кеңесі бекіткен «КЕGOC» АҚ мына ішкі нормативтік құжаттарына:
     1) «КЕGOC» АҚ бастамашылықпен ақпарат беру саясаты ұйым стандартына (СТ KEGOC 00-208-19-СД) осы шешімнің 1- қосымшасына сай;
     2) «КЕGOC» АҚ-да алаяқтық пен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саясаты ұйым стандартына (СТ KEGOC 00-204-19-СД) осы шешімнің 2- қосымшасына сай;
     3) «КЕGOC» АҚ лауазымдық тұлғалары мен қызметкерлерінің мүдделері қайшылығын реттеу саясаты ұйым стандартына (СТ KEGOC 00-407-14-СД) осы шешімнің 3- қосымшасына сай;
     4) «КЕGOC» АҚ Директорлар кеңесіне/Комитетіне материалдар мен есептерді (ақпаратты) ұсыну регламентіне (Р KEGOC 00-211-18-СД) осы шешімнің 4- қосымшасына сай;
      5) «КЕGOC» АҚ Комплаенс-офицері туралы ережеге (П KEGOC 00-210-21-СД) осы шешімнің 5- қосымшасына сай);
      6) «КЕGOC» АҚ Басқармасы туралы ережеге (П KEGOC 00-313-16-СД) осы шешімнің 6- қосымшасына сай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін.
2. «KEGOC» АҚ Басқарма төрағасы (Молдабаев К.Т.) осы шешімнен туындайтын тиісті шараларды қабылдасын.
«ЖАҚ» - жеті;
«ҚАРСЫ» - жоқ;
«ҚАЛЫС ҚАЛДЫ» - жоқ.

Тізімге қайту

Жедел желі

Кері байланыс