Отырыстар

2021 жылғы 19 қаңтарда «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің күндізгі отырысы өтті

«KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің отырысына байланыстың техникалық құралдарын пайдалана отырып (бейнеконференция сеансы режимінде), қатысқандар:

1.   Сәтқалиев Алмасадам Майданұлы - «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы, «Самұрық-Қазына» АҚ Активтерді басқару дирекциясының басшысы – басқарушы директор.

2.  Тиесов Сүйіншілік Әмірхамзаұлы -«KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі, «Самұрық-Қазына» АҚ өкілі.

3.  Егімбаева Жанна Дачерқызы - «Самұрық-Қазына» АҚ өкілі, «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі.

4.  Аханзарипов Нұрлан Заманбекұлы –«KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі, тәуелсіз директор.

5.  Доминик Фаш - «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі, Технопарк София Антиполис Директорлар кеңесінің мүшесі, «РТФ» АҚБ Директорлар кеңесінің төрағасы.

6.  Бекенов Жанбота Темірғалиұлы – «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі, тәуелсіз директор.

7.  Қажиев Бақытжан Төлеуқажыұлы – «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі, «KEGOC» АҚ Басқарма төрағасы.

Директорлар кеңесінің 2021 жылғы 19 қаңтардағы отырысында Директорлар кеңесінің 2017 жылғы 13 шілдедегі (№ 6 хаттама) шешімімен бекітілген «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесі қабылдаған шешімдер бойынша мәселелер тізбесіне сәйкес, олар туралы ақпарат акционерлер мен инвесторларға жеткізілуі тиіс 2 (екі) мәселе қаралды. Мына мәселелер бойынша ақпарат жіберіп отырмыз.

1.  «KEGOC» АҚ Акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысын шақыру туралы.

Директорлар кеңесі мынадай шешімдер қабылдады:

1.  «KEGOC» АҚ Акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысы күндізгі дауыс беру нысанында 2021 жылғы «23» ақпанда сағат 11: 30-да Нұр-сұлтан қаласы, Алматы ауданы, Тәуелсіздік даңғылы, 59-ғимарат мекенжайы бойынша шақырылсын.

2.  «KEGOC» АҚ Акционерлерінің қайталама кезектен тыс жалпы жиналысының өткізілетін күні («KEGOC» АҚ Акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысының бірінші отырысында кворум болмаған жағдайда) 2021 жылғы «24» ақпанға 11 сағат 30 минутқа осы шешімнің 1-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша белгіленсін.

3.  «KEGOC» АҚ Акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысының күн тәртібіне мына мәселе енгізілсін:

-  «KEGOC» АҚ Басқарма төрағасының уәкілеттік мерзімін белгілеу туралы».

4.  «KEGOC» АҚ Басқарма төрағасы (Қажиев Б.Т.) осы шешімге қатысты тиісті шараларды қабылдасын.

 «ЖАҚ» - жеті;

«ҚАРСЫ» - жоқ;

«ҚАЛЫС ҚАЛДЫ» - жоқ.

2. Жабдыққа жедел және пайдалану қызметін көрсету бойынша жұмыстарды ұйымдастыру шарттарына қол қою арқылы 2021 жылға жасалуында мүдделілік бар мәмілелер жасасу туралы.

Директорлар кеңесі мынадай шешімдер қабылдады:

Күн тәртібінің мәселесін және ұсынылған материалдарды қарап, Жарғының 27-бабы 4-тармағы 19) тармақшасының үшінші абзацына сәйкес, Директорлар кеңесі ШЕШТІ:

1.  «KEGOC» АҚ белгіленген тәртіпте:

1) «KEGOC» АҚ «Ақтөбе ЖЭТ» филиалы мен «Батыс транзит» АҚ арасында 500 кВ «Өлке» ҚС 220 кВ АТҚ-да орнатылған «Батыс транзит» АҚ жабдығына және 200кВ «Өлке-Қазхром-1» және «Өлке-Қазхром-2» ӘЖ электр жеткізу желісіне пайдалану қызметін көрсету бойынша жұмыстарды ұйымдастыруға;

2) «KEGOC» АҚ «Ақтөбе ЖЭТ» филиалы мен «Батыс транзит» АҚ арасында 500 кВ «Өлке» ҚС 500 кВ АТҚ-да орнатылған «Батыс транзит» АҚ жабдығына және 500кВ «Жітіқара-Өлке» ӘЖ электр жеткізу желісіне пайдалану қызметін көрсету бойынша жұмыстарды ұйымдастыруға;

3) «KEGOC» АҚ «Сарыбай ЖЭТ» филиалы мен «Батыс транзит» АҚ арасында 500 кВ «Жітіқара» ҚС 500 кВ АТҚ-да орнатылған «Батыс транзит» АҚ жабдығына және 500кВ «Жітіқара-Өлке» ӘЖ электр жеткізу желісіне пайдалану қызметін көрсету бойынша жұмыстарды ұйымдастыруға;

4) «KEGOC» АҚ «Батыс ЖЭТ» филиалы мен «Каспийский Трубопроводный Консорциум-К» ЖШС арасында 220 кВ «Атырау» ҚС-да орнатылған (220 кВ-тан 2 ұяшық) «Каспийский Трубопроводный Консорциум-К» ЖШС жабдығына пайдалану қызметін көрсету бойынша жұмыстарды ұйымдастыруға;

5) «KEGOC» АҚ «Батыс ЖЭТ» филиалы мен «Тенгизшевройл» ЖШС арасында 220 кВ «Құлсары» ҚС-да орнатылған (10 кВ-тан 2 ұяшық) «Тенгизшевройл» ЖШС жабдығына пайдалану қызметін көрсету бойынша жұмыстарды ұйымдастыруға;

6) «KEGOC» АҚ «Орталық ЖЭТ» филиалы мен «Казахстанско-Китайский Трубопровод» ЖШС арасында 220 кВ «Балхаш» ҚС-да орнатылған (110 кВ-тан 2 ұяшық) «Казахстанско-Китайский Трубопровод» ЖШС жабдығына пайдалану қызметін көрсету бойынша жұмыстарды ұйымдастыруға;

7) «KEGOC» АҚ «Орталық ЖЭТ» филиалы мен «Казахстанско-Китайский Трубопровод» ЖШС арасында 500 кВ «Ағадыр» ҚС-да орнатылған (трансформатор Т-2, 220кВ-тық 1 ұяшық, 35 кВ-тық 6 ұяшық, 10 кВ-тық 5 ұяшық) «Казахстанско-Китайский Трубопровод» ЖШС жабдығына пайдалану қызметін көрсету бойынша жұмыстарды ұйымдастыруға;

8) «KEGOC» АҚ «Орталық ЖЭТ» филиалы мен «ПетроКазахстан Кумколь Ресорсиз» ЖШС арасында 220 кВ «Құмкөл» ҚС-да орнатылған (220кВ-тық 2 ұяшық, 6 кВ-тық 2 ұяшық) «ПетроКазахстан Кумколь Ресорсиз» ЖШС жабдығына пайдалану қызметін көрсету бойынша жұмыстарды ұйымдастыруға;

9) «KEGOC» АҚ «Орталық ЖЭТ» филиалы мен «СП Казгермунай» ЖШС арасында 220 кВ «Құмкөл» ҚС-да орнатылған (6кВ-тық 2 ұяшық) «СП Казгермунай» ЖШС жабдығына пайдалану қызметін көрсету бойынша жұмыстарды ұйымдастыруға;

10) «KEGOC» АҚ «Оңтүстік ЖЭТ» филиалы мен «Казахстанско-французское совместное предприятие «Катко» ЖШС арасында 220 кВ «Шолақ-Қорған» ҚС-да орнатылған (110кВ-тық 2 ұяшық) «Казахстанско-французское совместное предприятие «Катко» ЖШС жабдығына пайдалану қызметін көрсету бойынша жұмыстарды ұйымдастыруға шарттар жасасу арқылы «КЕGОС» АҚ-ның жасалуында мүдделілігі бар мәмілелерді жасассын (осы хаттаманың № 1-10 қосымшалары):

2.  «KEGOC» АҚ Басқарма төрағасы (Қажиев Б.Т.) осы шешімге қатысты тиісті шараларды қабылдасын.

 «ЖАҚ» - үш;

«ҚАРСЫ» - жоқ;

«ҚАЛЫС ҚАЛДЫ» - жоқ.


Тізімге қайту

Жедел желі

Кері байланыс